Сабақтың тақырыбы; Маневр жасау. Сабақтың мақсаты



жүктеу 47.59 Kb.
Дата23.11.2017
өлшемі47.59 Kb.
түріСабақ

Оқыту сабақтарының жоспары 10 сынып 3-тоқсан

Ерлан Ерсінұлы Ажмуханов Баянаул жалпы орта білім беру мектеп-интернат

Жол жүрү ереже пәнінің мүғалімі



Сабақтың тақырыбы; Маневр жасау.
Сабақтың мақсаты

1 Білімділік; оқушыларға Маневр жасау.толық, әрі көрнекі мағлұмат беру.

2 Дамытушылық; оқушылардың өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын дамыту.

3 Тарбиелік; Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.



Сабақ типі; араласу

Қурал жалдықтар; плакаттар,тәқ, бор

Сабақтын барысы;

1 Ұйымдастыру бөлімі.-1мин

Журнал бойынша оқушыларды түгендеу-4мин



2 Білімді өзектендіру -10 мин

Қайталауға арналған сұрақтар :



Авариялық жарық сигналы қосылуға тиіс?

Аялдауға тыйым салынған жерлерде амалсыз аялдама жасалған кезде.

Жол-көлік оқиғасы кезінде

Жолдың жарықтандырылмаған учаскесінде немесе көлемдік оттардың дұрыс істемеуінен көру жеткіліксіз болған жағдайларда аялдағанда және тұрғанда.



Сүйретілетін механикалық көлік құралдарында авариялық сигнал қосылуға тиісті?

Тәуліктің кез-келген уақытында



Мәжбүрлі аялдаған кезде жолдың көрінуі ең болмағанда бір бағытта 100 метрден кем болған жерде көлік құралын белгілеу үшін не қойылуға тиісті?

Авариялық тоқтату белгісі немесе жыпылықтайтын қызыл фонарь



Елді мекеннен сырт жерде авариялық тоқтату белгісі көлік құралынан қандай ең аз қашықтықта қойылуға тиісті?

30 метр


Жүргізуші елді мекенде аялдауға тыйым салынатын орындарда, мәжбүрлі аялдағанда не әрекет етуге тиісті?

Авариялық сигналын қосу және көлік құралынан 15 метрден кем болмайтын қашықтыққа авариялық тоқтату белгісін немесе жылпылайтын қызыл фонарь қоюға.



4 Динамикқалық үзіліс – 1мин

5 Жана сабақты өтілуі – 15 мин

Маневр жасау-қозғалыстың аялдамадан (тұрақтан) басталуы, ялдау,бұрылу,( кері бұрылу ) орын ауыстыру,тежеу және көлік құралының артқы жүріспен қозғалысы.

6 Білімділікті жетілдіру -12 мин

8.1.Жүргізуші маневрді орындауды бастамаз бұрын жарық көрсеткіштерін іске қосады, егер оларжоқ болса немесе ақауы болса-қолмен, тиісті мақсатта, сигнал беруге міндетті.Мұндайда маневр қауіпсіз және қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергі тығызбауы тиіс.

8.2.Сол жаққа маневр жасау сигналы-сол жақ бұрылыстың жарық көрсеткіші не сол жаққа сол қолды созу, не жанына созылған тік бұрыш жасап шынтақтан жоғары бүгілген оң қол болып табылады. Оң жаққа маневр жасау сигналы-оң жақ бұрылстың жарық көрсеткіші, не жанына созылған оң қол немесе жанына созылған және шынтақтан тік бұрыш жасап жоғары бүгілген сол қол болып табылады. Тежеу сигналы тоқтау-сигналымен не қолды жоғары көтеру арқылы беріледі.Артқы жүріспен қозғалыс сигналы артқы жүріс шамын жағумен және авариялық сигнализацияны қосумен беріледі.

Бұрылыс көрсеткіштерімен немесе қолмен сигнал беру маневрді орындауды бастауға дейін кешіктірмей берілуі және оны аяқтағаннан кейін сол бойда тоқталуы керек (сигналды қолмен беру маневрді тікелей орындау алдында аяқталуы мүмкін). Мұндайда сигнал, қозғалысқа басқа қатысушыларды шатыстырмауы тиіс.

Сигнал беру жүргізушілерге артықшылық әпермейді және оны сақтық шараларын қолданудан босатпайды.

8.3.Іргелес аумақтан жолға шығу кезінде жүргізуші жолда қозғалып келе жатқан көлік құралдары мен жаяу жүргіншілерге,ал жолдан кірген кезде –жаяу жүргіншілерге мен велосипетшілерге, ол кесіп өтетін қозғалысқа жол беруі тиіс.

8.4.Аялдама немесе тұрақ орнына келу керек болғанда, жүргізуші жүріс бөлігінің шетімен немесе жағалауымен келе жатқан жаяу жүргіншілерге, велосипет, мопет, көлік-арба жүргізушілеріне, мініс көлігі үстінде және жүк артып келе жатқандарға жол бе руі тиіс.

8.5.Қатар ауыстыру кезінде жүргізуші қозғалыс бағытын өзгертпей қатарлас келе жатқан көлік құралдарына жол беруі тиіс. Бірге келе жатқан көлік құралдары бір мезгілде қатар

ауыстырған кезде, жүргізуші оң жақта келе жатқан көлік құралдарына жол беруі тиіс.

Қозғалып келе жатқан көлік құралдары арасында қауіпті ара қашықтық болған жағдайда,

қатар ауыстыруға тыйым салынады.

8.6. Айналысты қозғалыс ұйымдастырылған жол қиылысына шыққан кездегі бұрылыс жасау жағдайларын қоспағанда, оңға солға немесі кері бұрылу алдында жүргізіші осы бағытқа қозғалуға арналған жүріс бөлігінде және жолақта тиісті щеткі орынға уақтылы ыңғайлануы тиіс.

Егер жолда 5.8.1. немесе 5.8.2. белгілері қойлған болса, онда аталған маневрлерді тиісті қозғалыс жол жолағы бойынша жасауға рұқсат етіледі; мұндайда шеткі жол жолағы бос болған кезде ортадағы жол жолағымен жүруге тыйым салынады.


8.7 Айналу жүріс бөлігін кесіп өтумен шыққан кезде көлік құралы қарсы қозғалыс жағына шықпайтындай болып жүзуге асырылуы керек .

Сол жақтан жүріс бөлігімен бір деңгейде орналысқан бір бағыттағы трамвай жолдары болған кезде сол жаққа және кері бұрылыс , егер 5.8.1 немесе 5.8.2. белгілермен жүріс бөлігінің жол жолағымен қозғалыс бағыты көрсетілмесе, солардан орындалуы тиіс. Мұндайда жүргізуші трамвай жол беруі тиіс.

8.8. Егер көлік құралы қиылыста немесе одан тыс бұрылыс жасауды немесе қиылысты кері бұрылуды Ереженің 8,6 – тармағын сақтай отырып, өзінің колемінен немесе басқа себептер бойынша жәе бұл басқа көлік құралдарына кедергі дуғызбайтын болса , көрші жол жолағына жартылай, ал қажет болғанда толықтай шығыуна рұқсат етіледі

8.9 Егер қиылыстан тыс жерде бұрылған кезде сол жақ шеттен маневрді орындау үшін жүріс бөлігінің ені жеткіліксіз болса, онда жүріс бөлігінің тек қана оң жақ шетінен бұрылуға жол беріледі. Мұндайда жүргізуші бағыттас немесе қарсы келе жатқан көлік құралына жол беруге міндетті.

8.10 Ережеде көлік құралдары қозғалысының траекториясы қиылыстын, ал өту кезелтілігі көрсетілмеген болса, жүргізуші оң жақтан жақындап қалған көлік құралына жол береді.


8.11 Тежеу жол жоғары болған жағдайда , бұрылуды көздеген жүргізуші осы жолаққа уақ-

тылы ауысуға және сонда ғана жылдамдықты азайтуға міндетті.

Жолға кіретін жерде жүру сызығы болған кезде жүргізуші соның бойымен қозғалуы және оны жолмен қозғалып келе жатқан көлік құралдарына жол бере отырып, көрші жолаққа ауысуға міндетті.

8.12 Кері бұрылуға тыйым салынады.

Жаяу жүргіншілер өтпесі мен көше қиылыстарында тротуармен немесе жол жағалауы жиегімиен ;

Тонельдерде ;

Көпір үстінде, жол құбырларында, эстакадаларында және солардың астымен;

Ең болғанда бір бағытта кемінде жол көруіні 100 метр жерлерде;

Аялдама пункттері орналасқан жерлерде бұрылуға тыйым салынады.


8.13 Көлік құралдарына, егер бұл маневр қауіпсіз және қозғалысқа басқа қатысушыларға

кедергі тудырмайтын болса, артқы жүріске рұқсан етіледі.

Артқы жүріспен қозғалуға көше қиылыстарында және Ереженің 8.12 тармағында сәйкес кері бұрылуға тыйым салынған жерлерде тыйым салынады


6 Білімділікті жетілдіру -12 мин

Тестпен жұмыс істеу



7 Үйге тапсырма – 1мин

8 тарау 15-16 бет Жол жүру ережесі



8 Қорытыңдылау -1 мин

Оқушылардың білімін ,бағалау

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет