Сабақтың тақырыбы: наурыз тойы



жүктеу 41.57 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі41.57 Kb.
түріСабақ

Астана қаласы

68 орта мектептің



Бастауыш сынып мұғалімі

Алдабергенова Қарлығаш Нұрбековна

Сабақтың тақырыбы: НАУРЫЗ ТОЙЫ.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алған "Наурыз" тойының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, қазақша жаңа жылдың келу салтанатын түсінікті баланың жас ерекшеліктеріне байланысты әрі өзін қатыстыра отырып сөйлету.

Тәрбиелік мәні: Ұмытылып бара жатқан әдет-ғұрыпты: имандылыққа, тіл мен дініміздің берік орын алуына тәрбиелеу, бағдар беру.

Көрнеклік заттар: Қатысушылар тегіс ұлттық киім киеді. Кешті батамен ұлкен кісі ашады. Сынып ортасына қазақтың шаңырағын орналастыру, үй ішін көрсету: түскиіз, күн мен түннің бейнесі, әлем ағашы.

1-бастаушы: Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам. Қазақтар әрқайсысы 30 күннен тұратын он екі айға бөлген санатқа кірмей қалған бес күнді бесқонақ деп атаған. Ежелгі сенім бойынша жақсылық пен жамандық жан алып, жан берісетін екен, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер кезін халық "өліара" деп атаған.

(Көптеген көріністер қоюға болады. Алдар көсе, Тазша бала, Қырық өтірік ертегілерінен) Ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар. (Сахнаға екі ер бала шығады).

- Ассалаумағалейкум!

- Әликумассалам!

- Мал-жан аман ба?

- Шүкір, шүкір!

- Наурыз құтты болсын!

- Бірге болсын!



1-окушы: Наурыз келді, Наурыз келді ағайын!

Құшырлана құшағымды жазайын,

Көктем шыға күлімсіреп көк аспан,

Әнге толды, күйге толды маңайым!

Наурыз елдің ақжарылқап айындай,

Тербетілген кербез, сұлу қайыңдай

Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүтпен бұлақ ағызған,

Жаңа жылдың сипаты,

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан!

2-бастаушы: Қазақтар Наурызды жыл басы санайды! Наурыздың 21-ші жұлдызында Қыдыр ата даланы аралайды екен. Қыдыр ата-адамдарға бақыт дәулет әкелетін көзге көрінбейтін ақсақал. Қыдыр түні үйге қос шырақ жағып отырған. Жаңа жылда үйді тазалап, ағартып отырған. Сол күні қар немесе жаңбыр жауса нұр жауды деп санаған, Үстіне аппақ киім киген.

2-окушы: Жасың қүтты болсын,

Өмір жасың ұзақ болсын,

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс берекелі болсын!

Пәле-жала жерге енсін!

-Аумин!


3-окушы: Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасқан өрістен,

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар,

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар.



1- бастаушы: Ұлыс күні жеті түрлі заттан: сүр ет, қойдың басы, сүт, кұрт бидай, сәбіз, пияздан қазан толы көже берілген. Басты ауыл қариясынан таратқан.

4-окушы: Бақытты ас берсін

Ұлыстың ұлы күнінде,

Менің берген бұл батам,

Ұлыс күнге сақталып жүрген сүр батам.



5-оқушы: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Ұлыс күні басталды.

Наурыз туын көтеріп,

Жар салайық әлемге!

Жаңарған сананың

Ұмытады мұны кім?!

Ата салтын бабамның.

Алып келді Ұлыс күн!



2 – бастауышы: Енді балалар әдеп-ғұрып, салт – дәстүр туралы әңгімелесейік. Қазақта, әдеп – ғұрып, оның мәдениеттік ерекшеліктері болып табылады. Халық әдептілік пен ілтипаттылықты ұрпағына. Әуелі үйретіп, дағдыландырып, әдепті қалыптастырған. Қалыптасқан әдеп – ғұрыпқа айналып, халықтың санасына сіңіп, салт – сана пайда болған.

Әдеп – ғұрып негіздері; ырымдар, тыйымдар, әдет, рәсім, дәстүр, салт. Әрбір негіздің тәсілдері мен үрдістері бар.

Ырым – жақсылықтан өнеге алып, оған жету үшін жасалатын әрекет. Тасаттық ырымы (құдай жолына мал) көктем жауынын тілеу.

“Аластау”, “Ұшықтау” ырымы аурудан айыруға кісіні сендіру, келін түскенде, ақ жолы болып, шырағы жанып, оты лаулап, бақытты өмір сүруін тілеу.



1. Бастаушы. Қазақтың тыйым рәсімдері өте көп. Олар жас ұрпақты аруақты сыйлауға, табиғатты қорғауға, әдепті болуға, қарапайымдылық пен имандылыққа баулиды.

Кітапты аттама, кем балаға күлме, үлкеннің жолын кеспе, көкті жұлма, өлген адамды жамандама, есікті керме, әкеге әкіреңдеме т.б. тыйымдар ырымдармен байланысты.



2-бастаушы: Қазақта жасөспірімді тәрбиелеу үшін талап ету, талап қою рәсімдері өмірлік, тұрмыстық ереже болып қалыптасқан. Мысалы қыз балаға әдепті болу, таза жүру, әсем киіну, әке шешені күту, өнерлі болу тамақ дайындай білу, әдеп сақтау, өсек айтпау. Ұлттық дәстүрлерді құрметтеу т.б. талаптар қойылады. Сол сияқты ер балаға да көптеген талаптар қойылып. Оның іскер, инабатты, батыл, ержүрек, жігерлі азамат болып өсуіне қамқорлық жасалады.

1. бастауышы: Әдепті әдептердің өмірге сіңіп, тұрмыста қалыптасуы - әдеп – ғұрып деп аталанады. Қазақтың әдеп – ғұрыпы бойынша Наурыз тойы, айт, сабантой, бесік тойы, үйлену тойы т.б. тойлар. Қазан жарыс, шілдехана, құда түсу т.б. тойлар өткізіледі. Бір дәстүрге тоқтайық “Киіт” (дәстүр) “Құдалық белгісі киіт, қоныс белгісі – бейіт” (мақал). Құдалықтың негізгі белгісі және олардың арасында жүретін соған ғана лайықталған сый сияпат. Ол құдалар дәрежесіне, дәулетіне байланысты әр түрлі болып келеді. Мысалы, бұрын құндыз жағалы тон, қасқыр ішік, жақсы кілем тағы басқа қымбатты бұйымдар, киімдер мен заттар берілген. Киіт қазір де бар.

Енді әдет – ғұрып бойынша біреуіне тоқталып өтейін.



2. бастауышы: 1 оқушы шығып бесікке баланы қалай бөлейтінін көрсетеді. 2 оқушы содан кейін бал тәй-тәй басып келе жатқанда, баланың тұсауын қалай кесетінін түсіндіріп көрсетеді.

1. бастауышы: Сонымен біз қандай тақырып қарастырдық.

Осымен біздің бүгінгі “Тәрбие сағаты” аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет