Сабақтың тақырыбы: м а т а с у



жүктеу 42.85 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі42.85 Kb.
түріСабақ

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Қарашоқат орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ахет гүлден Ермекбайқызы

Тел: 87025314469 87133578871

Сыныбы:7

Сабақтың тақырыбы: М а т а с у

Сабақтың мақсаты:

А) Оқушыларға сөз тіркесінің байланысу түрлері ерекшелігін меңгерте отырып, теориялық білімін арттыру.

Ә) Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, ұжымшылдыққа тәрбиелеу, өз- өзін басқара білуге дағдыландыру.

Б) Қоршаған ортаны аялай білуге, туған жерін қадірлей білуге, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: слайд

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасы:

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

І. Бізден сұрақ – сізден жауап.

1. Синтаксис ғылымы нені зерттейді?

2. Сөз тіркесі дегеніміз не?

3. Сөз тіркесінің күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерден айырмашылықтарын ата.

4. Сөз тіркесінің түрлерін ата .

5. Сөз тіркесінің айрықша белгілерін ата.

6. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін ата.
ІІ.Ой қозғау

«Адамға екі-ақ нәрсе тірек- тегі

Тілі және білімі жүректегі » (Ж. Баласұғын)

ІІІ. Білім- жанып тұрған шырақ
Сөз тіркесінің байланысу түрлері

Түрі

Қиысу

Матасу

Меңгеру

Қабысу

Жанасу

Ережесі

Сөздердің жіктік жалғауы арқылы байланысуы.

Немесе бастауыш пен баяндауыштың байланысуы

1. Ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы.

2. Кейде ілік септігі түсіріліп беріледі

Сөздердің ілік септіктен басқа септіктердің жалғаулары арқылы байланысуы

Сөздердің ешбір жалғаулықсыз тек орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланысуы. Олардың арасына басқа сөз енгізуге келмейді.

Сөздердің ешбір жалғаулықсыз бірде іргелес , бірде алшақ тұрып байланысуы. Негізінен үстеу мен етістік жанаса байланысады.

Мысылы

І. Мен жазушымын

ІІ. Сен бала-сың

ІІІ. Біз барған-быз

Бала –ның үй-і, біз-дің гүл-іміз.

Ауыл тұрғындары

Су-ды төкті. Ағасы –на берді.

Біз-ден сұрады.

Қара қалам, қызықты оқиға, төрт батыр, алтын сағат.

Кеше болды, әдейі келді, сол арқылы білдім.

Екі оқушы шығып тірек сызба бойынша сабақты түсіндіріп береді.
ІҮ. Тапсырмаларды орындау

І. Берілген сөйлемдерден матасуды, қиысуды тауып белгілеңіз.
1. Көктемнің алтын арай күн сәулесі қар суына жалт –жұлт етіп шағылысады.

2. Әнші құстар аспан көгінде шарықтап, көктем әнін салады

3. Томпаң қаққан балалар көктемнің көркі болған қызғалдақтарды түбінен борт- борт жұлып, жарыса терді.
ІІ. Берілген сөз тіркесін қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар. Сөйлемде матасу, қиысу барына назар аударыңдар.
Ауылдың жаны, ұшқан құстар, жайқалып тұрды, кештің сәні, тал отырғызылды .
ІІІ. Жаттығу жұмысын орындау
260-жаттығу

Матаса байланысқан сөз тіркесін тауып жазыңыздар. Әрбір сыңарының қандай сөз таптарынан болып тұрғанын анықтаңдар.
ІҮ. Семантикалық карта




Мысалдар

Қиысу

Матасу

Тұрақты сөз тіркесі

Күрделі сөз

1.

Сабақ оқыды .

 

 

 

 

2.

Сәкеннің әні.

 

 

 

 

3.

Сынып бұрышы.

 

 

 

 

4.

Сендер сөйлеңдер.

 

 

 

 

5.

Жұлдызы жанды.

 

 

 

 

6.

Асанның досы.

 

 

 

 

7.

Қолы ашық.

 

 

 

 


Ү. Шығармашылық жұмыс

«Көктемгі сенбілік» мәтін құрау
ҮІ. Ой қорыту
« Түйсік болып, қансаң білім нәріне-

Жетер қолың ой-тілектің бәріне » (Ж. Баласұғын)
ҮІІ. Үйге тапсырма: 261 жаттығу
ҮІІІ . Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет