Сабақтың тақырыбы: Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы Сабақтың мақсаты



жүктеу 23.47 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі23.47 Kb.
түріСабақ

Анарбекова Лаззат,

«Қазығұрт» №66 жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі

ОҚО,Шымкент қаласы

Сабақтың тақырыбы: Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға бұл тақырыпты меңгертіп отырып, оларды нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралын табуды үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың көру, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, берілген функцияның туындысы мен интегралын табуға баулу.

Тәрбиелік: Балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі: компьютер, интерактивтік тақта, презентация, жетондар т.б

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Қайталау сұрақтары

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру;

ІV. «Білімің – ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)

V. «Сергіту сәті» (логикалық сұрақтар, жұмбақтар)

VI. «Шешуші сәт.» Тест

VII. Қорытындылау; Бағалау.

VIIІ. Үйге тапсырма


1 слайд. Сабаққа дайындық (теориялық білім, формулалар)

Қайталау сұрақтары!

Дәрежелік функция деген не?

Жауабы: y=xⁿ

2.n-жұп болғанда функция графигі қалай аталады және ол қалай орналасады?

Жауабы: парабола,oy осіне қарағанда симметриялы

3.n-тақ болғанда функция графигі қалай аталады және ол қалай орналасады?

Жауабы:кубтық парабола,координаталар бас нүктесіне қарағанда симметриялы.

ІІ. 2 слайд. Ауызша есеп (қайталау).

Төмендегі графиктерге сәйкес келетін функцияны атаңдар және анықталу облысымен мәндер облысын анықтаңдар




ІІІ. Жаңа сабақ


Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы

10-сыныптан , мұндағы n – бүтін сан.


Осы формуладан k кез келген нақты сан болса, онда дәрежелік функцияның туындысы


формуласымен есептелінеді.



Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табайық.

функциясының алғашқы функциясы

мұндағы k - кез келген бүтін сан және k= -1 екені I тарауда қарастырылған.
Кез келген нақты сан үшін дәрежелік функцияның интегралы мына формуламен анықталады:



Оқулықпен жұмыс

№158, №159, №160 (1,3), №161(1,3)

Тесттік тапсырмалар

Дұрыс жауаптары


Сабақты қорытындылау.



Үйге тапсырма: №160 (2;4), №161 (2;4), 166 есептер

Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет