Сабақтың тақырыбы: «Орман тұрғындары»



жүктеу 30.26 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі30.26 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:«Орман тұрғындары».

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Ақкөл ауылы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын (МКҚК) «Гаухар» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі

Карасаева Камшат Абдуллаевна

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: балалардың ойлау, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелілік: ұқыптылыққа, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, мадақтау.

Көрнекіліктері: жабайы аңдардың азықтарының суреттері, плакаттар, ақ қағаз, желім, пішіндер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- Қанекей, бір – біріміздің қолымыздан ұстап, «Шаттық шеңберіне» жиналып тұрайық.

(Қимылмен орындау)

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Жаңа сабақ


  • Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?

  • Төрт, олар: күз, қыс, көктем, жаз мезгілдері.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілі.

  • Қыс айларын атай қойыңдар?

  • Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

  • Бір шумақ өлең айтайық.

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады.

Жып – жылтыр болып жатады.



  • Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

  • Қыста: күн суытады, қар жауады, аяз болады, боран болады.

  • Ал балалар, сендер қыста тоңасыңдар ма?

  • Иә.

  • Олай болса, біздер сияқты аңдар да қыста тоңады екен.

  • Балалар, қандай аңдарды білесіңдер?

  • Қасқыр, түлкі, ою, қоян, түлкі, арыстан.

  • Өте дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар!

Қасқыр– жыртқыш аң.Ол өте ақылды, айлакер. Қасқырлар қыста топталып жүреді. Қасқыр қоянның етін жегенді өте жақсы көреді.

Түлкі – иісшіл, саққұлақ, айлакер, қу аң. Ең сүйікті асы тышқан, балық, қоянды жейді.

Қоян – қорқақ, құйрығы қысқа, құлағы ұзын, тонын өзгертіп отырады, екі түрлі болады: қыста – ақ, жазда – қоңыр болады. Қоян сәбіз жегенді ұнатады.

Тиін – орманда ағаш арасында мекендейді. Тиін күздей жаңғақ, саңырауқұлақтарды жинайды.

Аю – жыртқыш аң. Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай. Жемістерді, балды өте жақсы көреді.

Ойын: «Аңдар немен қоректенеді?»

  1. Түлкі немен қоректенеді? (балық)

  2. Қоян немен қоректенед? (сәбіз)

  3. Тиін немен қоректенеді? (жаңғақ)

  4. Қасқыр немен қоректенеді? (қоян)

  5. Аю немен қоректенеді? (бал)

«Кім тапқыр?» ойыны.

Жұмбақ.

  1. Сұр түсті,

Ақсиған ақ тісті. (қасқыр)

  1. Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)

  1. Өзі бір қу,

Жүрген жері айқай шу. (түлкі)

  1. Қорбаң – қорбаң етеді.

Тәтті балға тойып ап,

Қыста ұйқыға кетеді. (аю)



Сергіту сәті. (қимылмен көрсету)

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп – теріп алайық.

Қалтамызға салайық.

Дидактикалық ойын: «Мекенін тап»

Балалар, жабайы аңдарды айтқанда секіреміз.



Үй жануарларын айтқанда қол соғамыз.

  1. Аю (секіреді)

  2. Қоян (секіреді)

  3. Сиыр (қол соғады)

  4. Қасқыр (секіреді)

  5. Түйе (қол соғады)

  6. Түлкі (секіреді)

Екі топқа бөлініп отырамыз. Алдарыңдағы конвертте геометриялық пішіндер берілген. Сол пішіндерден түлкі мен қоянның бейнесін құрастыру. Ең алдымен ақ қағазға кеудесін желімдеп жапсырамыз.

Қорытынды бөлім:

  • Балалар, бүгінгі сабақ қандай тақырыпта болды?

  • Қандай аңдармен таныстық?

  • Жабайы аңдар қайда мекендейді екен?

  • Сендерге сабақ ұнады ма?

  • Жарайсыңдар, балалар!



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет