Сабақтың тақырыбы: «Не? Қашан? Қайда?»



жүктеу 78.2 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі78.2 Kb.
түріСабақ


Сабақтың тақырыбы: «Не? Қашан? Қайда?» интеллектуалды ойыны

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-

интернатының тәрбиешісі Карасаева Алтын Алмасовна

Сабақтың мақсаты: оқушылардың танымдық, интеллектуалдық өй-өрісін кеңейту.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың көрнектілігі: интерактивті тақта, қара корап, сұрақтары бар конверттер, күй әуені, суреттер, бейне роликтер.

Барысы: Сәлеметсіздер ме кұрметті жиналған қауым, бүгінгі «Не?Қайда?Қашан?» ойынына қош келіпсіздер.  

1-сұрақ.

Жеті үйрек ұшып бара жатыр. Аңшы екеуін атып түсірді. Неше үйрек қалды.

        Жауап Екеу, өйткені қалғаны ұшып кетті

2-сұрақ.

Бөлмеде төрт бұрыш бар. Әр бұрышта қара мысық отыр. Әрбір қара мысыққа қарап үш мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық?

                                                        Жауап Төртеу

 3-сұрақ.

Қаздар ұшып келеді. Алдында бір қаз және оның артында екі қаз. Ең соғы қатарда бір қаз және оның алдында екі қаз. Екі қаздың ортасында  бір қаз  және барлық қаз бір қатарда ұшып келеді. Барлығы неше қаз?

                                                        Жауап Үш қаз



4-сұрақ.

188 санын екіге қалай бөлгенде  100 сандарын алуға болады.



Жауап ортасынан бүктеу керек

 5-сұрақ

Бұл аралдың ауданы 590 мың км 2 , ол жерде тұяқтылар мүлдем жоқ, өсімдіктің 3000 түрі кездеседі. Маймылдардың 35 –ке жуық түрі бар.

Жауабы: (Мадагаскар аралы)

 6-сұрақ

Ортағасырларда Жерорта теңізінде орналасқан Менорка аралының астанасы -Майонның іргетасын қалаған кезде жұмыртқаның сары уызына араласқан цементті пайдаланған. Мемлекетті басқарып отырған Ришелье герцогі қалған шикі жұмыртқаның ақ уызынан тағам дайындауға жарлық берді. Нәтижесінде қандай тағам пайда болды?

Жауабы: (Майоне қаласында пайда болған соус – Майонез).

7- сұрақ

Олқұрылғыныңшығутарихысоғыстанкейінгіжылдарыментығызбайланысты. АТ және Т зерттеулабораториясыойлаптапқан. 1947 жылыолөтеқажетеді, бірақ оны өзіменбіргеалыпжүруқиынболды, себебіоныңсалмағы 30 - 40 кг дейінжетті. 50 жылдарыоныңсалмағыазайып, 70 жылдары 12-14 кг болды. Қазіргізамандаолқұрылғыкеңінентаралған, салмағы 1 кг-да жетпейді. Мектебіміздеолқұрылғыныұстауғатиымсалынған, бірақата-аналардыңайтуыбойыншаолбалаларынақажет. Сұрақ: қандайқұрылғытуралыайтылыпотыр?



Жауабы: телефон

8- сұрақ

1846 жылы бұл спорт түрінің ойын тәртібінде былай деп жазылған: есеп ашылмаған барлық кездесулер 3 күннен аса жалғаспауы керек. Қай спорт түрі туралы айтылған?


Жауап: Футбол

9-сұрақ

Эскимостар бұны сұйық, жеңіл, ауыр, сынғыш әрі жылтырақ болады деп санайды. Сонымен қатар олардың екі жүзге жуық түрін ажырата алады. Бұл не?


Жауап: Қар
3 тур:Сиқырлы сандық

Сандық ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады.Ойлануға 1 мин, дұрыс жауап 10 ұпай.


І топқа:
Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Орта Азия.


Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.
Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.
Жауап: Сарымсақ

ІІ топқа:


Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек: Отаны - Қытай


Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.
Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.
Жауабы: Шай
4 тур:Елтану Әлемге белгіліғимараттар.Олардыңқайдаорналасқанын, қалай аталадытабуларыкерек.

   



   

Ұлы Қытай қорғаны(Азия, Қытай),

Эйфель мұнарасы (Франция, Париж),

Колизей (Европа, Рим, Тиалия),

Тәж Махал (Азия, Ара, Үндістан),

Мачу-Пикчу (Оңтүстік Америка, Перу),



Гиза пирамидалары (құрметтi кандидат). Африка. Мысыр),

5 тур:Тұлғалар сыры.Бұл тұлғалар кімдер және қай салаға үлес қосқандар екенін табу керек.



1.Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия;  — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушытарихшыфольклоршыэтнографгеографағартушы

2. Төле Әлібекұлы қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған.



3. Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) үш жүздің басын қосқан хан.— 17711781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.

4. Әбу Насыр Әл-Фараби әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астраном, ботаник, лингвист, музыка зерттеушісі.

Әуен саласында

   

  1. Шәмші Қалдаяков-компазитор

  2. Егор Крид — ресейлік жас әнші

  3. Бейо́нсе Жизе́ль Но́улз-Картер(ХьюстонТехасАҚШ) —америкалық әнші, музыкалық продюссер, актриса, биші және модель.

  4. Волфганг Амадей Моцарт – Вена классикалық атақты композитор. Асқан шебер скрипкашыдирижер болған. 


Кино саласы
   

  1. Шәкен Айманов- режиссер, актер

  2. Баян Махатқызы- продюсер

  3. Джонни Деп –Американдық актер, кинорежиссер,музыкант, продюсер

  4. Джеки Чан (7 апреля 1954) - актер-каскадер, режиссер.

Спорт саласы


  1. Қажымұқан Мұңайтпасов- Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан.

  2. Майк Тайсон –әлемге әйгілі боксшы

  3. Ермахан Ибраимов-қазақ бокшысы

  4. Денис Тен-мұз айдыны

  5. Бекзат Саттарханов-жас боксшы

  

6 тур:Ойлы болсаң,озып көр! Мемлекеттіңтуларыкөрсетіледі.Дайынтоптартудыңқаймемлекеткетиесіліекендігінтауып,астанасыменбіргеатаса,толықұпайғаиеболады.

1. 2. 3. 4.

5. 6. 7. 8.

9. 10.

1)Ресей(Москва) 2) Қазақстан (Астана) 3)Франция (Париж) 4)Италия(Рим)

5) Швеция(Стокгольм) 6)Нидерландия(Амстердам) 7) Германия (Берлин)

8)Корея (Сеул) 9) Қытай (Пекин) 10)Қырғыстан (Бішкек)





7 тур «Әдеби шығармалардан үзінді»  

Әдеби шығармалардан  үзінді  беріледі, кейіпкерлер  бейнесін  анықтау.



1 топ

“Біздің кемеміз ашық теңізбетіне сұрапыл қатты дауылғакездесіп, апатқа ұшырады. Кемедегіменнен басқа адамдардың бәрі десуға батты. Мен шала жансаркүйімде қарғыс атқан осы аралғалақтырып тасталдым. Ол аралға“Түңілу” аралы деп ат қойдым.Үзінді қай шығармадан алынған?Авторын ата.

Жауабы: Даниэл Дефо “Робинзон Крузо” Ағылшын жазушысы осы жалғыз
романымен-ақ әлемге әйгілі болды.

2 топ

–Бұл  кім?

-Мен  ғой, ата.Мен  Қожамын.

-Мұнда  неғып  отырсын?

-Педсоветке  келдім.

-Онда  сенің  не  шаруаң  бар:

-Мен  жөнінде  мәселе  қозғап  жатыр.

-Мәселе, қандай  мәселе? Сені  мұғалім  етеміз  дей  ме?

-Директор  етеміздейді.

Бұл қандай шығармадан үзінді, шығарма авторы кім? Кейіпкерледі ата

Жауабы:Б.Соқпақбаевтың  шығармасындағы  Қожамен  әңгімелесіп  тұрған  Сүттібай  қарт. (Сәйбек)"Менің атым Қожа" — 1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын повесть. Авторы – Бердібек Соқпақбаев.

Ол орысукраинфранцузлитваөзбек тілдеріне аударылды.



8 тур «Жүйрік пе екен ойымыз?»Ребус шешу

  • Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды

  • Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді

9 тур:Шешендік өнер Берілетін уақыт 3 минут.

1.Болашақтобының капитан командасына: «Болашақтаәкімболсаң не дамытаредің?»

2. Талапкер тобының капитан командасына: «Талапкердің негізгі мақсат-міндеттері қандай?»
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін қазыларға берейік
Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың біз нәтижесін көрейік,- дей келе ендігі қорытынды сөз кезегін қазыларға береміз.

Қорытынды бөлім
Сайыстың қорытындысын шығару;
Әділ қазыларға сөз беру;
Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.Ең үздік топты анықтау, 

номинациясыбойыншамарапаттау.



     Құпия жәшікте жатқан зат

Грек тілінен аударғанда "ойын сүйегі" деп аталады. Оның атын Пифагордың шәкірттері енгізген болатын, қазір бұл зат балаладрың ойындарында кеңінен пайдаланылады. Қара жәшікте жатқан не?

(Кубик)


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет