Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау – ертеңді ойлау



жүктеу 59.97 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі59.97 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:    Менің болащақ мамандығым Сабақтың мақсаты: білімдік - оқушыларға кәсіптік мамандық атаулары туралы түсінік беру, тақырып туралы әңгімелеу, қойылған сұрактарға толық жауап беру, тапсырмаларды орындау; дамытушылық -танымдылық білімдерін толықтыру,оқушылардың сөйлеу, жазба тілдерің, сөздік қорын байыту; тәрбиелік- әр түрлі мамандықтарды құрметтеу, адалдыққа, еңбекшілікке тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, ой қозғау,тренинг, топтық жұмыс, творчестволық жұмыс, бағалау парағы, рефлексия Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, макал-мәтелдер, сурет Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезені: -Амандасу Сабаққа жағымды жағдаят жасау. Барлық оқушылар бірге дауыстап: Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! –дейді. II.Үй жұмысын тексеру: Модульді «Мен өз елімде жан-жақты білім ала аламын» өттіқ, сондықтан мына тақырыптарға сұрақ бойынша жауап беріңдер. 1.Қазақстандағы білім жүйесін жетелдіру. 2.Қазақстандағы білім жүйесінің құрылымы. 3.Жалпы орта білім- үздіксіз білім. III.Жаңа тақырып: Слайд 1 (рисунок человечка)


- Құрметті оқушылар, сендердің ойларыңда түрлі сұрақтар туындап жатады. Мысалы:
• Қайда барамын?

• Кім маған көмектеседі?

• Мен кіммін?


Не үшін өмір сүріп жатырмын?
• Кім боламын?
• Кімге сенемін?

-Сондықтан сабақтың тақырыбы қандай, не туралы?

-Дәптерге жазыңдар ( Менің болашақ мамандығым)

-Мамандық деген не? Анықтама берейік.

Мамандық- кәсіп, сүйікті іс, шығармашылық, кызығушылық, өнер.(дәптерге жазыңдар) - Балалар, қазіргі кезде мектеп бітіруші түлектердің ең жиі таңдайтын мамандықтары қандай екен?

Слайд 2 ( үш тілде)

Заңгер Юрист a lawyer

Аспазшы Повар a cook

Аудармашы Переводчик an interpreter

Мұғалім Учитель a teacher

Менеджер Менеджер a manager

Ветеринар Ветеринар a vet

Программист Программист a programmer

Инженер Инженер an engineer

Банк қызметкері Работник банка a bank manager

Дизайнер Дизайнер a designer

Экономист Экономист an economist

Дәрігер Врач a doctor

Психолог Психолог a psychologist

Тәрбиеші Воспитатель a nurse

Бизнесмен Бизнесмен a businessman

Құрылысшы Строитель a builder

- Сондықтан да, құрметті оқушылар дәл қазір дұрыс мамандықты таңдау мәселесіне көп көңіл бөлесіңдер.

Тренинг. «Сенің ерекше қабілетің»
Бір-бірімізге тек қана бір жақсы  қабілетімізді жазайық. Мысалы: ұйымшыл, белсенді, іскер, өнерлі,білімді,еңбекқор,адалды, тәрбиелі, жауапты, мейірімді Творчестволық жұмыс 1 Өз мамандығын туралы әңгіме 2 Синквейн   Мұғалімнің сөзі:

Өмірде өте көп әр түрлі мамандықтар бар. Олар: мұғалім, дәрігер, инженер, сауыншы, агроном, тілші, аспазшы, хатшы, наубайханашы, тәрбиеші,  шаштараз және тағы басқа мамандықтар бар.

  Әрбір  адамға мектептен кейін мамандықты таңдау, алу керек. Жақсы мамандық алу үшін, жақсы оқу керек, көп оқу керек.

 

Сендер осы жылда мектепті бітіресіңдер, сендерге мамандықтарды таңдау керек. Сендер қайда оқуға барасыңдар қазір білу керек, қазір таңдау керек. Сендер жақында кім боласыңдар, қандай мамандықтарды таңдайсыңдар?



Сендерге қазір емтихан, ҰБТ туралы ойлау керек. Қалай жақсы ҰБТ-ны, емтиханды өткізу керек.

Топқа бөлу (1,2,3)

Оқылым:

Мамандығым -  мақтанышым

Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тигінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.

Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтардың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекқор болуы қажет және оның мамандығы өз халқына маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді,қабілетті, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Қабілеттілік-табиғаттың әрбір адамға сыйлайтын ғажайып сыйы,біреуге көбірек, біреуге азырақ бұйырады.Ал ұзақ уақыт бойы өз басында ешбір қабілеттілік жоқ деп санап жүрген үшінші біреу кенет өз бойынан ерекше қасиеттерді байқайды. Мәтінмен жұмыс

1. Мәтінді бір,екі оқушы оқиды, қысқаша мазмұнын айтыңдар;

2.INSEPT – cтратегиясы (+ түсінемін, - түсінбеймін);



Топтық жұмыс(дәптерге жазу)

1 топ-жоспар құрыңдар

2 топ-сұрақтар дайыңдаңдар

3 топ- қысқаша мазмұның айтып беріңдер



Грамматиканы қайталау

1топ- мәтіннен септік формада тұрған сөздерді теріп жазыңдар.



2.топ-мәтіннен бір жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырып, талдау

3 топ-мамандық, кәсіпкер сөздерді тәуелдеу

III. Сергіту сәті Ситуациялық сұрақ. (Оқушылар өз пікірін ортаға салады.) Сіз хирургсыз

Шарты: Ауруханада 5 емделуші  бар. Олар: 1.Бес айлық қыз бала 2.Алты жасар дарынды бала 3.Көп балалы ана (10 баласы бар, 70- тегі ана)
4. Қаңғыбас 5.Құрылысшы Жүрек  біреу. Осылардың қайсысына операция жасар едің. Біреуін ғана таңдауың қажет.

IV. Бекіту

Слайд 3.

Психолог Е.Климов кәсіби ортаны 5 типке бөледі: Адам – өнер. Адам- табиғат. Адам –адам. Адам – техника.Адам –белгі –жүйе. Мамандық таңдаудағы ең күшті әсер етуші – оның қызығушылығы мен бейімділігі. Мамандықты өмірлік етіп бір рет таңдайды деген пікір бар, бірақ бұл дұрыс емес. Өйткені адамдар өмір бойы таңдау жасайды. Адамның өзі, өмірге деген көзқарасы, қабілеті жылдардың өтуімен өзгеріп отырады



Адам-адам

Адам-табиғат

Адам-өнер

Адам-техника

Адам- белгі-жүйе

. Тапсырма.  Мақал-мәтелдердің екінші бөліктерін табыңдар.

1.Еңбек түбі-береке, көптің түбі-мереке.

2.Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.

3.Қолы қимылдағанның аузы қимылдар

4. Жеті рет пішіп, бір рет кес. 5. Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен

6. Көз-қорқақ, қол-батыр

7.Еңбек ширатады ,өмір үйретеді

8.Еңбегі аздың - өнбегі аз.

V.Қорытыңды

1.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

2.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?

3.Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

4.Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады? 5.Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?

VI. Үйге тапсырма

Эссе « Менің отбасымдағы мамандықтар» VII.Рефлексия





Сабақтың тақырыбы:    Менің болащақ мамандығым

11 сынып

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет