Наурыз айында Қазақстан Республикасы үкіметінің басшысы Олжас Бектеновтің Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарлары жоспарланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Мәскеуде Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді.

“Тараптар екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ өзара тиімді сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту шараларын талқылайды”, – делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Ташкентте Олжас Бектенов Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізіп, сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларында кооперацияны дамыту перспективаларын талқыламақ.

Бұған дейін үкімет отырысында Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов шенеуніктердің форумдарға қатысуына, зерттеулер мен іс сапарларына бөлінетін қаражатты қысқартуды тапсырған еді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.