Сабақтың тақырыбы: Морфология. Сөз тұлғасы Мақсат-міндеттері а ақпараттық құзыреттілік



жүктеу 52.27 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі52.27 Kb.
түріСабақ



Сабақ жоспары

Пәні:

«Қазіргі қазақ тілі»

Тобы:




Уақыты:




Сабақтың тақырыбы:

Морфология. Сөз тұлғасы..

Мақсат-міндеттері

А) ақпараттық құзыреттілік

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі

Тақырыпқа сәйкес морфология салалары және морфема түрлері, сөз тұлғасы туралы мәлімет беру;

Морфологияның барлық салалары, сөз тұлғасының түрлері бойынша ауызша жазбаша тілде дағды қалыптастыру, ұлттық дүниетаныммен байланыстыру:

Морфология, сөз тұлғасы бойынша өз бетінше тапсырмалар орындау арқылы сөз тұлғасына талдау дағдысын арттыру;



Сабақтың типі:

Жаңа материалды хабарлау

Сабақтың әдісі:

Түсіндіру, зерттеу, талдау, жүйелеу.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

АКТ, білім беруді ізгілендіру

Пәнаралық байланыс:

Тіл білімі, қазақ әдебиеті

Қолданылатын көрнекіліктер:

Дәрістер, сызбалар, белсенді тақта



Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі


-амандасу,

-түгендеу,

-оқу құралдарының дайындығын тексеру


-амандасу,

-кезекшілік қызметтерін атқару,

-оқу құралдарын дайындау


Оқытушының талаптарын түсінеді, орындайды. Оқытушы мен оқушы арасында байланыс орнайды.


ІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

1. Мақал-мәтелдер дегеніміз не?

2. Ұлы адамдардың айтқан қанатты сөздерінен мысалдар келтір.

3.Лексика салалары бойынша тест құрастыру.


1. Мақал - тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Мысалы: Кең болсаң, кем болмайсың.Мәтелдерде ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады.

2. Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсе ашуға қабілетті болу деген ұғым. /Әл – Фараби/.




Студенттердің өткен материалды қалай меңгергендерін анықтау, сұрақ арқылы білімдерін бекіте білу.



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.



Дәріс жоспары:

1. Грамматика салалары

2. Морфема, түрлері

3. Сөз тұлғасы





Студенттер оқылған дәрісті жазып алады. Грамматика салаларымен, морфема ұғымымен және сөз тұлғасының берілу жолдарымен танысады.



Ақпараттық құзыреттілік.

Алған білімдерін кеңейтеді.



Коммуникативтік құзыреттілік.

Ойларын нақтылай түседі.



Проблеманы шешу құзыреттілігі.

Берілген материал бойынша білімдерін кеңейтеді.



ІҮ. Жаңа білімді бекіту






Тапсырмалар.

1. Мына түбір морфемаларға қосымша морфемалар жалғап, бірнеше сөздер жаса, оларды қатыстырып мақал-мәтелдер ойлап жаз.

Күй, дос, тау, тұз, от, жұмыс, оқы, тіл, көр, айт, күн, ат, ауыл, ел, ер, қала, тау, жас, кәрі, сөз

2. Берілген сөздерден біріккен сөздер жасаңыз және сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.

Халық, кәсіп, түстік, еңбек, шикі, бас, әлде, әр

3. Берілген сөздердің екінші сыңарын тауып, қос сөздер жасаңыз және мағынасын түсіндіріңіз.

Дос, сана, қару, кескін, қыз, жігіт, әуре, әмпей, тым, егжей, ым, майда, телегей, дау, жалғыз, жым, мең, шала, жапа, майда.

4. Мына сөздерден бірнеше біріккен сөздер жасаңыз.

Жеті, жол, ит, кемпір, көз, көк, түйе, бір, әр, әлде, ақ, ала.

5.Бірінші сыңары күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздердің екінші сыңарын табыңыз. Осы қос сөздерді қатыстырып, мәтін құра.

Ап, әп, бап, боп, доп, кәп, күп, кіп, қап, құп, қып, моп, мөп, нәп, оп, өп, жұп, жып, тап, тәп, топ, дап, еп, жап, жеп, жөп, тұп, түп, тып, ұп, үп, сап, сеп, соп, сұп, сүп, шап, шоп, шіп, ып, іп.


1. Күйші, күйшілік, достық, доссыз, отты, жұмыскер, оқулық, оқымысты, оқытушы, оқырман, тілсіз, көрме, көрмес, айтыс, күндіз, күнгей, атты, ауылдық ауылдас, елдік, ерлік, қалалық, қалашық, таулы, таусыз, тұзсыз, жастық, кәрілік.



Доссыз өмір – тұзсыз ас.

Тілсіз жерде тіршілік жоқ.

Көрмес түйені де қөрмес.



Ерлік білекте емес, жүректе.

Жастық – жалын, кәрілік – көмір.

2. Халықаралық, кәсіпорын, өнеркәсіп, оңтүстік, еңбекақы, шикізат, баспана, әлденеше, әркез.

Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматы қаласы.

3. Дос-жаран, сана-сезім, қару-жарақ, кескін-келбет, қыз-қырқын, жігіт-желең, әуре-сарсаң, әмпей-жәмпей, тым-тырақай, егжей-тегжей, ым-жымы, майда-шүйде, телегй-теңіз, дау-дамай, жалғыз-жарым, жым-жылас, мең-зең, шала-жансар, жапа-тармағай, майда-шүйде.

4. Жетіжылдық, жетіқарақшы, жолбарыс, жолбасшы, итбалық, итмұрын, итқонақ(шөп), кемпірауыз, кемпірқосақ, көзқарас, Көкбозат(жұлдыз), көкжиек, түйеқұс, түйетауық(құс), түйеқарын(өсімдік), біршама, біртектес, бірқатар, әлдеқалай, әлденеше, әлдекім, әлдеқашан, әркім, әрқашан, әрқалай, әрқайсы, Ақбозат(жұлдыз), аққұтан, ақсүйек, ақшелек(ауру), ақсары(ру), алабұға, алабота.

5.Ап-аласа, әп-әдемі, бап-байсалды, боп-боз, доп-домалақ, кәп-кәрі, күп-күрең, кіп-кішкентай, қап-қара, қып-қызыл, моп-момақан, мөп-мөлдір, нәп-нәзік, оп-оңай, өп-өтірік, жұп-жұқа, жып-жылы, тап-таза, тәп-тәуір, топ-толық, дап-дардай, еп-ескі, жап-жақсы, жеп-жеңіл, жөп-жөнді, тұп-тұнық, түп-түгел, тып-тыныш, ұп-ұсақ, үп-үлкен, сап-салқын, соп-сопақ, сеп-семіз, сұп-сұр, сүп-сүйір, шап-шағын, шоп-шолақ, шіп-шикі, ып-ыстық, іп-ірі.



Ақпараттық құзіреттілік.

Алған білімдерін жетілдіреді.



Коммуникативтік құзіреттілік.

Жаңа материалды игеріп, ойларын ашық ортаға салады.



Проблеманы шешу құзіреттілігі.

Тапсырмалар арқылы білімдерін тексереді. Тақырып бойынша білімдерін бекітеді.



Бекіту сұрақтары:

  1. Грамматика дегеніміз не?

  2. Морфология нені зерттейді?

  3. Морфема деген не?

1Грамматика тілдің құрылысын

зерттейтін ғылым

2.Морфология – сөздердің морфологиялық

құрылымы мен типтері, морфема мен

оның түрлері, сөздердің түрленуі,

олардың формалары және сөздердің

лексика-грамматикалық топтары туралы ілім

3. Морфема – сөздің өзіне тән

мағынасы бар ең ұсақ бөлшегі


Тақырып бойынша алған білімдері сұрақтар арқылы бекітіледі.

Ү. Үйге тапсырма.

Қорытындылау.

Бағалау.


1. Дәрісті оқу.

2. Екінші сыңары мағынасыз қос сөздердің шығу тегі туралы этнографиялық сөздіктен жазып келу.



Тапсырманы жазып алады.

Тапсырманы түсінеді, қорытынды шығарады.

Каталог: old -> images -> M images -> ashik sabak
ashik sabak -> Сабақтың тақырыбы: Зейін Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат міндеттері: а ақпараттық
ashik sabak -> Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқу Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері
ashik sabak -> Сабақ жоспары. Оқытушы: А. Б. Журекенова Орал -2014
ashik sabak -> Сабақтың тақырыбы: Микроағзалар селекциясы. Биотехнология
ashik sabak -> Сабақтың тақырыбы: Әдептілік, әділдік Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері
ashik sabak -> Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев. «Табиғат лирикасы»
ashik sabak -> Тєрбие саѓатыныњ жоспары
ashik sabak -> Г. А. Жолдасова «Бекітемін» Бейнелеу өнері және технология кафедрасының меңгерушісі Н. А. Хамзин «Бекітемін» Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ш. С. Набидоллина. Сабақ
ashik sabak -> Сабақтың тақырыбы Теңдеулерді шешуде тригонометриялық алмастыруды қолдану


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет