Сабақтың тақырыбы: Қобыланды батыр Білімділік жағы



жүктеу 74.24 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі74.24 Kb.
түріСабақ

Нухридинова Ж.Д

Сабақтың тақырыбы: Қобыланды батыр
1.Білімділік жағы:

А) Жырдың ырғағына сай таңдап,мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Жырдың мазмұнын түсіндіру.Кейіпкерге мінездеме беру .Жырдың негізгі идеясын ашу, талдау.



Ә) Тәрбиелік жағы :

Отанын, туған жерін сүюге халқын құрметтеуге ,тарихын, елін, әдебиетін, өнерін қадірлеп, батырлардың ерлігін дәріптеу.Жыр кейіпкері Қобыландының бейнесі арқылы оқушылардың бойына патриоттық сезімді ояту барысында батылдыққа, өжеттілікке тәрбилеу.



Б) Дамытушылық жағы:

Батырлар жөніндегі танымдық білімді толықтыру арқылы дүниетанымын кеңейту.Сөздік қорын молайтып,сөйлеу тілін дамыту барысында шығармашылыққа баулу.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Батырдың киімдері, қару –жарақтары суреттер альбом плакатқа сызылған кесте«Қобыланды «жырынан үзінді «Ақсауыт» І том, «Батырлар жыры» Ітом ,Күйтабақ Мұхтар Өтебаевтың орындауында.

Сабақтың өту барысы

Сабақтың өту барысы



І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін ,назарын ана тілі сабағына аудару

Ата –дәстүр салтын ,

Құрмет тұтып ,сақтайық

Ата-ананың борышын,

Қадірлейік ақтайық.



ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген «Шөже торғай мен Қарлығаш» мысалын жоспар бойынша әңгімелету.



Жоспар

І. Шөже торғай мен қарлығаштың кездесуі

ІІ. Шөже торғайдың сауалы

ІІІ. Қарлығаштың жауабы

ІV. Шөже торғайдың қате пікірі

Үй тапсырмасын 4 балаға әңгімелету әр оқушыға отырған әңгімелеп айтып,тұрған оқушыға сұрақ қойғызып мысалды қалай меңгергенін бақылау



Проблемалық сұраққа жауап алу.

-Сендер өздерің шөже торғайдың орнында болсаңдар қарлығаштың ақылына қалай жауап қайтарар едіңдер?

/3,4 баланың пікірін тыңдау/

ІІІ Өткен сабақты пысықтау

Ұшқалақ .Қайырымды. Әдемі.

Мағынасына мәндес сөздерді таптырып ,осы сөздердің артына жасырынған сөздерді таптыру.

Ә) Қарлығаш сөзін қатыстырып сипаттау мәтінін құрастыру

Қарлығаш


Қарлығаш-өте әдемі құс.Ол қайырымды.Қанаттары қара ,бауыры ақ,құйрығы айыр.Ол нәзік, сұлу, мейрімді құс

Шөже торғай

Шөже торғай-ұшқалақ ,ұсқынсыз нәзік қоңыр түсті құс.

Б) Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыратын көпір.Ал балалар қандай сөздер жасырыныпты?



Халық

Ауыз

Әдебиеті


Халық ауыз әдебиетінің түрлеріне нелер жатады?

Тұрмыс-салт жырлары


Мақал- мәтелдер


Ертегілер

Батырлар жыры

-Халық ауыз әдебиетінің түрлерінің артына да сөздер жасырынған .Оны табу үшін жырдың түрлерін анықтап айтуымыз керек.

Төрт түлік

Салт- дәстүр

Отан ,жер, достық, білім ,оқу өнер, бірлік, денсаулық, өсиет,ойын,ақыл,имандылық, заман,ата-ана, қоғам


Күлдіргі,қиял- ғажайып,тұрмыс- салт,хайуанаттар


Алпамыс Қобыланды

Ертарғын Қосай Қамбар


-Кәне, енді жасырынған сөздерді оқиық.

«2009 жыл – 100 мектеп - 100 аурухана бағдарламасы» Балалар ендеше биылғы жылы біз білімді, ғылымды, өнерді, денсаулықты, тарихты, әдебиетімізді, тілімізді жанданыруға ат салысуымыз керек.Тілімізді қолдап, тарихымызды жақсы білетін азамат болып өсеміз.



Жаңа сабақ

Қобыланды батыр туралы өтеміз. Ол туралы әкелген мағұлматты ортаға салайық



Айдын

Қобыланды батыр, Қарақыпшақ Қобыланды – аты аңызға айналған халық батыры, қолбасшы.
Шамамен XV ғасырда өмір сүрген. Қыпшақ тайпасының қарақыпшақ тармағынан шыққан. Халық жадында сақталған әңгімелерде оны көбіне «Қарақыпшақ Қобыланды» деп атайды. Сондай-ақ, Қобыландының ірі қолбасшысы болып, талай шайқастарға қол бастап барғаны жөнінде де баяндалады.

Аружан

Ол жас кезінде Көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі Әбілхайыр ханның жанында жүреді. Ханның арандатуымен Қодан тайшының ұлы Дайырқожаны (Ақжол биді) өлтіреді. Бұл оқиға Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайырдан бөлініп 200 мың адаммен бірге Шу өзені бойына көшуіне, сөйтіп, жаңа мемлекет – Қазақ Хандығының пайда болуына алып келеді. Қазан қаласына жасалған жорыққа қатысқан.Едіге бидің төртінші ұрпағы Әлшағырмен соғысқан. Өзі де Әлшағырдың ұлы Орақ батырдың қолынан қаза табады. Бейті қазіргі Ақтөбе облысы аумағында.


Қобыланды батырдың кесенесіне тағзым .

Мадина "Қобыланды батыр" жыры - қазақ халқының қаһармандық жыры.Негізгі мазмұны – шетел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған классикалық шығарма.Жырдың ең көне түрі бізге жетпеген. «Қобыланды батыр» жырын жырлаған ақын, жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып, өңдеп, әрлеп отырған.Сондықтан да, «Қобыланды батыр» жыры көп нұсқалы жыр.

Бізге талай ғасыр талқысына түсіп, талай ақын-жыраулардың өңдеуінен өткен кейінгі нұсқасы ғана белгілі.



Дана «Қобыланды батыр» жырын жинау, хатқа түсіру жайы тек ХІХ ғасырда  ғана қолға алынды. «Қобыланды батыр» жырының бізге 29 нұсқасы жеткен. Оның 26 нұсқасы – Қобыланды батырдың ерлігі жайында,Қай нұсқа болмасын алғаш хатқа түсіріп, оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен (Мысалы: Мергенбай, Біржан, Нұрпейіс, Қабыл, Нухридин т.б.) аталған. Суретте «Қобыланды батыр» жырын таратушы жыршы Сеспайтегі Нухридин Жаңаарқа өңірінде жырлаған.

Мұғалім сөзі

-Дұрыс балалар сендер өте құнды мағұлматпен таныстыңдар, Олардың батырлық, қаһармандық істерін мадақтап, жырға қосқан алғашқыда батырдың бір ерлігі айтылса кейін басқа жорықтары жалғасып,оқиға тізбегінен өрбіген. Сөйтіп халық шығармаларының көлемі де көрнекті батырлар жыры пайда болған. Осыдан жырау,жыршы термині пайда болған.

-Жырау деп кімді айтамыз деп ойлайсыңдар?

-Жырды өзі шығарып,өзі айтушы адамды жырау- деп атаймыз.

-Жыршы деп кімді айтамыз деп ойлайсыздар?

-Жырды жатқа айтушы таратушы адамды жыршы- деп атаймыз



Күйтабақтан /үзінді жырды/ тыңдау

-Балалар жырды оқыған кезде жырдың әуенін ырғағын айтылуына байланысты ауыстырып отыру керек.Өйткені жыр өте көлемді шығарма Тыңдаған кезде оқулықты қолдарыңа алып әуені өзгерген бөліктерін қарындашпен белгілеп отырыңдар.Түсініксіз сөздердің астын сызып белгілеп қойыңдар.



Сөздік жұмыс Сөздік жұмысты оқушылардың түсінбеген сөздерінен бастау.

Шәрі-қала, Қыпшақ –қазақ руы, Қызылбас – парысылардың атауы ,

Қарыс, сүйем деген сөздердің мәнін ашу ұзындық өлшеуіштің орнында пайдаланғанын айту.

Қарыс- ортаңғы саусақ пен бас бармақты созып өлшеу.

Сүйем-бас бармақ пен сұқ саусақты керіп ұстаудағы аралық

Қарыс 22-25 см Сүйем 17-18



Сергіту сәті

Оң қолда бар бес саусақ

Сол қолда бар бес саусақ

Оларды атап шақырар,

Әрқайсының аты бар

Мынау- Бас бармақ,

Мынау –Балан үйрек

Мынау –Ортан терек

Мынау –Шылдыр шүмек

Мынау - Кішкене бөбек.



Оқулықпен жұмыс

«Қобыланды батыр» жырынан үзінді оқыту. Оқушы оқып тұрған кезде мұғалім әрбір сөзді дұрыс, нақты дауысына, жырды мәнеріне келтіріп оқуын қадағалау.



Талдау

-Батырлар жырында кімдер туралы айтылған ?

-Арыстан туған Қобыланды деген жолда не аңғардың ?

-Қобыланды не мақсатпен жорыққа аттанды?

-Дұшпанның елге жасаған қиянатын қай жолдардан байқадың?

-Қобыланды Алшағырды не үшін жекпе- жекке шақырды деп ойлайсыңдар?

- «Қарыңа сүңгі іле шық» дегенді қалай түсінесің?

Шығармашылық жұмыс

1Тапсырма: Қобыланды батырға қатысты теңеулерді тауып мінездеме бер.

Қобыланды нар түйедей, ақсұңқар құстай, түлкідей, арыстан туған қаһарман,өжет.

2 Тапсырма: екі қатарға тең бөліп,батырдың киімдерін, қару- жарақтарын атау.





Киімдері


Қару- жарақтары



Дуылға

Сауыт

Жамылғы

Белдік



Садақ, жебе, найза, сүңгі,

Айбалта, қалқан, қанжар, қылыш,

Семсер, мылтық , шоқпар.
Бекіту Сөз жұмбақ шештіру




1

а













2













3













4













5



















6













1.Батырдың кеудеге киетін киімі /сауыт/

2.Батырдың бас киімі /дуылға/

3.Алыстан түйрейтін қару/найза/

4.Өткір ,үлкен, пышақ /қанжар/

5.Қобыландының руы /қыпшақ/

6.Қаһарман- өжет адам /батыр/



Үйге тапсырма

Жырды мәнерлеп оқу, қара сөзбен әңгімелеп айту.

Өздеріңе ұнаған бөлігін жаттау

«Қазіргі заман батыры қандай?» тақырыбында эссе жазып келу.



Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет