Сабақтың тақырыбы Мұздықтар және көпжылдық тоң Сілтеме Жоспар, оқулық,қосымша мәліметтер



жүктеу 53.38 Kb.
Дата09.06.2018
өлшемі53.38 Kb.
түріСабақ

Сынып: 8 «А»

17.01.2018

Тексерді : Залгаринова А.И.

Сабақтың тақырыбы

Мұздықтар және көпжылдық тоң

Сілтеме

Жоспар, оқулық,қосымша мәліметтер

Жалпы мақсаты

Қазақстанның мұздықтары мен көпжылдық тоңдары туралы білу, мұздықтардың типтерінің ерекшеліктерін түсіну және ірі мұздықтарды анықтау

Күтілетін нәтиже

Қазақстанның мұздықтары мен көпжылдық тоңдары туралы біледі, мұздықтардың типтерінің ерекшеліктерін түсінеді және ірі мұздық-тарды анықтау үшін карталарды қолданады

Негізгі идеялар

Қазақстанның мұздықтары,олардың типтері,бастау алатын өзендері мен шаруашылықта маңыздылығы туралы оқып біледі

Оқыту құралдары

Қазақстанның физикалық картасы, тұсаукесер, электронды оқулық

Тапсырмалары

«Ыстық орындық-2»

Топтық жұмыс , «Ротация», «Тереңдеп оқу», «Қара жәшік», «Мұздықтар» симуляторы (Bilimlаnd), кестемен жұмыс,«Судағы шеңбер»



Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

Ұйымдастыру:1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.

І.Үй тапсырмасын тексеру. «Ыстық орындық» әдісі бойынша «Жер асты сулары» тақырыбын қорытындылау.

Мадақтау арқылы бағалау

І. Жаңа сабақ:

1.«Қара жәшік» әдісі бойынша сабақ тақырыбын табу.(Гидросфераның қатты күйіндегі бір бөлігі)

2.Электронды оқулық материалын тамашалау.

3.Терминдермен жұмыс.

Мұздық-ледник-glaciers

4.Мәтінмен «Тереңдеп оқу» әдісі бойынша танысу (5минут).

5. «Ротация» әдісі бойынша сыныпты 4 топқа бөліп ,бөлменің әр бөлігінде орналасқан сұрақтарға жауап алу, содан соң сағат тілімен ауысып, толықтыру.

1.Қазақстанның қай аймағында мұздықтар бар?

2.Мұздықтар қалай пайда болады? Қар сызығы деген не?

3.Тау мұздықтарының қандай түрлері бар?

4.Қазақстанның қандай өзендері мұздықтармен қоректенеді? Көпжылдық тоң деген не?

Бағалау.

6. Сергіту сәті «Мұздықтар» симуляторымен жұмыс .

7. Дәптермен жұмыс.(жеке жұмыс)


Мұздықтар түрлері

Сипаттамасы

Таралған аумақтары

Аңғарлық мұздықтар

Жоталардың жоғарғы бөлігінде орналасады

Іле Алатауы

Тау беткейлерінің мұздықтары

Тік беткейлердің ойыс жерлерінде , беткейлерде тараған кішіреу терең дөңгелек қар қазаншұңқырлар

Жетісу Алатауы...

Тегістелген төбе мұздықтары

Жұмыр , тегістелген шыңдар

Жетісу Алатауы

8. Картамен жұмыс.

9.Қорындылау. Рефлексия: «Судағы шеңбер» әдісі бойынша

М

Ұ

З

Д

Ы

Қ

10.Бағалау.

11.Үйге тапсырма 1.169-172бет §35оқу 2.172-беттегі шығармашылық тапсырма
Қосымша мәлімет

Қазақстан аумағындағы мұздықтар -жер асуару мен гидроэнергетиканың басты көзі. Мұздықтар тұщы судың орасан зор қоймасы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы География институтының ғалымдары республика мұздықтарының каталогын құрастырды. Соның нәтижесінде Қазақстанның тау мұздықтарының картасы жасалды. Қазақстан жерінде қазіргі мұздықтары таралған аудандары шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы - Алтай, Сауыр жоталары, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатау жоталары. Республиканың барлық тауларында 2724 мұздық бар. Олардың алып жатқан ауданы - 2033,3 км². Бұл мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі 100 км3. Ол - Қазақстан жерінде жиналатын өзен ағындарының жылдық мөлшерінен екі есе артық тұщы су қоры.



Қар сызығы.Мұздықтардың пайда болуы үшін, олардың орналасатын жер бедерінің болуы және жауын-шашын қатты күйінде жеткілікті түсуі шарт. Мұздықтар құрлық бедер пішіндерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Мұздықтар қалыптасатын алқап жер бетіндегі ерекше белдемде - хионосферада (грекше - қар қабаты) орналасады, оның төменгі жағы қар сызығы деп аталатын шекарамен шектеледі. Қазақстан тауларында қар сызығы ауаның құрғақтығы мен климаттың континенттігіне байланысты бірсыпыра биікте жатыр. Қар сызығы оңтүстікте биік болады, солтүстікке қарай едәуір төмендейді. Қар сызығының орташа биіктігі Тянь-Шань таулар-ында 3800 м-ден, Алтай тауларында 2600 м аралығында жатыр. Бір тау жотасының оңтүстік және солтүстік беткейлерінде қар сызығының биіктігі 200-400 м айырма жасайды. Тіпті бір беткейдің өзінде де батысы мен шығысында қар сызығының биіктігі жүздеген метр биік не төмен болуы мүмкін. Алтай тауларында қар сызығының орташа биіктігі солтүстік беткейде 2300-2800 м, оңтүстікте 2500-3000 м, Сауырда - 3300 м. Қар сызығы Жетісу Алатауының солтүстігінде 3300-3500 м, оңтүстік беткейде 3300-3900 м, ал Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік жоталарында, атап айтқанда, Іле Алатауының солтүстік беткейінде ол 3700- 3900 м биікте, оңтүстікте 3900-4200 м биікте өтеді.

Тау мұздықтарының типтері

Мұздықтар тауларда әркелкі орналасқан. Ең көп шоғырланған ауданы Жетісу Алатауындағы 1369 мұздықтың ауданы 1000 км². Оның 996 км²-і солтүстік беткейде жатыр. Тянь-Шань тау жүйесінің республика жерінде 1009 мұздығы 857 км² жерді алып жатыр. Қазақстан Алтайында мұздану ауданы 89,6 км²-ге жететін 328 мұздық бар. Сауыр жотасында 18 мұздық орналасқан. Таулы бөлікте мұздықтар типтерінің үш түрлі негізгі топтары бар:
1. Тегістелген төбе мұздықтары биік таулар басында пайда болады, олар Жетісу Алатауында жиі кездеседі, басқа тауларда сирек, бүкіл мұздықтар ауданының 1%-ына тең.
2. Тау беткейлерінің мұздықтары тік беткейлердің ойыс жерлеріндегі аспалы мұздықтары, беткейлерде тараған кішігірім терең дөңгелек қар қазаншұңқырларында орналасқан. Қар типіндегі мұздықтары республика мұздықтар ауданының 33%-ын алып жатыр.
3. Аңғарлық мұздықтар, кәдімгі альпі типтес аңғарлық мұздықтарға жатады. Олар бүкіл мұздықтар ауданының 66%-ын қамтиды.

Қазақстан мұздықтарының ерекшелігі



Қазақстан мұздықтары әдетте шағын болып келеді, Ұзындығы 1-2 км-ден 3-4 км-ге дейін, аудандары да сол шамалы. Мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталады. Қазақстандағы ең үлкен мұздық Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы, ұзындығы 14,4 ауданы 36,8 км², мұздың қалыңдығы шамамен 300 м-дей. Аңғарлық мұздықтардың қалыңдығы 50-100 м, ал тау беткейлерінің мұздықтары 10-30 м.
Үлкен мұздықтар республиканың ірі өзендерінің басталатын жерлерінде орналасқан. Сондықтан мұздықтардың суы тау өзендерінің қоректену көзі. Тау өзендерінің басталар жерінде суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегі 35%-ы мұздық суынан құралады.
Қазақстанның биік тауларында климат қатал. Қыста мұз бетінің температурасы -10°С-қа төмендейді. Жазда мұздың беткі қабаты еріген кезде температура 0° шамасында болады. Биік таулардың мұндай қатал климаты мұздықтармен жапсарлас жатқан жерлерге де әсерін тигізеді. Көпжылдық тоңның төменгі шекарасы Алтайда 2000 м, Сауырда - 2300 м, Жетісу Алатауында - 2800 м және Тянь-Шань жоталарында - 3000 м биіктікпен өтеді. Республика мұздықтарының казіргі кезде көлемі кіші- реюде. Мұздықтар жылына 12-20 м-ге, ауданы 1000 м мұз қоры 0,05-0,1%-ға кемуде. Мысалы, орташа алғанда Алтайдың мұздықтары 15-20 м, Жетісу Алатауында 30- 40 м, Іле Алатауындағы Шокальский мұздығы жылына 30 м-ге дейін шегініп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет