Сабақтың тақырыбы: Оригами құрастыру Сабақтың мақсаты: Оригами тәсілі арқылы гүл жасауды меңгерту



жүктеу 35.31 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі35.31 Kb.
түріСабақ

Акмола облысы
Жаркайын ауданы
«Нахимов негізгі мектебі» ННМ
Жумабекова Айгуль Мусылманбековна
Бастауыш сынып мұғалімі


Жоғары білімді, I санатты

III деңгейлік
Сабақтың тақырыбы: Оригами құрастыру
Сабақтың мақсаты: Оригами тәсілі арқылы гүл жасауды меңгерту.
Күтілетін нәтиже: қағазды бүктеу тәсілдері арқылы, лалагүлін құрастырып үйрену; оның ішінде ең тиімді, қарапайым әдісін меңгеру, әдемі өнер туындысын жасап шығару;
- Қол икемділігін дамыта отырып, ойын, танымдық қабілеттерін арттыру, бейімділігін қалыптастыру, сөздік қорларын молайту.
- Әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға тәрбиелеу, табиғатты қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырыпқа сәйкес суреттер мен мәліметтер, гүлдер, гүлді жасау жолдары (нұсқаулары)
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ассоциия құру, Синкуейн әдісі;
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: ұзындығы 35 см х 35см форматтағы түрлі - түсті қағаз, скотч.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Қане, шеңбер құрайық,
Дөңгелене тұрайық.
Ұнаған түсті таңдап ап
Тобымызды табайық.
Топқа түрлі түсті қағаз арқылы бөліну.
ІІ. Қызығушылықты ояту
І. Мақалды толықтыр
Дала... қадірлі,
Ана... қадірлі.
ІІ. Жұмбақты шеш
Құлпырса, қадірлейді, аялайды,
Қураса, сыпырғышқа жарамайды. (Гүл)
ІІІ. Өлеңді мәнерлеп оқы
Үй гүлі
Өз қолыммен ыдысқа
Отырғыздым үй гүлін.
Сабақтарын қып - қысқа,
Терезеден сүйді күн.
Топырағын қопсытып,
Мезгілімен суардым.
Жапырақ жайып өсті тік,
Қызыға қарап жүр әркім
Оразақын Асқар
- Берілген тапсырмаларда ортақ ой не? (Гүл туралы)
Ассоциация құру:
Гүл
ІІІ. Мағынаны тану:
Лалагүл туралы мәлімет.
Лалагүл (Lіlіum) — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық, жуашықты өсімдіктер. Қазақстанда кездесетін жалғыз түрі — бұйра Лалагул (L. maztadon) — Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Орманды, таулы, шалғынды жерлерде өседі. Биіктігі 60 - 100 см, сабағы түкті. Жапырағы таспа, немесе қандауыр пішінді, ұзындығы 8 - 10 см, ені 1, 5 - 2 см. Гүлдері ірі, жеке немесе шашақ гүл шоғырына топталған. Ашық қызыл, қызыл сары түсті қара дақтары бар, түкті, олар түтік немесе қоңырау пішінді, ұзындығы 13 - 15 см, хош иісті. Жемісі — қауашақ, көп тұқымды. Маусым — шілдеде гүлдейді. Лалагүл әсемдік үшін ерте заманнан бері қолдан өсіріледі. Одан медицинада дәрі жасалады, бояу алады, жуашығы тағамға жарамды, гүлінен ара бал жинайды, эфир майы алынады. Гүлшоқтары үшін жаппай жинау және пиязшықтарын ұдайы қазу лалагүлдің азайып кетуіне жол ашты. Сондықтан ол Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Гүл жасау ретімен таныстыру.
Тренинг: «Мен гүлмін»
Әр жұптың бір мүшесі өзін гүлге теңеп, гүлдің қасиетін ашып айтсын.
ІV. Рефлексия:
«Синкуейн» әдісімен өлең құрастыру.
Не? Гүл
Қандай? Әдемі, хош иісті
Не істейді? Гүлдейді, аңқиды, құлпырады
4 сөзден тұратын сөйлем Гүл өссе - жердің көркі.
Синоним Өсімдік
Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін мектеп, өз үйіміздің айналасын көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру - бәріміздің парызымыз.
V. Үйге тапсырма:
Лалагүлдерден композиция құрастыр.
VI. Бағалау
Тренинг «Сізге сыйлаймын»
Гүлдер үнемі қуаныш әкеледі, сондықтан да адамдар бір - біріне гүлдер сыйлайды, сыйлай да бермек!


Өзіндік талдау
Оқушылардың еңбекке баулуға қызығушылығын ояту үшін, олардың - әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға тәрбиелеу, табиғатты қорғауға баулу, мен 1- сыныпта еңбекке баулудан «Оригами құрастыру» тақырыбына ашық сабақ өткіздім.

Бұл сыныпта 4 оқушы: 1 қыз бала, 3 ер бала оқиды.

Менің сабағамның мақсаты: қағазды бүктеу тәсілдері арқылы, лалагүлін құрастырып үйрену; оның ішінде ең тиімді, қарапайым әдісін меңгеру, әдемі өнер туындысын жасап шығару; қол икемділігін дамыта отырып, ойын, танымдық қабілеттерін арттыру, бейімділігін қалыптастыру, сөздік қорларын молайту.
Менің міндетім, әр оқушыға осы тақырыптың, сабақтың кезеңдерінің

маңызын жеткізу: ұйымдастыру кезеңі, психологиялық дайындық, қызығушылықты ояту, жүмбақты шеш, өленді мәнерлеп оқы, сергіту сәті, ассоциация құру, мағынаны тану, тренинг «Мен гүлмін», ой толғаныс.

Оқушыларды бағдарлай отыра, мен олардың жұппен тапсырмаларды өте қызығушылықпен орындайтынын байқадым, олар жұппен мысалдар шығарды, логикалық ойлауға тапсырмалар орындады, бір-біріне көмектесті, жұптағы әр бала тапсырманы орындауға белсенді атсалысты, оларға ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындау қызықты болды, постермен біріге отырып, жұмыс істеді.

Сабақтың сонында ой толғаныс жүргіздім, мен балаларға стикерлер үлестірдім, ал балалар жаңажылдық ойыншықтарды шыршаға жапсырды.



Менің өзімнің сабағымда байқаған кемшілігім, сергіту сәті жас ерекшеліктеріне сәйкес келмей қалды.

Осыған орай, мен мынадай қорытынды жасадым: әр мұғалімнің негізгі міндеті- өзінің әр сабағын қызықты да тартымды өткізуі болып табылады, тапсырманы оңайдан қиындата отырып, үлгерімі төмен оқушыға ерекше көңіл бөліп және жақсы оқитын оқушыларға өзінің білімін көрсете білуге, сонымен қатар өзінің қабілетін дамытуға мүмкіндік беру қажет деп ойлаймын.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет