Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»



жүктеу 34.17 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі34.17 Kb.
түріСабақ

Пәні: әдебиет (5 «А»класс)

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңінің мәтінін талдау

Сабақтың мақсаты: өлең мәтініне талдау.

Міндеттері:

1. Өлеңнің тақырыбын айқындап, идеялық мәнін ашу, экологиялық маңызын ұғындыру, өлеңді құрылысын қарай талдату, сөздік жұмысын ұйымдастыру;

  1. Оқушылардың лирикалық шығармаларды оқи отырып, оған деген өз көзқарастарын білдіруге дағдыландыру, тіл байлықтарын, өз бетімен ізденіп, ой қорытындысын жасау дағдыларын дамыту, мәнерлеп оқуға жаттықтыру;

  2. Ақын өлеңі негізінде оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, талқылау

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, шығармалары, тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысымын есепке алу, оқу құралдарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.



ІІ Үй тапсырмасын сұрау

  1. Сәкен кім?

  2. Ақынның қандай өлеңдерін білесіңдер?








3. Өлеңнен үзіндіні жатқа сұрау.

ІІІ Жаңа сабақ

өлең мәтініне талдау

«Кубизм» әдісі

1. Суреттеңіз

Өлеңде Сарыарқаның Бетпақ деген үлкен шөл аймағы айтылады... Онда киік мекен етеді. Өйткені ол шөлді жерді ұнатады. Онда елді мекен, өзен, көл де болмайды. Тек жусан өседі. Шағын бұталардың өзінде де «қу баялыш» жапырақ болмайды.



2. Салыстырыңыз

Өлеңде киік суреттеледі. Ақын оны жас етіп суреттейді. Бөкен – сұлу аң. Қазақтың басқа малына қарағанда, Бетпақты құлан, киік көп мекендейді.



3. Зерттеңіз

Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасына құрылған. Көркемдегіш тәсілден теңеу кездеседі. Сол шумақты оқу.



4. Байланыстырыңыз

Өлеңде көтерілген экологиялық мәселені бүгінгі күнмен салыстыр.



5. Саралаңыз

Өлеңнен ақынның табиғатқа деген қандай көзқарасы байқалады?



6. Талқылаңыз

Ақсақ киіктің өлгені мен өлмегені туралы нақты мәліметті ақын айтпаған. Неліктен деп ойлайсыңдар?

Бекіту

Аяймын мен анасыз, атасызды.



Аяймын мен құлынсыз, ботасызды.

Хайуанатқа жасаған қиянатың -

Бауырыңа жасаған опасыздық. (Қ. Мырзалиев)



Не болады деп ойлайсың?

Дәлеліңіз қандай?

Не болды?










1945 жылы 6 және 9 тамызда АҚШ-тың ІІ дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Жапонияны тізе бүктіру мақсатында Хиросима, Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастап, бейбіт өмір сүріп жатқан елдің тыныштығын бұзды.

Бомба күші – 20 мың тонна тринитротолуола.

Апат отының ыстығы – 300 000 градус.

Екі қалада қырылған адам саны – 300 000-нан астам.

Радиоактивтік сәуле әсері – әлі күнге дейін сәуле өткен адамдардың балаларын, немерелері зардабын тартуда.

2) «Жапон балладасы» - атом апаты туралы шығарма.

Баллада – лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең. Мұнда ақын өз көңіл күйін, толғанысын жырлап қана тынбайды,сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттейді.

Балладаның мазмұны – көбіне тарихи шындық, оқшау фантастикалық хал, ерлік әрекет. Баллада –орта ғасырларда роман елдерінде(француз, испан, итальян) поэзиясында туып, қалыптасқан лириканың ерекше бір түрі.

Ғ. Мүсіреповтің Жапон балладасы» – қарасөзбен жазылған баллада.

3) «Жапон балладасын» үш топқа бөліп оқыту.

1. Арқаның әңгімесі

2. Көздің әңгімесі

3. Тастың әңгімесі

ІҮ Бекіту

1) Үш топқа қойылатын сұрақтар

1. «Арқаның әңгімесіндегі» жігіттің арқасын түйіп жіберген, әсер еткен қандай күш? Жапон музыкасы неге мұңды?Америка докторының кейіпкерге ұрсуына сендер қалай қарайсыңдар?

2. «Көздің әңгімесіндегі» атом бомбасы жарылғанға дейінгі Жапон елінің мамыражай тіршілігі суреттелген тұсын тауып оқы. Әңгіме кейіпкерінің адамзат баласына тілегі қандай? Жапон халқының еңбексүйгіштігін суреттейтін тұсын оқы.

3. «Тастың әңгімесіндегі» Жапония күйі қандай? Қала ортасында тұрған тас нені меңзеп тұр?



2) Невада-Семей полигонының жабылуы туралы

1. Біздің елімізде осындай том бомбасы жарылған жер бар ма?

2. «Невада-Семей» қозғалысы туралы не білесіңдер?

3. Олжас Сүлейменовтің осы оқиғаға қандай қатысы бар?



Ү Үйге тапсырма

1. «Адамзат, атом апатынан сақтан!» тақырыбында шағын ойтолғау жазып келу.

2. «Невада-Семей» қазғалысы және О. Сүлейменов» (мәнжазба)

«Хиросима – атом апатының құрбаны» (мәнжазба)



ҮІ Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет