Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жоба Өтетін күні: 23. 04. 2016 ж



жүктеу 45.15 Kb.
Дата11.04.2018
өлшемі45.15 Kb.
түріСабақ




Пәні

Технология 10-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Шығармашылық жоба

Өтетін күні:

23.04.2016 ж.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Шығармашылық жоба туралы білімдерін арттыра отырып, жоба жасау және оны қорғауды үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерің арттыру, өзінің қиялың, пікірін, көзқарасын қалыптастыра отырып, ой – өрісін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Ептілікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиеле отырып, оқушының эстетикалық талғамын арттыру.

Оқушылар білуі тиіс:

-бұйым және материал туралы ақпаратты іздеу тәмілін;

-құрастырма негіздемесі және оны дайындау кезеңдері;

-олардың шешудің мүмкін жолдары, теникалық және технологиялық міндеттері;

-жобалық құжат түрлері:



Оқушылар игерген болуы тиіс:

-тұтынушыға және таурдың базардағы сұранысына, қызметіне қарай жобаның тақырыбын таңдау;

-бөлшек нобайын құру;

-дайындаманы оның пішінінің сызбасын,материалын және өлшемін анықтай отырып таңдау;

-есеп жасау және өңдеуге жіберілетіндерді бөлу;

-технологиялық картаны оқу

-өлшегіш құралдардың және үлгінің көмегімен сызба бойынша бөлшектерге белгі салу;

-бөлшектерді әр түрлі құралдармен, әр түрлі тәсілдермен өңдеу;

-бөлшектерді жинау және біріктіру;

-бұйымдардың базардағы қажеттілігін дәлелдеу, оларды қорғау.


Тапсырмалар

Сабақтың мақсаты мен мазмұны мен таныстыру.

Сілтеме

Интерактивті тақта, жоба үлгісі.

Оқыту әдістері

жеке жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, стикерлік диолог.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Стикер диологы.

Ағашты өңдеу жұмысының тәсілдерін ата.

(ою, нақыштама, мозайка, күйдіру, оюлу безендіру)

Металды қысыммен өңдеу тәсілдері?

(Илемдеу, сымдау, баспалау, бос сызғылау, көлемді созғылау)

Пәтерде қандай функционалдық аумақтар болады?

(демалыс аумағы, ас дайындау, ұйықтауға, балалар орны)

Басқа қозғалтқыштарға салыстырғанда электроқозғалтқыштың басымдығы неде?

(экологиялық, үнемділік, оңтайлық)

Шаруашылық, тұрмыстық және көркемдік заттардың атауларын атаңдар.

(белбеу, тегене, ожау, сандық, кебеже, қанжар, қылыш)


ІІІ.Жаңа сабақ

Шығармашылық жоба.
Оқушылар сіздер жоба деген сөзді қалай түсінесіндер?



Жоба

Сендер қалай ойлайсындар, адам қандай нәрселерді жобалай алады? Егер сенде мүмкін болғанның бәрін деп айтсаңдар, онда дұрыс жауап бересіңдер.

Жоба – бұл адамның өз шығармашылық әлеуетін барынша ашу мүмкіндігі. Шығармашылық жоба өзін жекелей немесе топта көрсетуге, өз күшін байқап көруге, өз білімін, шеберлігін қолдануға, пайда әкелуге, қол жеткен нәтижелерді көрсетуге мүмкіндік береді.

Жобаны таңдағанда адам мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді сезіну қажет. Жобаны таңдағаннан кейін оны негіздеу, яғни таңдау себебін, дайындау барасын, қолдану саласын көрсету керек.

Материалдық – техникалық қамтамасыз ету мүмкіндіктерін, жобаны дайындаудың экологиялық мақсаттылығын ескеру қажет.

Жобалық жұмыс 3 кезеңнен тұрады:



  1. Ұйымдастыру – дайындық

  2. Технологиялық

  3. Қорытынды

Бірінші кезеңде (жобалау) жасалатын бұйым түрін таңдаңдар.жасауға байланысты әдебиеттерді қарастырғанда, бұйым конструкциясының үздік нұсқасын анықтандар. Бұйымның қолданыста бар баламаларының конструкциясымен танысыңдар. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңдар. Осы сараптаманың негізінде анықталған кмшіліктердің қайталуына жол берілмейтін және артықшылықтары енгізілетін конструкция даярлаңдар. Қажетті орындау реттін, құралдар мен эскиздерің даярландар.

Екінші кезеңде (жобаны дайындау) қауіпсіздік техникасын, еңбек тәртібі мен еңбек мәдиниетін сақтай отыра, технологиялық процеспен қарастырылатын операцияларды орындаңдар.

Қорытынды кезеңде бұйымға байқау жүргізіп, сынаңдар. Қажет болған жағдайда конструкторлық – техникалық құжаттарға түзетулер енгізіңдер, жобаның экономикалық негізделген және экологиялық бағалау енетін түсіндірме хатын рәсімдеңдер де жобаларыңды қорғаңдар.

Түсідірме хат

Түсіндірме хат мұқият рәсімделуі керек, анық жазумен жазылуы немесе компьютерде теріліп. Мазмұны бойынша оған мыналар енеді:



  1. Титулдық парақ.

  2. Кітаптың мазмұны.

Титулдық парақтан соң мазмұны беріледі. Онда түсіндірме хаттың барлық тақырыптары тізіледі, олардың орналасқан беттері көрсетіледі. Тақырыптарды қысқартуға немесе басқа формада, реттілікпен және матаса байланыстары беруге болмайды.

  1. Кіріспе.

Кіріспеде таңдалған тақырыптың өзектілігі, алға қойылған міндеттер мен мақсаттардың мазмұны негізделеді; жоспарланған нәтиже қисындалады, жобаның жаңашылдығы көрсетіледі.

  1. Негізгі бөлім тараулары.

1 – тарау. Бұйым конструкциясы.

Бұйым контрукциясын сипаттайтын бірінші тарауда әдебиеттердің қысқаша шолуы беріледі, жобада қарастырылатын тақырыптың шешімі бойынша идеялар мен ұсыныстар банкі дайындалады.

Эскиз стандартты парақта орындалып, барлық габариттік

2 – тарау. Жасау технологиясы.

3 – тарау. Жобаның экономикалық негізделуі.

4 – тарау. Жобаның экологиялық бағалануы.


  1. Қорытынды.

  2. Қолданылған әдебиеттер.

  3. Қосымшалар, айқындауыштар.

ІV. Практикалық жұмыс

Топтық қорғау: Бахашев Н.С., Куйшебаева А.Қ., Бекетаев Т.Т.

Жеке қорғау: Калиуллов Айбек



V. Қорытынды

Материалдарды бекіту, 10 сұрақ әдісі

VІ. Бағалау

VІ. Үй тапсырмасы

Үйден таңдаған тақырыптарына мәнжазба жазып келу.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет