Сабақтың тақырыбы Шынықсаң шымыр боласың Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



жүктеу 76.51 Kb.
Дата26.08.2018
өлшемі76.51 Kb.
түріСабақ

Мекеме атауы «Павлодар қаласы, Жетекші орта жалпы білім беру мектебі» ММ

Аты-жөні Ибраева Гүлназ Сейфуллақызы

Қызметі қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Еңбек өтілі 18 жыл

Санаты жоғары

Пән қазақ тілі мен әдебиеті

Тақырып Шынықсаң шымыр боласың

Сынып 5

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


5-бөлім: Бос уақыт және хобби

Мектеп: Жетекші ЖОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ибраева Гүлназ Сейфуллақызы

Сабақтың тақырыбы

Шынықсаң шымыр боласың

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Ж.5 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

5.ӘТН4.1. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады.

Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады.



Көптеген оқушылар: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазудыажыратады,түсіндіреді.

Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында айқындайды, салыстырады..



Кейбір оқушылар: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтінді жинақтайды, дәлелдейді,ұсынады.

Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында ерекшеліктерін ажыратады.



Бағалау критерийлері

Оқылым мақсаты бойынша:

  • мәтіннің мазмұнын түсінеді;

  • мәтіннің негізгі ақпаратын анықтайды;

  • жинақы мәтін жазады;

  • Күрделі сөздерді ережеге сай бір -бірінен ажыратады.

Сабақтың түрлері

Өткен материалды жүйелеу

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөз тіркестері мен терминология:

Шымыр, шынығу, спорт,бокс, жанкүйер, ринг



«ПОПС» формуласы

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »


Сабақта қамтылатын құндылықтар

Жауапкершілік,денсаулық, достық жәнеайналадағыларға қамқорлық көрсету, құрмет

Пәнаралық байланыс

Дене шынықтыру, география, өзін-өзі тану,қазақ әдебиеті,тарих

АКТ қолдану дағдылары

Видеоролик арқылы ақпарат қабылдайды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Бос уақытта саяхаттау пайдалы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

5 минут
5 минут

7 минут


5 минут
5 минут
5 минут



Үй тапсырмасы сұралады

Қызығушылығын ояту кезеңі

«Ой қозғау» әдісі.Видеоролик көру арқылы өз болжамдарын айта отырып, сабақтың мақсатын анықтайды, жетістік критерийлері белгіленеді.
Видеороликтен спорттың бокс түрін аңғаруға болатыны дәлелденеді.

«Ойлан-жұптас-бірік» әдісі арқылы оқушылар «бокс» спорт түрін талқылайды.

Оқылым алдындағы тапсырма

1-тапсырмаМәтінді түсініп оқы.

Оқылым тапсырмасы

2-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

А мәтіні

Жаттығуға жауапкершілікпен қарадық.

(Нұрлан Жұмабаев, Түркістан қалалық Бекзат Саттарханов атындағы Спорт- сауықтыру орталығының директоры)



-Бекзат бізге 1994 жылы күз айында келді. Жасөспірімдер арасында қала біріншілігі болды. Сол жарыста 44 келі салмақ дәрежесінде рингке шығып көзге түсті. Одан кейін назарға іліккен тұсы- Кентау қаласында Қанат Шағатаев атындағы жүлде үшін болған сайыс. Мұнда бірінші орын алмағанымен, өзін көрсете білді. Содан ары қарай жаттығуларын күшейтіп, шынығып, көтеріліп кетті. Облыс, республика жеңімпазы атанды.

Бекзат өте еңбекқор болды. Өз салмағында бойы ұзын, жылдам және өте шымыр болатын. Кейін 46 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шықты. Бертін келе 54-ке көшті. Сол салмақта Аргентинада өткен әлем біріншілігінде екінші орын алып, күміс жүлдемен оралды. Ал олимпиадаға 57 келі салмақта қатысты.

Алға қарай көп талпынатын. Маған келгенде оның қасында үш-төрт бала бар еді. Солардың арасынан Бекзат қана қалды. Басқалары қиындықтарға шыдамай, орта жолда қалып қойды.

Бекзат жылдам- тұғын.Өте сезімтал. Бокста арақашықтық деген ұғым бар, сол қашықтықты сақтай білетін.

Ә мәтіні
Жанкүйерді тік тұрғызған...

Олимпиаданың сегізінші күні Бекзат рингке екінші рет шықты. Бұл жолы оған оңтүстік африкалық боксшы Джеффри Матебула жолықты. Денесі кесек- кесек еттен жаралған қараторы жігіт біздің Бекзатқа қарағанда шойыннан құйғандай мығым. Бекзат болса, шаршы алаңға күш-қуатты ғана емес, ақылды ала шығуды үйретті оған. Иықты, төртбақ, қарулы жігіттің небір дүлей соққылары ауаны осқылап жатты. Бетпе –бет тіресіп ала алмасын білген ақылды ұл, қос аяғымен секіріп, сындыра ұруға нысана болған жоқ. Керісінше, өзі күтіп алып алып соқты Матебуланы. Күші асып тұрып таяқ жегенге ызаланған Матебула көзсіз ұмтылып, Бекзат даярлаған соққылардан көз ашпай жатты. Тағы ұмтылды, тағы таяқ жеді.Бекзаттың бұл күнгі өнеріне риза болмаған жан жоқ. Тар рингте арыстанша жұлқынған Джеффри Матебуланы тас –талқан етіп ұтқан Бекзатқа (есеп 16:5)бүкіл зал толы жанкүйер орындарынан тік тұрып қол соқты.

Бағалау критерийлері:

  • мәтіннің мазмұнын түсінеді;

  • мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін анықтайды;

негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады.

Кері байланыс

Сағат тілінің бағытымен бір-бірінің жұмыстарымен танысады. Астына қосатын, алатын ұсыныстарын жазып кетеді. Әр топтың пікірлерін ескере отырып, жинақтап, мәтіндердің түрлі жанрларда жазылатындығына және олардың стильдік ерешеліктеріне көз жеткізеді.



Бағалау

Жарайсың ! Жақсы! Әлі де ойлан!



3- тапсырма.Күрделі сөздер ережесіне сүйеніп, мәтіннен күрделі сөздерді бағанға бөліп жаз.

Бағалау критерийлері:

- мәтіннен күрделі сөздерді табады;

- күрделі сөздерді бір –бірінен ажыратады;

- қос сөздердің синоним, антонимнен жасалғанын дәлелдейді;

- тіркескен сөздердің бір екпінмен айтылып, бір лексикалық мағына беретінін дәлелдейді;

Біріккен сөздердің жаңа лексикалық мағына беретінін дәлелдейді.

Кері байланыс

Бір –бірінің жұмыстарын тексеріп дұрыс –бұрыстығын дәлелдейді



Бағалау

Жарайсың! Алға ұмтыл! Әлі де ойлан!



4-тапсырма. Тіркескен, біріккен, қос сөздерді пайдаланып өз мысылыңызды жазыңыз

Бағалау критерийлері:

- күрделі сөздерді пайдаланып сөйлем ұсынады;

Кері байланыс

Жұп болып тексеру «комментариий ұсыну»

Бағалау

Жарайсың! Сен де жетістікке жет! Әлі де жаттық!




Сілтеме: БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ VS ДЖЕФФРИ МАТХЕБУЛА


Сілтеме: «Аңыз адам» № 2(14) қаңтар 2011 жыл


«Жүзіп шығу» стратегиясы


«Айырмашылығы неде?»

стратегиясы

Сабақтың соңы

5 минут


Үйге тапсырма

3 минут


Рпрямая соединительная линия 8прямая соединительная линия 9ефлексия пирамидасы (ауызша)

Есте


сақтау

керек


маңызды

бір нәрсе



прямая соединительная линия 5

Сіз көбірек білгіңіз



прямая соединительная линия 6келетін екі нәрсе
Сіз бұған дейін білген

үш нәрсе


прямая соединительная линия 10

Сіз үйренген төрт нәрсе



прямая соединительная линия 7

Сабақ бойынша кері байланыс алынады.

-81 бет ереже. Күрделі сөйлемдерге сөз, сөз тіркесі, сөйлем құру (4 сөйлем)

Қазақстандық боксшылардың біреуіне хат жаз.







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет