Сабақтың тақырыбы Организмнің жеке дамуы Сілтеме Жоспар Мақсаты



жүктеу 55.64 Kb.
Дата24.07.2018
өлшемі55.64 Kb.
түріСабақ

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентіндегі

Шекер Ермағанбетова атындағы №246 орта мектептің

биология пәнінің мұғалімі Шамшиева Индира Сабитқызы



ІIIтоқсан

Күні:

Биология

10 сынып

45 минут

Сабақтың тақырыбы

Организмнің жеке дамуы

Сілтеме

Жоспар

Мақсаты

- Ұрықтық кезеңнен бастап, дүниеге келгенге дейінгі кезеңдер жайында білімдерін нығайту; Оқушылардың білімін нақтылап, өз бетімен ізденуге жетелеу және жан - жақты ойлау қабілеттерін жетілдіру.

- Ұрықтың дамуы туралы оқыта келе, оқушылардың талдау, ойлау, салыстыру, қорытындылау қабілеттерін дамыту;

- Оқушыларды тәрбиеге баулу.


Негізгі идеясы

Жасуша ұрықтанған соң организмнің жеке дамуы- онтогенез басталады. Онтогенез екі кезеңге бөлінеді. Эмбриондық (ұрықтық) даму және постэмбриондық (ұрықтан кейінгі дамуы) яғни организмнің жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан кейінгі кезең. Эмбриология (гр. embryon- ұрық , logos- ғылым) – организм ұрығының дамуын зерттейтін ғылым.Бір қабатты ұрықтың бластуланың түзілуі. Организмнің жеке дамуын – онтогензді ланцентниктің бөлшектенуі және дамуын қарастыру.Бластула – бір қабатты ұрық. Гаструла үш қабатты ұрықтың пайда болуы.Қос қабатты даму сатысы. Нейрула қабаты сатысында дернәсілдің немесе ересек организмнің жеке мүшелері дами бастайды.Эктодерма- жүйке түтігі, ми мен жұлынның бастамасы.Энтодерма ішкі мүшелердің бастамасы. Мезодерма бұлшық ет , шеміршек, қаңқа т.б Постэмбриондық кезең ұрықтан кейінгі кезең. Екіге бөлінеді тура даму, түрленіп даму .Қартаю дегеніміз- барлық тіршілікке тән организмдердің солуының жалпы биологиялық заңдылығы. Геронтология – қарттық туралы ғылым.

Күтілетін нәтиже

1. Организмнің жеке даму туралы ақпарт алады.

2.Онтогенез сатыларын түсіну.

3. Постэмбриондық кезең мен эмбриондық кезеңді ажырата білу.


Тапсырмалар

Топтық тапсырма –

Жұптық тапсырма

Жеке жұмыс

мәтінмен танысу (постер қорғау).

Топта талқылау.




Әр топ берілгентапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.

1.Салыстыру.

2.Биологиялық диктант

3. Венн диаграмма

4.Сәйкестендіру тесті


Құзіреттілік тапсырмалары.

(ия немесе жоқ)



Пән аралық байланыс

Медецина

көрнекіліктер

АКТ, плакат, стикер, слайд т.б.

Дереккөздер

Қосымбаева Т, Мұхамбетжанов К. Мектеп баспасы 2014

Журналдар, интернет,



Бағалау

Формативті

Кейінгі әрекет

Организмнің жекедамуы жайлы қосымша ақпараттар жинақтау. (10 сынып, Биология)



1 топ

Сабақ барысында мұғалім мен оқушы қандай жұмыстар атқарады.

І Ұйымдастыру кезеңі:


  1. Сыныпта жағымды ахуал тудыру.Сынып түгелдеу.

  2. Сынып оқушыларын топқа бөлу.

ІІ. «Білім минуты» ( сұрақтар қою техникасы).

1. Ұрықтану дегеніміз не? Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы.

2. Аталық гаметалар қайда дамиды? Тозаңқаптың тозаң түтікшесінде дамиды.

3. Эндоспермнің құрамында қандай заттар бар?Нәруыз, майлар,көмірсулар.

5.Гүлді өсімдіктердің қосарлы ұрықтану жолдарының негізін салған? Акелі балалы Навашиндер.

6. Аналық гаметалар қайда дамиды? Аналық жыныс түйінінде дамиды?


ІІІ. Жаңа мағынаны тану.( постер қорғау)

І Топ - онтогенез

ІІ Топ –бластула

IY топ -гаструла

Y топ- нейрула
ІҮ.Жұптық жұмыс.

Жұптық жұмыс екі оқушы отырып орындайды. (1 топ тапсырмасы)





Жұптық жұмыс. (2- топ тапсырмасы)


  1. ......................... организм ұрығының дамуын зерттейтін ғылым.

  2. Биогенетикалық заң бойынша онтогенез дегеніміз .......................... қысқаша қайталануы.

  3. Митоздық бөліну нәтижесінде пайда болған бөлшектерді ............................ деп атайды.

  4. ................ іші қуыс екі қабат жасушалардан тұратын ұрық.

  5. ........................... қарттық туралы ғылым.

  6. Эмбриондық дамудан соң дернәсілдің пайда болуы ........................... .. деп аталады.

Жауабы: 1.Эмбриология . 2. Филогенездің . 3. Бластомерлер 4. Гаструла . 5. Геронтология . 6. Түрленіп тану.


Жұптық жұмыс ( 3 топ тапсырмасы)

Венн диаграмма

Тура даму ұқсастығы Түрленіп даму

блок-схема: узел 11


блок-схема: узел 12

Жұптық жұмыс ( 4 топ тапсырмасы)

Сәйкестендіру тесті.


1. Ұрықтың дамуы

Бластула

2. Ұрықтанудан кейін зигота дамуының алғашқы сатысы


Эмбриогенез

3. Ұрық дамуының екінші сатысы

Нейрула

4. Тірі ағзаның туу мерзімінен өлуіне дейінгі жеке дамуы

Гаструла

5. Гаструладағы жасушаның сыртқы қабаты

Онтогенез

6. Гаструладағы жасушаның ішкі қабаты

Мезодерма

7. Гаструладағы жасушаның ұрық жапырақшасы

Эктодерма

8. Ұрық дамуының үшінші сатысы бұнда жүйке түтігі қалыптасады

Энтодерма

9. Омыртқасыз жәндіктер қалай дамиды

Түрленіп (метаморфоз)

ҮІ. Жеке жұмыс. Құзіреттілік тапсырмасы (ия , жоқ).




Тапсырмалар

Жауаптары

Көбею қарқынды жүретін процесс па?

Ия /жоқ

Қартаю барлық тіршілік организмдерінің заңдылығы ма?

Ия / жоқ

Неліктен «ия» немесе неліктен «жоқ» деп жауап бердіңіз. Себебін жазыңыз?

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Қорытынды. Сәйкестендіру тесті.

Ү. Кейінгі әрекет .Организмнің жеке дамуы( онтогенез) түсінігі.

Рефлекция. Бүгінгі сабақта маған не ұнады? не қиын болды? Нені білгім келеді?



Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет