Сабақтың тақырыбы: Металдардан бұйымдар жасау



жүктеу 45.52 Kb.
Дата03.12.2017
өлшемі45.52 Kb.
түріСабақ

Бекітемін: Келісемін:

Пәні: Технология

Сыныбы:8

Күні:


Сағат саны: 24

Сабақтың тақырыбы: Металдардан бұйымдар жасау

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды технология сабағында металдың қасиеттерін терең меңгеруге үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың есте сақтау интеллектуалды ойлау қабілетін және қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: оқушылардың технология сабағына деген қызығушылығын арттыра отырып темір ұстасының мамандығына және еңбекқорлыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: тарих ,сызу 
Сабақтың көрнекілігі: Металдан жасалған топса түрлері,интерактивті тақта,слайд

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Қаңылтыр,қайшы,қарандаш,сызғыш,шеге,кемпірауыз

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Сынып тазалығын тексеру.
3. Оқушы назарын сабаққа аудару. :
II. Үй тапсырмасын тексеру

Ағашты күйдіріп өрнектеу

1. Жаңа сабақты түсіндіру. 

Қазіргі өндіріс пен техниканың негізгі материалдарының бірі-металл. Металдар– электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.Металдар негізінен қара және түсті металдар болып екі топқа бөлінеді.

Қара металдар тобына шойын мен болат жатады.Олар темір мен көміртегінің қоспасынын алынады. Адамның өмірінде темір үлкен қызмет атқарады.Ол дүние жүзінде өте көп тараған.Табиғатта темір таза күйінде кездеспейді.Темір таза күйінде кездеспейтіндіктен ол қорытпа күйінде ғана кездеседі.

Қара металдың ең көп тараған түріне болат пен шойын жатады. Құрамындағы көміртегі 2%-дан аспайтын ,басқа табиғи немесе арнайы қосылатын қоспа элементтері бар темір қорытпасын болат деп атайды.Болат машина жасау өнеркәсібінде қолданатын негізгі металл.

Құрамындағы көміртегі 2%-дан асатын темір қорытпасын шойын деп атайды.Ол қатты және морт келеді. Шойынның құюға лайықты қасиеттері жақсы болғандықтан , ол машина жасау өнеркәсібінде кеңінен қолданады.Одан станоктардың табанын, қозғалтқыштардың шығырын,жылыту радиаторларын,массасы жоғары құймалар жасайды.

Түсті металдарда техника мен өнеркәсіпте кеңінен пайдаланады.Олардың қатарына : алюминий, мыс, мырыш,қорғасын,т.б.металдар жатады.Машина жасау өнеркәсібінде түсті металдар таза күйінде қолданылмайды, себебі олардың беріктігі шамалы,әрі олар жұмсақ келеді.Сондықтан таза металдардың әр түрлі қорытпасы қолданылады.

Машина жасау өнеркәсібінде мыстың екі түрлі қорытпасы қолданады.Олар-жез бен қола.Мыс пен мырыштың қорытпасын жез деп атайды.Жез өте берік болады және тоттанбайды.Жезден түтіктер, гильзалар,өткізгіштер,түрлі аспаптар жасап шығарылады.

Баббиттер-қалайы мен қорғасын элементтерінің негізінде мыс,никель,кадмий, натрий,т.б.элементтер қосылып қорытылған, үйкеліске берік қорытпалар.Олар қысымға төзімді,оңай өңделеді.Сондықтан оларды сапалы қатты заттардың бетін қаптау үшін қолданылады.

  Металды түзету
Металды қолмен түзететін құралдардың қатарына темір балға немесе ағаш балға жатады.Қалыңдығы 0,5 мм металды ағаш балғамен түзетеді. Металды түзету үшін арнайы төс немесе түзету тақталары қолданылады.
Жолақ металды түзету әдісі:
1. Майысқан жолақ металдың бір жағын қолғап арқылы сол қолыңмен ұстап, төстің үстіне қой. Оның майысқан дөңес жағын жоғары қаратып балғамен соқ.
2. Металдың дөңес жерлерін соғуды шет жақтарынан бастап, ортасына қарай ауыс. Майысқан жерлердің түзеле бастағанына көзің жеткен соң, соғу күшін біртіндеп азайт.

Сарамандық жұмыс: Жұқа қаңылтыр металдан білезік, сақина бұйымдарын жасау

Оқушылардан қандай қауіпсіздік ережесін білетіндігін сұрау және де қаңылтырмен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру



Металл мен қаңылтырды өңдеу барысындағы қауіпсіз жұмыс істеу ережелері

1. Қаңылтырмен жұмыс істегенде, міндетті түрде қолғап ки.


2. Қаңылтырдың шетін қиғанда, қолыңды жарақаттап алудан сақтан.
3. Қаңылтырдың бетін тазалағанда, үрлемей, арнаулы сыпырғышпен сыпыр
4. Қаңылтырдың бетін, жиегін саусағыңмен сипама
5. Белгі салатын және ұшы өткір шапқыларды, үшкір қаңылтырдың бөлігін қалтаңа салма, лақтырма, қасындағы оқушыға қарай сілтеме.
6. Жіңішке сымды ұсақтап қырыққанда, оның ұнтағына аса мұқият бол.
7. Темірді қайшымен жұмыс істегенде, қайшы белдің деңгейінен төмен болсын.
8. Сыммен жұмыс істегенде, оның екінші ұшына сақ бол.
9. Қаңылтыр дайындаманың бетін тегістегенде, өрнекті бедерлегенде, екінші қолыңды соғып алма.

Сабақты қорыту:

Ал енді бүгінгі сабағымызды қорыта айтатын болсақ,қаңылтырдан зергерлік бұйымдар жасап үйрендік,бұдан былайғы өмірімізге де қажет болатын пайдалы бұйым жасадық деп ойлаймын,солай ма?

Енді мына тест сұрақтарын орындайық!

1. Электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттарды қалай атаймыз?



А) ағаш Ә) пластмасса Б) металл

2.Металдар нешеге бөлінеді?



А) 2 түрге; қара және түсті Ә)3 түрге; қара,қызыл,түсті Б)4 түрге; қара,түсті,түссіз,сары

3.Қара металға нелер жатады?



А) болат пен жез Ә) шойын мен болат Б) шойын мен алюминий

4.Түсті металға нелер жатады?



А) алюминий,мыс,қорғасын Ә) шойын мен болат Б) мыс,жез,шойын

5.Қаңылтырмен жұмыс істегенде не кию міндетті?



А) халат Ә) бас киім Б) қолғап

6. Мыс пен мырыштың қорытпасын қалай атайды?



А) шойын Ә) жез Б) болат

7. Құрамындағы көміртегі 2%-дан асатын темір қорытпасын не деп атайды?



А) жез Ә) ермексаз Б) ағаш

8. Құрамындағы көміртегі 2%-дан аспайтын ,басқа табиғи немесе арнайы қосылатын қоспа элементтері бар темір қорытпасын ........ деп атайды



А) ермексаз Ә) ағаш Б) болат

9. Металды қолмен түзететін құралдардың қатарына ............. жатады.



А) ағаш балта мен ара Ә) темір балға немесе ағаш балға Б) қайшы мен шеге

10. Металды түзету үшін арнайы қандай құралдар қолданылады?



А) төс немесе түзету тақталары Ә) қайшы мен шеге Б) қысқаш,сызғыш
Тест жауаптары:


1-б; 2-а; 3-ә; 4-а; 5-б; 6-ә; 7-а; 8-б; 9-ә; 10-а

Сабақты бағалау: Сабақ бойы істеген жұмыстарын бағалау

Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет