Сабақтың тақырыбы: шойын және болат өндірісі Мақсаты: Білімділік: оқушыларға шойын және болат өндірісіндегі домна



жүктеу 50.61 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі50.61 Kb.
түріСабақ

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: §9.5.Шойын және болат өндірісі

Мақсаты:Білімділік: оқушыларға шойын және болат өндірісіндегі домна

пешіндегі процестермен, өндірістің ішкі, сыртқы көрінісімен

және Қазақстандағы қара металлургиямен таныстыру, түсіндіру

Тәрбиелілік: химия пәні талап ететін ұқыптылыққа, төзімділікке,

жауапкершілікке тәрбиелеп, өздігінен ізденіп оқуға, есептер

шығаруға қызығушылықтарын ояту

Дамытушылық: тақырыптағы басты нәрсені есте сақтау қабілеттерін,

дүниетанымдарын, дағдыларын арттыру



Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: алты кезеңді сабақ

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілігі: слайдтар, бейнесюжет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту

IV. Жаңа сабақты түсіндіру

А) «Пайымдау» кезеңі

Ә) «Таныстыру» кезеңі

Б) «Суреттеу» кезеңі

В) «Салыстыру» кезеңі

Г) «Сіз білесіз бе?» кезеңі

Ғ) «Саралау» кезеңі

V. Бекіту

VII. Үй тапсырмасын беру
І. Ұйымдастыру (оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (сұрақ-жауап)

1. Химия өндірісіндегі жалпы технологиялық принциптерді атаңдар

2. Табиғи ресурстар нешеге бөлінеді және ерекшелігі неде?

3. Пайдала қазбалар дегеніміз не?

4. Пайдалы қазбалардың агрегаттық күйі қандай?

5.Байыту деген не?

6. Флотация дегеніміз не?

7. Металлургияның алғашқы және қазіргі мәні

8. Металлургия нешеге бөлінеді?

9. Сирек металдар нешеге бөлінеді?

10. Құйма қалай түзіледі?

11. Адамзат өркениетінің дамуы қандай хронологиялық ретпен дамиды және неліктен? ( темір, қола, тас ғасырлары)

12. Қоладан ертеде қандай заттар жасалды?

13. Құйманы техникада не үшін қолданады?

14. Металдың жиі қажет болатын қасиеттері

15. Қазіргі кезде құймалардың маңызы неде?


ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту

Көтеген металдар балқытқанда оңай араласып, біртекті қоспа түзеді, ол салқындағанда құйма түзіледі. Алғаш алынған мыс құймасы -қола болатын. Қола алу үшін мысқа қалайы қосты, қола қатты және қаттылығы болатқа болды. Құймалар-қажетті қасиеттері барекі немесе одан да көп компаненттен түзілген, оның біреуі міндетті түрде металл болатын қосылыстар.


IV. Жаңа сабақты түсіндіру

А) «Пайымдау» кезеңінде болат балқытушы болып қызмет еткен еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев туралы оқушылардың ой-пікірі тыңдалады.
Ә) «Таныстыру» кезеңінде шойын және болат өндірісіндегі домна пешіндегі процестермен, өндірістің ішкі, сыртқы көрінісі таныстырылады.
Б) «Суреттеу» кезеңінде домна пешінің сызбанұсқасын көрсете отырып, онда жүретін негізгі және қосалқы химиялық реакциялардың мәні түсіндіріледі.


  • Темір – жет қыртысында таралуы бойынша екінші металл, тұтынылу үлесі 95% -ды құрайды.

  • Флюс-бөгде заттарды шлакқа айналдырушы

  • Шойын – қатты, бірақ морт сынғыш, қайта өңделеді.

  • Болат - өте маңызды материал.

  • Домна пешінің биіктігі 25-30 м, ішкі диаметрі 6 м, іші отқа берік кірпіштермен қапталған.

  • Шикізаттар: кен, отын (кокс), флюс, ауа


Шойынды арнайы домна пештерінде өндіреді.Домнаның жоғарғы бөлігінен шикізатты және қосымша материалдарды көрікке салады да, ыстық ауамен үрлейді.

Негізгі:

Кокс көміртек (IV) оксидіне дейін жанады, бұл кезде темірді балқытуға және реакция жүруіне қажетті жылу бөлінеді:

C + O2 = CO2 -394 кДж/моль

CO2 +C = 2CO + 174 кДж/моль

Кен құрамындағы темір (ІІІ) оксиді көміртек (ІІ) оксидіне дейін тотықсызданады.

Fe2O3 + 3CO = 2Fe + 3CO2 – 30 кДж/моль



Қосалқы:

Қосымша темір кеніндегі басқа элементтердің оксидтері тотықсызданады:

MnO2 + 2CO = Mn + 2CO2

SiO2 + 2CO = Si + 2CO2

P2O5 + 5CO = 2P + 5CO2

Кен құрамындағы қиын балқитын қоспа (SiO2) қож түрінде бөлініп шығады:

CaO + SiO2 = CaSiO3
Кальций оксиді әктас (CaCO3)немесе доломит (CaCO3·MgCO3) ыдырағанда түзіледі:

CaCO3 = CaO + CO2 + 178 кДж/моль


Ш о й ы н


2,5% C 0,3-5% Si 1% Mn 0,1% S 0,5% P
Шойынның ең басты кемшілігі морт сынғыштығы, оны қайта болатқа өңдейді.

Болат өндіретін негізгі шикізатқа шойын мен металл сынықтары, қосымша оттекпен байытылған ауа, кейбір қоспалар жатады.

Негізігі: шойын құрамындағы қосымша элементтерді тотықтыру жатады: C, S, P, Mn, Si және т.б.

Түзілген темір (ІІ) оксиді де, қоспаларды тотықсыздандыруға қатысады.

Кремний және фосфор кальций оксидімен қож түзеді:

CaO + SiO2 = CaSiO2

3CaO + P2O5 = Ca3(PO4)2

Темір (ІІ) оксидін бөліп алу үшін басқа металдарды қосады.

FeO + Mn = MnO + Fe

MnO қожға айналады.

MnO + SiO2 = MnSiO3

Болат өте маңызды материал. Болат-аспанмен таласқан мұнаралар мен аспалы көпірлер, пойызға арналған рельстер, қуатты әскери кемелер мен артиллерия жасалады.

Ағылшын металлургі Р.Э.Хэдфилд марганецті болатты 1882 ж патенттеген, осы кезден бастап, лигерленген болат алу басталды. Болатқа хром, молибден, ванадий, вольфрам және ниобий қосып, металлургтер әр түрлі қасиеттері бар лигерленген болат алды. 1919 ж аиерикалық өнертапқыш Э.Хейнес құрамында қоспа түрінде хром және никель бар тоттанбайтын болатты патенттеген. 1916 ж құрамында кобальт қосылған вольфрамды болаттан дайындалған магниттерді Жапония металлургі К.Хонда ашты



В) «Салыстыру» кезеңінде шойын мен болаттың ұқсастықтары мен айырмашылықтары Венн диаграммасы негізінде көрсетіледі.


Шойын
морт сынғыш,

жұмсақ материал,

қайта өңдейді,


Болат
өте маңызды материал,

берік,

құрамы тұрақты

Домна пешінде,

C, S, P, Mn, Si тотықтырады,

Г) «Сіз білесіз бе?» кезеңінде оқушылардың география пәнінен алған білімдерін еске түсіру және жаңғырту.
Ғ) «Саралау» кезеңінде металлургиядағы жаңа бағыттар мен Қазақстандағы қара металлургия жөнінде оқушы хабарламалары талданады.
V. Бекіту сұрақтары

А) Қазақстанда шойын мен болат қай жерлерде өндіріледі?

Ә) шойын алуда қандай реакциялар жүреді?

Б) Флюстер не үшін қолданылады?

В) Қола қалай түзіледі?

Г) Болатты асылдандыру үшін қандай металдар қолданылады?
VII. Үй тапсырмасын беру

§9.5.Шойын және болат өндірісі



Сұрақтар мен жаттығулар
Каталог: uploads -> doc -> 0d6d
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0d6d -> Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: Ұлы ғұламаларға саяхат


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет