Сабақтың тақырыбы: Озық ойлы оқушы Сабақтың мақсаты



жүктеу 90.37 Kb.
Дата09.05.2018
өлшемі90.37 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Озық ойлы оқушы

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамыту, өздерін еркін ұстай білу, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту, сыныптағы ең алғыр, ең білімді, ең жылдам оқушыны анықтау.



Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік.ізденушілік,ойын, құрастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Сәлем достар аман ба?

Мына бейбіт заманда.

Қуантамын бәріңді,

Білімдіден алам ба?

-Құрметті ұстаздар,оқушылар сіздер 3-4 сыныптар арасында өтетін «Озық ойлы оқушы» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!

Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі пәндерден ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.

Сайыс сағатымызда әртүрлі сұрақтар, өлең есептер, ертегі есептер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға, бір ұпайдан қосылып отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған қатысушы «Озық ойлы оқушы» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.

Өнер менен білімде,

Әркімнің өз жолы бар.

Сайысармыз бүгінде,

Өзіндік менің үнім бар – дегендей ендігі кезекті өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығын шыңдауға келген қатысушылармен таныстырып өтейін.

3«А» сыныбынан

3 «Ә» сыныбынан

3 «Б» сыныбынан

4 «А» сыныбынан

4 «Ә» сыныбынан

4 «Б» сыныбынан

Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Әділқазы бағалайды сіздерді.

Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па? (қазылар алқасымен танысу)

Бұл сайыс V кезеңнен тұрады.

Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, «Шыңдарға биік шыққайсың» демекпіз.

І тур «Ғажайып алаң»

Бұл кезеңде 10-60 аралығында ұяшықтар берілген. Бұлар ұпай сандары. Ұпай сандары артқан сайын тапсырма да күрделене түседі. Дұрыс жауап берген қатысушы сол ұпайға ие болады.

«Тұлға» 10 20 30 40 50 60

«Құбылыстар мен қасиеттер» 10 20 30 40 50 60

«Математика» 10 20 30 40 50 60

«Тұлға»

10. Үш биді ата

20. Тұлғаны таны (Абай Құнанбаев)

30. Тұлғаны таны (Бауыржан Момышұлы)

40. Балғожа би кімнің атасы? (Ыбырай)

50. «Бозторғай» кімнің әні? (Кенен Әзірбаев)

60. Хеопс пирамидасының биіктігі (147 м)

«Құбылыстар мен қасиеттер»

10. Өседі, қоректенеді, тыныс алады... Бұлар қандай табиғат иелері? (тірі табиғт)

20.Құмырсқалар илеуінен шықпаса, қарлығаштар жер бауырлап ұшса не болады? (Жаңбыр жауады)

30. Температураны өлшейтін құрал (термометр)

40. Ақ күрішті аймақ (Қызылорда облысы)

50. Ауа райын бақылаушылар (метеорологтар)

60. еліміздегі ең ірі темір кен орны (Соколов Сарыбай)

«Математика»

10. 1 м неше см бар?

20. Анасы базардан 2 кг алма және 4 кг алмұрт әкелінді. Анасы базардан барлығы неше кг жеміс әкелінді?

30. Қасиетті сандар (3,7,9,40)

40. Бірліктер, ондықтар, жүздіктер қай класқа жатады? (1 класқа)

50. (а+b)*c=a*(b*c) көбейтудің қандай қасиеті. (терімділік)

60. Принтердің жұмыс өнімділігі деп, ... (оның басып шығару жылдамдығын айтамыз)

Келді кезең жұмбақтарды шешуге,

Жауаптарын аударыңыз 3 тілге.

Қазақ, орыс, ағылышын тілін білгендер,

Ұпайлары көбейеді деп білер.

ІІ тур «Полиглот»


  1. Бүгін киген ақ тоным

Ертең болар ала тон.

Қара тоңым аздан соң

Болып кетер ала тон. (жер, земля, еаrth)


  1. Үй үстінде ұсақ тас,

Ұстайын десем ұстатпас. (жұлдыз, звезда, star)

  1. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

  1. Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. (алма, яблоко, apple)

  1. Ұрсаң оны зулайды,

Жерде қарғып тұрмайды.

Тиіп кетсе басыңа,

Ешбір зиян болмайды. (доп, мяч,ball)


  1. Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен. (су, вода, water)

  1. Құрғақ жерде сақтайсың,

Менсіз тамақ татпайсың. (тұз, соль, salt)

  1. Қардай аппақ, балдай тәтті. (қант, сахар,sugar)

  2. Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян, заяц, rabbit)

  1. Кіп-кішкентай екі көзі,

Қалай көреді өзі?

Қолы екен ұзын мұрны,

Сол мұрынымен

Тамақ тауып жүреді. (піл, слон, elephant)



ІІІ тур «Сөз сарайы» (берілген сөздердің құрамындағы дыбыстардан бірнеше сөздер құрастыруы керек)

Адамгершілік

Ән:

Кел балалар, ойнайық

Қандай есеп болсада.

Шешпей оны қоймайық.

Ал,тыңдаңдар,тыңдаңдар.

Асығыстық қылмаңдар.

Асықпайық дегенге.

Бөгеліп те тұрмаңдар.



IV тур «Логикалық есептер»

  1. «Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.

Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен ,панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты.Жаз шығып ел жайлауға көшкенде,сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді.Кемпір:-«Бұлар менің жалғаз сиырымды нысанаға алмақ болған екен,мен де бұларды алдайын»,-деп ойлайды.Сөйтіп жалман –жан бір шелексуды сапырып отырып ,мынадай өлең айтыпты:

Сапырып-сапырып Арманға бер,

Құйып-құйып Алмасқа бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іште маған бер»,-деген екен.Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», -деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:1 адам.



  1. Түйеқұс 2 аяғымен тұрғанда 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрғанда қанша тұрады?

  2. 6 құлаш бөренені 1 құлаштан кескенде бөрене неше бөлікке бөлінеді?

  3. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім? (Айжан – Мұраттың, Маржан – Асқардың қызы)

  4. Үш ағайынды. Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі класта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?

  5. Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнайды. Әр қайсысы неше сағаттан ойнайды?

  6. Қосарлап жегілген ат – арбамен 2 сағатта 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше сағат жол жүрді? (2 сағат)

  7. 8 наурызда екі шешей мен екі қызына, әжей мен немересіне үш орамал сыйға тартылды. Бұл қалай? (әр қайсысына 1 орамалдан)

  8. Түнгі сағат 10- да күн жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? ( жоқ)

  9. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір – бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай? (1 бала дорбасымен бірге алды)

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, таспа, асықпа, қалыспа сен!

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен.

Ендігі кезекте V тур «Кім жүйрік?» сайысына кез келді.

V тур «Сұрақ менен, жауап сенен»

Шарты:Әр оқушыға 10 сұрақтан қойылады. 1 минут ішінде кім дұрыс жауап берсе, сонша ұпай алады.

3 «А»


  1. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? 2

  2. 3 пен 4тің көбейтіндісі 12

  3. Қазақ тілінде неше әріп бар? 42

  4. 35 пен 7 бөліндісі 5

  5. Пайымдау мәтіні дегеніміз не?

  6. Ауа құрамында қандай газдар бар. Оттегі, көмірқышқыл газы, азот

  7. Көлік күтетін жер Аялдама

  8. 2-ден 6 кмдейінгі биіктікте қандай бұлт пайда болады? Будақ бұлт

  9. – ым, -ың, -ыңыз, -ы жалғаулары қалай аталады?

  10. Туынды етістік дегеніміз не?

3 «Ә»

  1. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді. 3

  2. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыс нешеу? 25

  3. ҚР. мемлекеттік тілі қазақ

  4. Кімдер? Нелер? сұрақтарына сауап беретін сөздер нені білдіреді?

  5. Бас әріппен жазылатын сөздер қалай аталады? Жалқы

  6. 7*7 көбейтіндісі 49

  7. 6 км –ден 18 км дейінгі биіктікте түзілетін бұлт қалай аталады? Шарбы

  8. Көкжиектің негізігі неше тұсы бар? 4

  9. Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы не деп аталады?

  10. Тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемін қалай табады? (а*в*һ)

3 «Б»

  1. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

  2. Сөйлем нешеге бөлінеді? 3

  3. «Кәсіпкерден» сөзін сөз құрамына талда.

  4. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 9

  5. 5*9 45

  6. Адамның денсаулығына зиянды паразит құрттар қалай аталады? Ішекқұрттар

  7. 1л=? Кг 1 кг

  8. Болымсыз етістіктің жұрнақтарын ата. –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе

  9. Әңгімелеу мәтіні дегеніміз не?

  10. Ең ауыр және төмен бұлт қалай аталады? Қабатты бұлт

4 «А»

  1. ҚР рәміздерін ата

  2. Ілік септігінің жалғаулары –ның, -нің, -дың, -дің

  3. Қазақстан қай материкте орналасқан. Евразия

  4. Көлік тұрақтайтын жер. Автотұрақ

  5. 1км неше м бар? 1000 м

  6. Сенің әкеңнің әкесі ата

  7. Жердің кішірейтілген үлгісі. Глобус

  8. 10000 мен 5 бөліндісі 2000

  9. 1 ғасырда неше жыл бар. 100

  10. Елімізде неше қорық бар? 9

4 «Ә»


  1. Табыс септігінің жалғауын ата. –ды, -ді, -ты, -ті.

  2. Сын есімнің сұрағы. Қандай? Қай?

  3. 3 пен 9 көбейтіндісі 27

  4. 2 тәулікте неше сағат бар. 48 сағат

  5. Ең ыстық материк. Африка

  6. Түрлі газдардың қоспасы Ауа

  7. Тұңғыш қазақ ғарышкері. Тоқтар Әубәкіров

  8. Дүние жүзіндегі ең терең көл. Байкал

  9. 25000 пен 10 бөліндісі 2500

  10. Ахмет Иассауи кесенесі қай қалада орналасқан? Түркістан

4 «Б»

  1. Барыс септігінің жалғауы. –ға, -ге, -қа, -ке.

  2. Етістіктің сұрақтары.

  3. 6*7 көбейтіндісі 45

  4. 3 ғасырда неше жыл бар? 300 жыл

  5. Ең суық материк. Антарктида

  6. 36/6 6

  7. Жердің формасы шар тәрізді.

  8. Ресейдің астанасы. Мәскеу

  9. Сөздің ең түпкі мағына беретін бөлшегі. Түбір

  10. Тау басында жиналған мұз. Мұздақ

VІ тур «Сиқырлы ұяшық»

Шарты: ұяшық астында сұрақтар жасырылған. Сол ұяшықтарды таңдай отырып, астындағы сұрақтарға жауап береді.




3 сынып

4 сынып

30

30

20

20

10

10

3 сынып бойынша

10: ... Ол жарық дүниені тегіс аралап, даналықты жинай бастады. Тапқандарын сазбалшықтан жасалған құмырасына тыға берді. Құмыраны әбден толтырған соң, Ананси оны ең биік ағаштың басына жасырмақ болды. Құмыраны қолтығына қысып, ағашқа өрмелей бастады. (Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес)

20: ... Қайсарлық пен адал достыққа куә болған жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыст жеңу қиынға соғар» - деп түйеді. (Екі дос)

30: ... Ол бұл кітапты қолынан тастамады. Оқыған сайын қызыға түсті. Үлкендер бұған әлгі кітапты қайта-қайта оқытатын болды. Сөйтіп жүріп тұтас жаттап алды. Ауылда «Абайдың өлеңдерін тегіс жатқа білетін бір бала бар екен» деген әңгіме тарады. (Оқымысты бала)

4 сынып бойынша

10: «Қыстаудан екі шақырымдай жерде Қазантас аталатын төбе бар. Төбенің олай аталу себебі: тастары күйелі қазандай қап-қара және таяқпен ұрсаң, шойындай даңғырлайды. Сол Қазантас үстінде қара жартас болатын. Жартас бетінде ойып салған неше түрлі суреттер.»(Қазантаста)

20: «... Шиенің өзін ғана үзіп алса, ештеңе емес қой. Ағаштың бұтағымен қоса сындырып әкетеді. Әнеугүні біреуін аңдып тұрып, ағашқа енді өрмелей бергенде, ұстап алайын деп едім. Секіріп түсіп, ұстатпай кетті. Мына сен секілді ақылды балалар оларға айтуларың керек. «Бұл істеп жүргенің – тәртіптілікке жатпайды, ұят қылық! ...» (Шал мен бала)

30: «... Бақалшы шоланға кіріп, есік-терезесін тарс жауып алды да, қаптың аузын ашады. Сол кезде қара шұбар оқ жылан, тоқпақ басты топ жылан, алты құлаш су жылан, ала бауыр у жылан атып шығады қап ішінен. Бақалшы лақтай бақырды, бірақ ешкім арашалай алмады... » (Балықшы мен бақалшы)

Би:

Ән:


Енді сөзді әділ-қазыларға берейік.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,



Еңбектену, жалықпау.-дей келе, «Озық ойлы оқушы» атты сайыс сағатымызды аяқтаймыз. Сау, болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет