Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Сербияның астанасы Белград қаласында өтетін "Белград жеңімпазы" атты халықаралық турнирде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚБФ

Санжар Тәшкенбай Болгариядағы байрақты бәсеке "Странджа кубогіндегі" сәтсіздігінен кейін Белградтағы "Белград жеңімпазы" халықаралық турнирінде бағын сынайды. 12-18 наурыз аралағында өтетін жарыста отандасымыз тағы да 51 келіде өнер көрсетеді. "Странджа кубогінің" финалындағы олқылықтың орнын осы додада толтыруды көздеген боксшы Ұлттық құрамамен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай осыдан бір ай бұрын  "Странджа кубогігінің" финалына шығып, алтын жүлде үшін айқаста үндістандық боксшыға есе жіберген болатын.      


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.