Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейту. Сабақтың мақсаты



жүктеу 30.29 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі30.29 Kb.
түріСабақ

5 сынып

Өткізілу мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: 6.2. Ондық бөлшектерді көбейту.
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға бағдарлама талаптарына сай білім беру, ондық бөлшектерді көбейту алгоритмін айта білуге үйрету және оны пайдалаа білуге дағдыландыру, ондық бөлшектерді 0,1; 0,01; 0,001, т.с.с. разряд бірліктеріне көбейтуді үйрету, дағдыландыру;




  1. Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды дамыту мақсатында жұмыс жүргізу, өз бетімен есеп шығаруда қажетті білім, білік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;




  1. Тәрбиелік мақсаты: Сабақ жүргізе отырып, оқушыларда өз еліне, ұлтына, Отанына деген патриоттық сезімдерді ояту, жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, болашақта жақсы тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау.


Сабақтың түрі: дәріс сабағы (жаңа сабақ)
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, жазу, шығару, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дидактикалық материалдар, тақта
Сабақ барысы:
Ι. Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу;

ә) түгендеу;

б) дайындау;

в) кезекшімен жұмыс;

г) зейінін, назарын сабаққа аударту.
ΙΙ. Негізгі кезең: Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
6.2. Ондық бөлшектерді көбейту.
Есеп. Тік төртбұрыштың ұзындығы 6,3 см, ені 2,8 см. Оның ауданын табыңдар.

Шешуі. 1-тәсіл. Тік төртбұрыштың берілген өлшемдерін миллиметрмен өрнектеп, шамалардың сан мәндерін натурал сандармен жазайық: а=6,3см=63мм; b=2,8см=28мм; S=ab; S=63∙28=1764(мм2);

Шыққан ауданды квадрат сантиметрмен есептесек:



2-тәсіл: Тік төртбұрыштың өлшемдерін жай бөлшекпен жазып, жай бөлшектерді көбейтіп, оның ауданын табайық:

6,3∙2,8= = = = =17,64

Жауабы:17,64см.

Екі тәсілмен шығарылған есептің нәтижесін қортындыласақ, екі көбейткіште барлығы қанша ондық таңба болса, көбейтіндіде сонша ондық таңба бар. Демек, ондық бөлшектіерді көбейту мынадай ережелермен орындалады.


Ондық бөлшектерді көбейту үшін:
1) үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейтуді орындау керек

2) шыққан нәтижеден көбейткіштердің екеуінде үтірден кейін неше ондық таңба тұрса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен айырып бөлу керек.

1 – мысал:



Түсіндіру: ондық бөлшектерді үтірге назар аудармай көбейтіп, 20496 санын аламыз. Көбейткіштердің екеуінде үтірден кейін барлығы үш таңба тұр. Сондықтан көбейтіндіде оң жақтан солға қарай үш цифрды үтірмен ажырату керек. Сонда 20,496 шығады. Жауабы: 20,496
2-мысал:




Түсіндіру: 134 және 2 сандарының көбейтіндісі 268-ге тең. 0,134 және 0,02 көбейткіштерінде 5 ондық таңба бар. Көбейтіндіге цифрлар саны жетіспейді, сондықтан көбейтіндінің алдына қажетті нөлдерді тіркепжазамыз.Сонда көбейтінді 0,00268.

Жауабы: 0,00268.


Ондық бөлшекті 0,1;0,01;0,001;.... көбейтуге тоқталайық.

3-мысал:

56,1∙0,1= 5,61. 12,32∙0,01=0,12327 5.8∙0,001=0,0058

Осы есептеулерден мынадай ереже тұжырымдауға болады.

Ондық бөлшекті 0,1;0,01;0,001... разряд бірліктеріне көбейту үшін, осы бөлшектегі үтірді разряд бірліктерінде неше нөл болса, сонша цифраға солға қарай жылжыту керек.
Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейтуде де ондық бөлшекті натурал сандарға көбейтудегідей көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттері орындалады.

ΙΙΙ. Бекіту кезеңі: Сыныпта: № 1069, № 1071 (жұп), № 1079, № 1083 (тақ)
IV. Үйге тапсырма беру кезеңі: Үйге: № 1070, № 1072, № 1074, № 1077
V. Қорытындылау кезеңі. Оқушылардың алған білімдерін сұрақ қою арқылы тексеру.

Сұрақтар
1) Ондық бөлшектерді көбейту ережесін тұжырымдаңдар.

2) Егер көбейтіндідегі цифрлар саны үтірмен ажыратуға тиісті цифрлар санынан аз болса, не істеу керек?

3) Ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001, ... разряд бірліктеріне қалай көбейтеді?


VI. Бағалау кезеңі: Оқушыларға білім деңгейіне сай баға қою.







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет