Қазақстанда тұрғындарға сауда орталықтары мен кафелердегі жалпыға ортақ Wi-Fi-ға қосылып, сауда жасамауға кеңес берілді. Себебі құпиясөзі жоқ, жалпыға ортақ сымсыз желілердің көмегімен алаяқтар қолданушылардың жеке ақпаратына оңай қол жеткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алаяқтар бастапқы кіру нүктесін қолдан жасайды. Олар мекеменің Wi-Fi-мен бірдей етіп, бәрін сәйкес қылады. Адам қосылған кезде барлық қызметтерге автоматты қосылу орын алады. Оған адам қосылған кезде барлық қызметтер автоматты түрде ашылады. Дерек, соның ішінде банктік деректер алаяқтың құрылғысына өтеді.

Соңғы бір жылда 20 мыңнан астам қазақстандық алаяқтардың арбауына түскен. Ғаламторда азаматтарымыз жиі алданатынын жазды. Мұндай жағдайлардың санын азайту үшін онлайн-сауданы өзінің сенімді Wi-Fi-ы арқылы жасау және жеке ақпаратын бөліспеу ұсынылады.

“Егер атыңызға жалған несие рәсімделсе, қаржылық мекемеге хабарласу керек. Екіншіден, дереу құқық қорғау органдарына хабарласып, өтінішіңіз бойынша қылмыстық іс қозғауды талап етуіңіз қажет”, – деп мәлімдеді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.