Сабақтың тақырыбы: «Осьтік симметрия»



жүктеу 28.25 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі28.25 Kb.
түріСабақ

Күні:

Сынып: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Осьтік симметрия».

Сабақтың түрі: _________________________________________________________

Сабақтың типі: _________________________________________________________

Оқу үрдісін ұйымдастыру формасы: сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: _________________________________________________

Жұмыс формасы: _______________________________________________________
Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Симметрия туралы түсінікті, түзуге қатысты симметриялы фигураларды, симметриялы фигуралардың өзара теңдігін, биссектриса бұрыштың симметрия осі екендігін білу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, іскерліктерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, өз ойларына сенімділікке тәрбиелеу.

Керекті құралдар: интерактивті тақта, карточкалар, портрет, бүктелген парақтар, қайшы және айна.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй жұмысын тексеру кезеңі.

  3. Мотивация урока: Сабақтың тақырыбын оқушылар ребусты шешу арқылы табады.

  4. Жаңа мәліметті баяндау: Графикалық диктант.

Диагоналі бойынша 2 кл. жоғары солға, 3 кл солға, 2 кл төмен, диагоналі бойынша 1кл төмен оңға, 2 кл оңға, диагоналі бойынша 1 кл төмен солға, 1 кл солға, диагоналі бойынша 1 кл. төмен солға, 2 кл. төмен, диагоналі бойынша 1 кл төмен оңға, 1 кл. оңға, диагоналі бойынша 2 кл. жоғары оңға, 2 кл. жоғары, 2 кл. оңға, 2 кл төмен, диагоналі бойынша 2 кл. төмен оңға, 1 кл. оңға, диагоналі бойынша 1 кл. жоғары оңға, 2 кл жоғары, диагоналі бойынша 1 кл жоғары солға, 1 кл. солға, диагоналі бойынша 1 кл жоғары солға, 2 кл оңға, диагоналі бойынша 1 кл жоғары оңға, 2 кл жоғары, 3 кл солға, диагоналі бойынша 2 кл. төмен солға.

- Шыққан фигура неге ұқсас? (көбелекке)

- Ұқсастығы неде? (екі тең бөлікке бөлуе болады)

Егер екі тең бөлікке бөліп қағазды бүктесек, онда бөліктері сәйкес келеді. Мұндай жағдайда дененің, фигураның бөліктері симметриялы дегенді білдіреді.

Көбелектің қақ ортасынан түзу сызамыз. Егер айнаны түзудің бойымен орналастырсақ, онда айнада пайда болған сурет көбелектің толық бейнесіне дейін толықтырады. Бұл симметрияның ең қарапайым түрі – түзуге қатысты симметрия. Түзу сол фигураның симметрия осі деп аталады. (Басқа да жануарлар мен жәндіктердің денелері симметриялы екендігін слайдтар арқылы көрсету. Адамның өзі – симметриялы фигура)

Тарихи мәлімет. Неміс ғалымы Герман Вейл «Симметрия…есть идея, с помощью которой человек веками пытался объяснить и создать порядок, красоту и совершенство» деген екен. «Симметрия» грек сөзінен алынған, ол бірдей өлшемділікті, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді.

Түзуге қатысты симметриялы фигураларды салуға үйренейік. Алдымен, бір парақ қағаздың бір жақ шетіне кез келген фигураны салып, парақты екі бүктеп, қайрадан ашсақ түзуге қатысты симметриялы фигураны аламыз. Бүктелген сызық – симметрия осі.



5. Алған білімдерін тексеру:

1) Симметриялық фигураны тап:




2) Оқушыларға карточкалар таратылады: Берілген фигураларға түзуге қатысты симметриялы фигураларды кескінде. Жұппен жұмыс істейді. Екі оқушы тақтаға шығады.
























3) Берілген сөздерге симметриялы сөздерді құрастыр:

ҚАЛАҚ, ҚЫС

4) Айнадан сағат



көрсетіп тұрса, сағат неше деген сөз?



  1. Физминутка.

  2. Өздік жұмысы: № 1180

  3. Үй жұмысын беру. Рефлексия: п. 6.6 оқу. Ережелерді жаттау. Түзуге қатысты симметриялы болатын сөздерді ойлап табу, симметриялы болатындай сурет салып келу. № 1171

9. Сабақтың қорытындысы. Оқушыларды бағалау кезеңі. (Сұрақ-жауап)

- Бүгін қандай жаңа түсінікпен таныстыңдар?



- Симметриялы фигуралардың басқа фигуралардан айырмашылығы неде?

- Тік төртбұрыштың неше симметрия осі бар?

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет