Сабақтың тақырыбы: Мәтін. Әдепті балалар. Сабақтың мақсаты: а/ Білімділігі: Оқушылардың мәтін туралы білімдерін кеңейте



жүктеу 112.74 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі112.74 Kb.
түріСабақ

Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Переметное ауылы

Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ

Бастауыш сынып мұғалімі

Мырзагалиева Бибигул Калымжановна


Пәні: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Мәтін. Әдепті балалар.

Сабақтың мақсаты: а/ Білімділігі: Оқушылардың мәтін туралы білімдерін кеңейте

түсу, мәтінді қысқа да әрі нұсқа әңгімелеуге үйрету.

ә/ Тәрбиелігі: Оқушыларды әдептілікке, инабаттылыққа,

сыпайылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

б/ Дамытушылығы: Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын

жетілдіру, сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту.



Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, бағалау, көрнекілік, ойын.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың көрнеілігі: Суретті дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылығын ояту. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Күлім қағып қолымды,

Бір-екі, үш деп созайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы жүзбенен,

Маңдайыңнан сыйпайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен

Қолыңды бер қысайын.

Амандасып өзіңмен

Құшақтап бір қысайын.



Өткен тақырыпты қайталау.

  • Абдрахман Асылбектің «Әдептілік – әдемілік» өлеңінің ұнаған шумағын

оқушылардан жатқа сұрау.

  • Балалар, мына ребусты шешіп көрейікші.

Мысық ,,,, әтеш ,, ,, тиін

Шешуі болған сөз туралы білеміз бе?



  • Мәтін дегеніміз не екен?

Ережені сұрау.

  • Суретпен жұмыс. Әдепті және әдепсіз бала туралы ойларын айту.

II. Мағынаны тану.

Мұғалімнің әдептілік туралы кіріспе әңгімесі.



Әдептілік-адам бойындағы ең асыл қасиет. Әдепті бала ұқыпты, қайырымды, тілалғыш, шыншыл, адал, еңбеккор болады. Әдепті балалар кездескен адамдардың бәрімен амандасады. Әрдайым таза жүреді. Автобуста үлкендерге, жасы кіші балаларға орын береді. Ата-анасының айтқанын тыңдайды, орындайды. Әдепті бала айналасындағылармен жақсы қарым-қатынас жасап, көмек қажет болса, әрдайым дайын тұрады. Өзіне міндеттелген жұмыстарды атқарады. Өтірік айтпайды, достарын жақсы көреді, ешкімді ренжітпейді.

Олай болса, бүгін біз Әдібай Табылдының «Әдепті балалар» әңгімесімен танысамыз.



Оқулықпен жұмыс.

131-жаттығу. Әдібай Табылдының «Әдепті балалар» мәтінін оқу.

1) Мәтінді мәнерлеп, ырғақпен оқу.

2) Оқушылардың мәтінді мәнерлеп, қатесіз, кезекпен оқуы.

3) Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

- Әңгіме не туралы?

- Мәтіндегі балалардың істері туралы әңгімеле.

- Ата балаларға ризашылығын қалай білдірді?

- Әже оларды қандай бала деп бағалада?

- Әдепті бала деп қандай баланы атаймыз?

Сөздікпен жұмыс.

Жалғыз бала – бір ғана бала

Қамқоршы – көмекші

Топбасшы – топты ұйымдастырушы

Ағынан жарылып – бар ниетімен, шын ықыласымен
Сергіту сәті.


Таңертең тұрамын,

Бетімді жуамын.

Тісімді тазалап,

Шашымды тараймын.

Киімімді киемін,

Мектепке келемін,

Мен әдепті баламын.


Дәптермен жұмыс.

132-жаттығу. Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып көшіріп жаз.

Әдепті бала-арлы бала,

... (Әдепсіз бала-сорлы бала.)

Өнерлі бала ... (сүйкімді.), (өрге жүзер)

Әдептілік туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?


  • Балалар, енді осы мәтіндегі айтылып отырған «Көмекші» балалар тобы

өзіміздің мектебімізде де бар. Ол топтың аты «Қайсар» деп аталады.

(Мәлімет беріліп, суреттері көрсетіледі)



Ойын: «Әдепті сөздер»

Балалар бір-біріне допты лақтырып, қағып алу арқылы бір-біріне әдепті сөздер айтады.



  • Рақмет!

  • Сәлем!

  • Қалың қалай?

  • Сәлеметсіз бе!

  • Амансыз ба!

  • Қош келдіңіз!

  • Сізді көргеніме өте қуаныштымын!

  • Кешіріңіз!

  • Өтінемін!

  • Сау болыңыз!

  • Қош болыңыз!

  • Кездескенше!

  • Армысыз!

  • Ассалаумағалейкум!

ІІІ. Толғаныс.

133-жаттығу. Шығармашылық тапсырма.

Жоспар бойынша әңгіме құрастыру. (Атаңа, әжеңе, көршіңе)



  1. Сен ол кісіге қандай көмек көрсеттің?

  2. Ол кісі қайда тұрады?

  3. Үлкен кісі өз ризашылығын қалай білдіреді?

Сәйкестендіру тесті.

1) Мәтін а) күн, ана, кітап, тақта


2) Сөз ә) Аяжан мен Жасмин далаға шықты.
3) Сөйлем б) Көктем келді. Күн жылынды. Жер көгерді. Күн күркіреді.

Құстар келе бастады.

- Балалар, бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?

- Осындай балалар біздің де арамызда бар ма?

- Біздің мектебіміздегі көмекші топтың аты қалай аталады?

Үйге тапсырма.

Әдібай Табылдының «Әдепті балалар» мәтінін оқып, түсінгенін айту.



сал, сабақ ұнаса, сал, сабақ ұнамаса

Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.




.

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіз ел – Қазақстан»

Сабақтың мақсаты: 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі екенін, оның тарихын

түсіндіру. Тәуелсіз еліміздің рәміздері және ескерткіштерімен

таныстыру.

Тәуелсіздікті сақтау үшін білімді болу керек екендігін түсіндіру.

Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, тілін, дінін сақтауға,

Отанды сүюге тәрбиелеу.



Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылығын ояту. Ой қозғау.

  • Балалар, алдымызда қандай мереке келе жатыр?

  • Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

Өзім: Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз болу дегеніміз-ешкімге бағынышты болмай, өз еркімен өмір сүру деген сөз. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Елімізде 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі болып есептелінеді. Бүгінгі тәрбие сағатымыз

«Тәуелсіз ел - Қазақстан» деп аталады.

Күндер өтті кешегі,

Несіне оны жасырам.

Әнұраным бүгінгі

Баға жетпес асыл ән.



Хор: ҚР мемлекеттік әнұраны шырқалады.

ІІ. Мағынаны тану. Сұрақтарға жауап беру.

  1. Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

  2. Биыл тәуелсіздікке қанша жыл толып отыр? (25 жыл)

  3. Елімізді кім басқарады? (Президент: Н.Ә.Назарбаев)

  4. Астанамыз қай қала? (Астана қаласы)

  5. Облысымыз қалай аталады? (Батыс Қазақстан облысы)

  6. Ауданымыз қалай аталады? (Зеленов ауданы)

  7. Ауылымыз қалай аталады? (Переметный ауылы)

«Тәуелсіздік»_тобы___ІІ._«Желтоқсан»_тобы.___ІІІ._«Отан»_тобы.'>Оқушыларды үш топқа бөлемін.

І. «Тәуелсіздік» тобы

ІІ. «Желтоқсан» тобы.

ІІІ. «Отан» тобы.

Бүгін әр топ өз атауларын дәлелдеу арқылы тәрбие сағатымыздың мәнін ашады.



«Тәуелсіздік» тобының өз ойларын тыңдайық.

1-оқушы-Абдрахман

Бақ жұлдызым сөнбейтін маңдайдағы,

Тәуелсіздік тәтті ұғым таңдайдағы.

Қазақстан қарыштап күннен күнге,

Азат елдің қыраны самғайды әлі.


2-оқушы-Ақерке

Еркін елміз азаттық аңсаған,

Тәуелсіздік, тәубе деймін мен саған.

Сақтайық деп тіл мен дінді басқадан,

Барша қазақ, мен сендерге жар салам!

3-оқушы-Нурай

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн,

Бізге оңай келген жоқ қой азат күн.

Еркіндіктің желбіретер көк туын,

Біз жастармыз, болашағы қазақтың.


4-оқушы-Әбдісәләм

Ел үшін жаным менің дауға бекем,

Ұмтылам найзамды алып жауға бөтен.

Бабам төккен қанменен бірге келген,

Тәуелсіздік, мен саған тәубе етем.

5-оқушы-Аружан

Қазақстан-елім менің,

Туым көкте желбіреген.

Жиырма бес жыл құтты болсын,

Таси берсін мерейің!


6-оқушы-Кәусар

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болды. Тәуелсіз еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.

7-оқушы-Қ.Сабина

Бойымда қайрат, тұрғанда сенім,

Құрбаның болам жолыңда сенің.

Құлпырып мәңгі жасай бер, жаса,

Сүйікті Отан, сүйкімді елім!

Қазақстан Республикам менің!

Мен қазақ болып туғаныма мақтанамын. Өйткені мен тәуелсіз, еркін елдің ұланымын!

Би: «Көңіл толқыны» қабыл алыңыздар.

Өзім: Балалар, Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік алуға себепкер болған 1986 жылғы 16 желтоқсанда болған оқиға еді. Сондықтан келесі кезекті «Желтоқсан» тобына берейік.


8-оқушы-Милана

Желтоқсанның ызғарына қарамай,

Бас алаңда жастар жүрді тарамай.

Кеуделерін намыс оты кернеді,

Азаттықты қолдарына ала алмай.

9-оқушы-Ахмет

Қалың әскер қаумалады жаналай,

Тыныштықтың шырқын бұзды танадай.

Кінәсі жоқ жастарменен санаспай,

Ұрып-соқты түгел бәрін аямай.
10-оқушы-Амина

Тәуелсіздік енді көптің қалауы,

Желтоқсанның жалындады алауы.

Ағалар мен апалардың ерлігі,

Еркіндіктің желбіреген жалауы.

11-оқушы-Саламат

Келер күнге мен де қанат сермедім,

Тербеледі бейбіт өмір есігі-

Қайрат, Ербол, Ләззат,

Сабира сынды ерлердің,

Ел есінде сақталады есімі.



Өзім: Алматы қаласындағы Республика алаңы - тәуелсіздіктің тал бесігі. Осы жерде 1986 жылғы 16, 17, 18 желтоқсанда қанды оқиға болды. Қаншама қазақ жастары Қазақстанды ұзақ жылдар басқарып келген Дінмұқан Қонаевтың орнына ресейлік Колбиннің тағайындалуына қарсылық білдірді. Ағаларымыз тепкі көрді. Апаларымыздың бұрымынан сүйреді. Ұлттық арымызға өшпес таңба түсті. Қайрат, Ерболдай ағаларымыз, Сәбира, Ләззаттай апаларымыз қазақтай батыр елдің баласы екендерін бүкіл әлемге танытып, құрбан болды.

Сондықтан тәуелсіздік күні көп мейрамның бірі емес. Ол ұлт намысының рухы асқақтаған күн. Ол ұмытылмайтын тарих. Қазақ жастарының ерлігі мен қайсарлығы кейінгі ұрпаққа, яғни сіздер мен біздерге үлгі.



Хор: «Желтоқсан желі» әнін Болат Сабина орындайды.

Өзім: 1991 жылы 16 желтоқсанда «Желтоқсан оқиғасы» болған бұрынғы Брежнев атындағы алаң Республика алаңы болып өзгертілді. Осы жаңа алаңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін бүкіл әлемге жария етті. Көп ұзамай Тәуелсіздік ескерткіші бой көтерді. 2006 жылы «Желтоқсан оқиғасының» 20 жылдығына орай Алматыда бір қолында ақ жаулығын желбіретіп, татулыққа шақырған, екінші қолында бейбітшілік құсын ұстаған ана тұлғасы бейнеленген «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші бой көтерді.

Енді «Отан» тобының ойын тыңдайық.

12-оқушы-Динара

Отан дегенде ең әуелі есімізге еліміздің рәміздері түседі.

Мақтансаң, мақтан елім деп,

Тани біл елдік таңбаны.

Елтаңба, Туың, Әнұран,

Шырқатты биік арманды.

Қасиетті рәміздеріңді

Ардақтап өтер бол мәңгі .



13-оқушы-Ернар

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, қолдайды.

Өйткені Отан баласындай

Бізді асырап қорғайды.

14-оқушы-Диас

Отан-анам,

Отан-әкем,

Осы сөзім қате ме екен,

Қате болса неге біздер

Дейміз оны Атамекен?



15-оқушы-Армат

Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өрінде,

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам-бас қалам!

16-оқушы-Талғат

Отан-жерім, Отан-суым,

Отан қуат нәр береді.

Отан-ұран, Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

17-оқушы-Ясмина

Отан деген атамекен,

Отан деген туған жер,

Отан-ана, Отан-пана,

Қазақстан-туған ел.

18-оқушы-Мәдина

Қаз дауысты Қазыбек би:

Алтын ұяң-Отан қымбат,

Құт–берекең-атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,-деген екен.

Өзім: Отанды сүю отбасынан басталады.

Барлық бала өз Отанын сүйеді,

Отан оның қорғаушысы, тірегі.

Кеудесінде намысы бар адамның

Отан десе лүпілдеген жүрегі.

Хор: «Менің Отаным» орындалады.

Көрініс: «Тәуелсіздік деген не?»

Немересі-Саят


  • Ата, тәуелсіздік деген не?

Атасы-Абдрахман

  • Балам, сен барлық адамдар тең өмір сүрген тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің

азаматысың.

Баласы-Саят

  • Аға тәуелсіздік деген не?

Ағасы-Саламат

  • Елің де, жерің де сенікі. Тәуелсіздік деген сол. Сен қазақ баласысың. Отаның

Қазақстан, туған елің-қазақ елі.

Оқушы-Саят

Апай, тәуелсіздік деген не?



Мұғалім-Динара

  • Ол тәуелсіз туған жерің, туған тілің, салт-дәстүрің.

Досы-Саят

  • Досым, сен тәуелсіздік үшін не істейсің?

Досы-Ернұр

  • Мен ол үшін жақсы оқимын, тәуелсіз елім үшін өскенде адал еңбек етемін.

Інісі-Саят

  • Аға (Әскерден келген азамат) тәуелсіздік деген не?

Ағасы-Әбдісәләм

  • Інім 1986 жылы еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен желтоқсан батырларын

ұмытпауымыз керек. Мен солар азат еткен елдің шекарасын күзетіп келдім.

Өзім: Сендердің де елін сүйетін, ел тыныштығын қорғайтын азамат болып өсетіндеріңе мен сенемін.

ІІІ. Толғаныс.

Өзім: Желтоқсан құрбандарын ақтауға ақын Мұхтар Шаханов көп еңбек етті. Қайрат пен Ләззатқа «Халық қаһарманы» атағы берілді. Сотталған азаматтар 1991 жылдың 12 желтоқсанынан бастап ақтала бастады. Осы ұлтжанды азаматтарымыздың арқасында қазір өзіміздің жеріміз, рәміздеріміз бар, әлемге танымал тәуелсіз, мәңгілік елміз!

Ата-бабаларымыз тәуелсіз, мәңгілік ел болуды аңсаған. Біз олардың армандарын ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі-Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Енді біз осы ата-бабаларымыздың аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете беруге тиіспіз.



Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз-егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ете білейік! Елін көркейтетін, болашағын жарқын қылатын ел ертеңі мына сіздерсіздер. Осы күннен елін сүйетін, білімге құштар ұрпақ болуға тиіспіз.

Ән: Қайрат Нұртастың «Алға Қазақстан» әнін Серікқали Ернұрдың орындауында қабыл алыңыздар.



Каталог: uploads -> doc -> 0f50
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0f50 -> Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет