Сабақтың тақырыбы: Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол Сабақтың мақсаты



жүктеу 43.27 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі43.27 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: оқушыларға  материялық нүкте, траектория, жол туралы ғылыми түрде түсіндіру.                          

2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.     

3. Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, оқулық, тақта.

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру.  

ІV.  Жаңа сабақ бойынша түсінігін  тексеру.

V.  Жаңа сабақты бекіту.

VI. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру.

VII. Үйге тапсырма.
І.  Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеп, көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру.


ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Коперниктің теориясы бойынша әлем қалай құрылған?

  2. Коперник аспан денелерінің қозғалысын қалай түсіндірді?

  3. Қазіргі кездегі әлем жүйесінен Коперник жүйесінің айырмашылығы қандай?

  4. Коперник теориясын кімдер қолдады?

  5. Күнді айналатын неше планета бар?

  6. Марс планетасы Күнді қанша уақытта айналады?

  7. Қай планетаның сақинасы бар?

  8. Меркурий планетасының температурасы неше?

  9. Уран мен Шолпан планетасы Күнді қалай айналады?

  10. Юпитер қандай планетаға жатады?


ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру.  

Дененің (мысалы ұшақтың) қозғалатындығы немесе қозғалмайтындығы туралы төрелік айту үшін алдымен санақ денесін таңдау керек, ал содан кейін қарастырылатын дененің таңдалынған денемен салыстырмалы түрде орны өзгере ме, осыны анықтау керек. Сол кезде дене әлде бір санақ денесімен салыстырмалы түрде қозғала алады және бір мезгілде басқа басқа санақ денесіне қатысты қозғалмайды. Мысалы, пойызда отырған адам темір жол полотносына қатысты қозғалады, бірақ пойыз вагонымен салыстырғанда тыныштықта тұрады. Жерде жатқан тас Жермен салыстырғанда тыныштықта тұрады, бірақ Күнге қатысты (Жермен бірге) қозғалады. Аспандағы ұшақ бұлттарға қатысты қозғалады, бірақ ұшқыштың орындығында отырған адамға қатысты тыныштықта тұрады. 

Міне сондықтан, санақ денесін көрсетпестен, берілген дене қозғала ма жоқ па, ол туралы айтуға болмайды. Санақ денесін көрсетпестен сендердің кез келген жауаптарыңның мағынасы болмайды. Қазір сендер отырған ғимарат тыныштықта тұр ма? Бұл сұраққа жауап санақ денесін таңдауға байланысты. Егер санақ денесі Жер болатын болса, онда, иә, тыныштықта тұрғаны. Бірақ егер санақ денесі ғимараттың жанынан өтіп бара жатқан автомобиль болса, онда оған қатысты ғимарат қозғалатын болады. Дененің қозғалысын сипаттау оның кезінде мөлшері қандай рөл атқарады? Кейбір жағдайларда дененің және оның бөліктерінің мөлшерін көрсетпеске болмайды. Мысалы, автомобиль гаражға кіргенде, гараж бен автомобильдің мөлшері оның иесі үшін аса маңызды рөл атқарады. Бірақ дененің мөлшері маңызды болмайтын көптеген жағдайлар да бар. Мысалы, егерде сол автомобиль Мәскеуден Санкт-Петербургқа қозғалатын болса және автомобильдің қозғалыс жылдамдығын есептеу талап етілсе, онда бізге оның мөлшерінің қандай екендігі бәрібір. Егерде дененің мөлшері қарастырылатын есептегі қозғалысқа тән қашықтықтан көп кіші болса, онда дененің мөлшерін елемейді және денені материялық нүкте түрінде ұсынады. “Материялық” сөзімен оның геометриялық нүктеден ерекшелігін айрықша атап көрсетеді. Геометриялық нүктенің ешқандай физикалық қасиеттері болмайды. Материялық нүкте массаға, электрлік зарядқа және кейбір басқа да сипаттамаларға ие бола алады.

Қазіргі заманғы механикада (денелердің қозғалыс теориясы) материялық нүктелерді басқаша бөлшектер деп атайды. Біз келешекте осы екі терминді де пайдаланатын боламыз. Кейде бөлшектердің механикалық қозғалысы туралы айта отырып, біз “дене” терминін пайдаланамыз, бірақ сол кезде мұндай бұл денені материялық нүкте ретінде қабылдауға болатынын естен шығаруға болмайды. 

Бір орыннан екінші жерге орын ауыстыра отырып, бөлшек (немесе материялық нүкте) әлде бір сызық бойынша қозғалады. Бөлшек қозғалатын сызықты траектория деп атайды.

Траектория әр түрлі формаға ие бола алады. Траекторияның формасы туралы кейде қозғалыстағы дененің қалдыратын көрінерлік ізі бойынша төрелік айтуға болады. Мұндай іздерді кейде ұшып бара жатқан ұшақтар немесе түнгі аспанда құлап түскен метеорлар қалдырады. 

Траекторияның формасы санақ денесін таңдауға тәуелді болады. Мысалы, Жерге қатысты Ай қозғалысының траекториясы шеңбер болып, ал Күнге қатысты – сызықтың формасы тым күрделі болып келеді. Бұдан кейін біз барлық денелердің қозғалысын (егерде кері жағдай айтылмаса) Жерге қатысты қарастыратын боламыз. 

Әр түрлі денелердің қозғалыс траекториясы бір бірінен тек формасымен ғана емес, ұзындығымен де ерекшелене алатын болады. Дене қозғалған траекторияның ұзындығы жүрілген жол деп аталады. Жолдың бірлігі ұзындықтың бірлігі — метр (1 м) болып саналады. Практикада ұзындықтың басқа бірліктері де пайдаланылады, мысалы: 1 км = 1000 м, 1 дм = 0,1 м, 1 см = 0,01 м, 1 мм = 0,001 м.


ІV.  Жаңа сабақ бойынша түсінігін  тексеру.

  • Жол деген не?

  • Материялық нүкте. Мысал келтір.

  • Траектория деген не?

  • Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

  • Траекторияның түріне қарап қозғалыс нешеге бөлінеді? Қандай?

  • Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай?


V.  Жаңа сабақты бекіту.

6-жаттығу


VI. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру.

1. Жүрілген жолдың орын ауыстырудан айырмашылығы неде?

2. Дененің бастапқы орны мен оның жүріп өткен жолының ұзындығы белгілі болса, дененің соңғы орнын табуға бола ма?

3. Траектория деген не?


VII. Үйге тапсырма. §22-23 оқу
Каталог: uploads -> doc -> 0f58
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0f58 -> Карбон қышқылдары
0f58 -> Өмір қауіпсіздігі негіздері 08
0f58 -> «Қазақстан-2050» даму стратегиясы
0f58 -> Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу. /Әнұран орындау
0f58 -> Тұңғыш президент күніне арналған ашық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет