Сабақтың тақырыбы: Құрақтан жылан құрастыру



жүктеу 32.69 Kb.
Дата22.09.2018
өлшемі32.69 Kb.
түріСабақ

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Жасқайрат ауылы

Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі

Құсайынова Қалы Ұзықбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Құрақтан жылан құрастыру

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға құрақ құрау тәсілдері мен тігу жолдарын, түрлендіре көркемдеу тәсілдерін таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен ұштастыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мәні: Жинақылыққа, әсемдікке үнемшілдікке, шеберлікке тәрбиелеу

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Тарих, геометрия, бейнелеу, сызу.

Көрнекілігі: Құрақ түрлері. Сызбалар. Интерактивті тақта.

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен сәлемдесу

- Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру

- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын пысықтау

1.Матаны неден тоқиды?

2.Матаның қандай түрлерін білесің?

3.Мата нешеге бөлінеді?

4.Әженің ақылын түсіндің бе?

5.Ыстық ыдыс астына неге сүлгіше саламыз?

6.Мата қиындыларынан тағы да не істеуге болады?

7.Қиындыларды қалай таңдайсың?
Майда құрақ Ботакөз құрақ Тістеме құрақ











Алма құрақ Ат құрақ Айшық


ІІ.Мағынаны ашу

Жаңа сабақ

Біздің еліміздің қолөнері жақсы дамыған мысалы табиғатпен байланыстырып құрақ түрлерін құраған. ХХ – ғасырда тіршілік өнері қайта дамып, оның ішінде құрақ-құрау түрін қайта жаңғырды. Құрақ құраудың екі мақсаты бар.

1.Матаның қиындыларын дұрыстап құрастыру және одан сәндік бұйымда тігу.

2.Матаның бір-біріне үйлесімділігін түрін және олардың суреттерінің сәйкестігін ескеріп, матаның қиындыларын іске асыру.

Жылан –көлемін пішеміз. Демек жұмсақ ойыншықтар дайындау ретін пайдаланамыз. Жылан жасау барысында біз екі амалды біріктіреміз. Құрақ жылан тігу кезінде тігіс түрлерін еске түсіру.


ІІІ.Топтастыру әдісі
Алма құрақ Ат құрақ Майда құрақ








Жұлдызша құрақ Ботакөз құрақ Айшық құрақ






Көмкеріп тігу Қайып тігу Шынжыр тігіс







Көктеп тігу Ауыспалы тігіс Айқас тігіс Табан тігіс


Сарыбас жылан Кобра




Сұржылан Өрнекті жылан

Орыс халқы «Мозайка »

Қазақ халқы

«Құрақ»

Жапон халқы «Сашико»




ІV. Қауіпсіздік ережесін сақтау

  1. Қайшыны жолдасыңа сап жағымен ұсынамыз.

  2. Инені киімге қадауға болмайды

  3. Қайшыны ашық тастама.

  4. Жіпті тіспен қима.

V. Өз бетінше жұмыс

Құрақ жылан жасау



Керекті құралдар:

Мата түрлері, ине жіп,центифон маталар түйме т.басқалары.






VІ. Сергіту сәті

Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмас жіпті де

Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ, жол салсақ.
VІІ. Сабақты қорытындылау
Оқушыларға сауалнама жұмыс беріледі

1.Құрақ өнері неше тұрге бөлінеді?

А) 4 Ә) 5 Б) 2

2. Құрақ өнері қазақ халқында қай ғасырда пайда болды?

А) 19-20 Ә) 15-16 Б) 17-18

3.Жапон халқында құрақ өнері қалай аталады?

А) Мозайка Ә) Құрақ Б) Сашико

4.Құрақ құрау қандай материалдан жасалады?

А) Былғары Ә) Тері Б) Мата

VІІІ. Үйге тапсырма

Құрақтан жылан құрастыру



ІХ. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет