Сабақтың тақырыбы: Менің машиналарым. Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация. Оқу іс-әрекетінің мақсаты



жүктеу 16.42 Kb.
Дата11.04.2019
өлшемі16.42 Kb.
түріСабақ

Тасболатова Динара Жаксылыккызы

Воспитательница мини –центра детского сада « Жулдыз»

Сш №52 им Б Аралбаева .Село: Суттикудык
Сабақтың тақырыбы: Менің машиналарым.

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация.



Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға геометриялық фигуралардың көмегімен аппликацияны орындауды үйрету; тік төртбұрыш, дөңгелек, сопақша фигураларды дұрыс қию дағдыларын жетілдіру; аппликациялық жұмысқа қажетті пішінді таңдай білу дағдыларын арттыру.

Керекті құралдар мен материалдар:



педагог үшін: әртүрлі машиналардың суреті, ойыншық машиналар, дайын жұмыстың үлгісі, қатырмақағаз, түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қолорамал.

балалар үшін: түрлі түсті қағаздар, қатырмақағаз, қайшы, желім, қолорамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1. Балаларға ойыншықтар туралы өлеңдер оңып беріп, балалардан қандай ойыншықтарды жақсы көретіндіктерін сұрап, әңгімеге тарту.

2. Кіріспе әңгіме: бүгін біз сендермен бірге ойыншық машинаны жапсыру арқылы дайындаймыз. Машинаны геометриялық фигураларды қиып алып, оларды құрастырып жапсыру арқылы орындаймыз. Бізге қандай геометриялық фигуралар керек болады ?

Машинаның құрылысын, түсін анықтап алғаннан кейін, педагог жұмыстың орындалу ретімен таныстырады.

3. Өзіндік жұмыс :Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыш қиып алу.

Түрлі түсті қағаздан машинаның бөлшектерін контур сызығы бойымен қиып аламыз.Қара түсті қағаз жолағын қабаттап бүктеп, белгі бойынша 4 дөңгелегін қиып алу.Көгілдір түсті қағаз жолағын қабаттап бүктеп, белгі бойынша машинаның терезесін қиып алу.Негізгі бетке аппликацияның бөлшектерін дұрыстап орналастыру.Аппликацияның барлық бөлшектерін негізгі бетке ретімен жапсыру.

Балаларға тапсырманы дұрыс орындауға көмектесіп, бағыт-бағдар беріп отыру.

Оқу іс-әрекетін қорыту.



Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, балалар өздері кімнің машинасының жақсы жасалғанын, дұрыс жапсырылып орындалғанын атап айтады. Өздерінің жіберген кемшіліктерін өздері анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет