Сабақтың тақырыбы: «Математика данышпандары»



жүктеу 52.66 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі52.66 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: «Математика данышпандары»

Білімділік мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімін практикамен ұштастыру.

Дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлауды қажет ететін есептерді, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды шешуде оқушылардың танымдық қасиеттерін математикалық тіл мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Алғырлыққа, ізденуге, ұжымдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, білім сайыс сабағы.

Көрінекілігі: интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

І тур. Бәйге.

ІІ тур. Көкпар.

ІІІ тур. Жеті жұмбақ.

ІV тур. Қызықты сегіздік.

V тур. Сиқырлы шаршылар.

VІ тур. Ойлан, тап!



  • Мінеки залда тыныштық,

  • Естілмейді дыбыс түк.

  • Мұны біз де қоштаймыз,

  • Кешіккендерді тоспаймыз.

  • Ғылымдардың патшасы,

  • Деген бала – данасы.

  • Математика тойында,

  • “Математика данышпандары” атты сайысымызды бастаймыз.

  • Жас достарым!

  • Мұны дұрыс ұғайық,

  • Математика құрметтеуге лайық.

  • Құрметті қонақтар, оқушылар бүгінгі сайысымыздың тақырыбы: «Математика данышпандары» деп аталады.

  • Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Логикалық ойлауды қажет ететін есептерді, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды шешуде оқушылардың танымдық қасиеттерін математикалық тіл мәдениетін дамыту.

Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізді бағалап, әділ баға беретін төрешілер алқасын тағайындап алайық. Әділқазылар алқасын сайлау.

Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

а) Сұраққа жауап беру үшін 30 секунд беріледі.

ә) Дұрыс жауап берген командаға 5 ұпай.

б) Дұрыс, бірақ толық емес жауапқа 3 ұпай.

в) Айта алмаған топқа 0 ұпай.

г) Орнында айқайлаған, тәртіп бұзған топтан 2 ұпай кемітіледі.

д) Төраға шешімі талқыға салынбайды.





Жүргізуші:

Сіздерді сайысқа шақырамыз,

Есеппен бастарыңызды қатырамыз.

Математиканы ұғындырып,

Аз да болса, білімдеріңді толтырамыз.

І топ: «Алғырлар»

ІІ топ: «Жас математиктер»

ІІІ топ: «Талапкерлер»

Ойын кезеңдерімен таныстыру.

І тур. Бәйге.

ІІ тур. Көкпар.

ІІІ тур. Жеті жұмбақ.

ІV тур. Қызықты сегіздік.

V тур. Сиқырлы шаршылар.

VІ тур. Ойлан, тап!
І тур. Бәйге.

1. Барлық ғылымдар патшасы (математика)

2. Оң санға қарама-қарсы сан (теріс сан)

3. 5,9бен6,1 сандарының арифметикалық ортасы неге тең? (6)

4. Қатарға 10 солдат тұрды, олардың 9/10 мұртты, нешеуі мұртсыз? (1)

5. Түйеқұс таразыда 1 аяғымен 12 кг тартады, 2 аяғымен қанша тартады? (12кг)

6. Алты дөңбек шығу үшін, бөренені неше рет кесу керек? (5 рет)

7.Қандай екі бүтін санның қосындысы мен көбейтіндісі тең? (2 саны)

8. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзу? (перпендикуляр)

9. 9 бен 27 сандарының арасында қанша жұп сан бар? (9 жұп сан)

10. Дәлелденбейтін ұйғарым? (аксиома)
ІІ тур. Көкпар.

Мақалды қолданамыз мән бермейміз,

Сайрап тұрған сандарды біз көрмейміз?

Компьютердің заманы келген кезде,

Ұрпақтар сол сандарды білсе дейміз.
Математикалық мақал-мәтелдердің жалғасын табу.


  1. Екі жақсы қас болмас (екі жаман дос болмас).

  2. Досыңды үш күн сынама (үш жыл сына).

  3. Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі білім біл).

  4. Он рет өлшеп (бір рет кес).

  5. Бес бармақ жиналса (жұдырық болады).

  6. Тойған жерге (тоғыз кел).

  7. Бір күндік жолға шықсаң (үш күндік азық ал).

  8. Бір тал кессең (он тал ек).

  9. Жақсы кісі қырық жасында толады (жаман кісі қырық жасында солады).

  10. Отыз тістен шыққан сөз (отыз рулы елге тарайды).


ІІІ тур. Жеті жұмбақ.


  1. Бойы екі-ақ қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)

  2. Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап. (икс)

  3. Отыз екі батыр, екі жақта қамалып жатыр. (тіс)

  4. Жалғап екі ел ортасын, жатыр тосып арқасын. (тіл)

  5. Қос құлақты, жүз тісті. (ара)

  6. Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар. (киіз үй)

  7. Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол негізі,

Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)

ІV тур. Қызықты сегіздік.




  1. Төрт қайың қатар өсіп тұр. Әрбір қайыңда төрт-төрттен үлкен бұтақ бар. Әрбір бұтақта төрт-төрттен кішкене бұтақша бар. Әрбір кішкене бұтақшада төрт-төрттен алма бар. Сонда барлығы неше алма?

Жауабы: (бұтақта алма өспейді)

  1. Ертедегі қазақ қыздары таққан орамалдың өлшемі. Осы өлшемнің қазіргі біз қолданып жүрген атауын ата.

Жауабы: (шаршы, кв.метр)

  1. Әкемнің жеті ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы бар?

Жауабы: (8, кішісі қыз)

4. Ромбының қазақшасы.

Жауабы: (теңқиық)

5. Бірнеше қырғауыл мен үй қояны бір тор ішінде жүр. Олардың 19 басы, 62 аяғы бар. Тор ішінде неше қырғауыл, неше қоян бар?

Жауабы: (7 қырғауыл, 12 қоян)

6. Бір топ үйрек ұшып келе жатты. Біреуі алдында, екеуі артында. Біреуі екеуінің ортасында, бұлар тізбектеліп қатар ұшқан. Қанша үйрек ұшып келеді?

Жауабы: (3 үйрек)

7.Схема сөзінің қазақшасы.

Жауабы: (сүлбе)


  1. Төрт кесіндіден тұрамын,

Бұрышқа мойын бұрамын.

Кесінді дұрыс тұрмаса,

Әр түрлі болып шығамын.

Жауабы: (төртбұрыш)



V тур. Сиқырлы шаршылар.


VІ тур. Ойлан, тап!

10 тиындық монета көмегімен 10 тиынды бір қатарға тіз. Кез келген біреуін қатар тұрған екеуінің үстінен асырып, келесі тиынның үстіне қою керек. Арақашықтары бірдей бес жұп шығару керек.



Күй:

Сонымен «Бәйге» өресінде Құлагердей самғаған, жеңіс тұғырына көтерілген бүгінгі жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз кезегін төрешілер алқасына береміз.

Міне, біздер анықтадық тұлпарды,

Айта алмаспыз, міне мынау кеш қалды.

Риза боп уәжіне әділқазы алқасы,

Құттықтаймыз мыңнан озған тұлпарды.

Барына риза болсын көрермендер,

Үйретті білмегенге білімділер.

Осымен бұл сайысты тамамдасақ,

Тағы да жүздесерміз белестерде білім деген.

Құрметті оқушылар мен оқушылар!

Бүгінгі «Математика данышпандары» атты сайысымызды аяқтаймыз.

Сау болыңыздар!

№40 орта мектебі



Тақырыбы: «Математика данышпандары»
Өткізген:Оразова Г.С.

Класы:5 кластар
Каталог: 2018
2018 -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
2018 -> Тақырып 1 Қортынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері
2018 -> Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақсаты
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет