Сабақтың тақырыбы Сүйіспеншілік сый талап етпейді



жүктеу 45.65 Kb.
Дата27.03.2019
өлшемі45.65 Kb.
түріСабақ

Өзін- өзі тану

Сынып: 1

Алматы қаласы

195 жалпы білім беретін мектеп



Бастауыш сынып мұғалімі: Кулдибаева Шынар Заманбековна




Сабақтың тақырыбы

Сүйіспеншілік сый талап етпейді




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ар-ұжданыңа құлақ қой. Адамзаттың рухани ұстаздары ар-ұждан туралы. Зейінді топтастыра және басты нәрсеге назар аудара білу.




Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Жаңа білімді түсінеді.

Көбі: Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.




Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.






Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.




Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы




АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.




Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Шаттық шебері


Сабақтың ортасы

8 минут
1 минут

5 минут

3 минут

16 минут


Асқан асыл сыйлық ертегісін оқушыларға айтып беремін.

Топтарға сұрақ:

  • Сендерге қай қыздың жауабы ұнады? Неліктен?

  • Адамдар неліктен сүйіспеншілікті жрекпен байланыстырады?

  • Өздерің ата-аналарыңа қандай тілек тілер едңдер?

СЕРГІТУ СӘТІ.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Жұмбақ шешіп, дамалайық!

Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)

Бейбітшілік құсы деп,


Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)

Қыста киімін тастайды,


Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)


Сергіту сәті

Оқулық, дәптерлер.

Тренинг


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.






Бас бармақтар




Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Оқушыларға бір-бірімен танысу үлгісін көрсетеді. Өзара танысу барысында қандай сұрақтар қоюға болатынын талқалайды.

- Сенің атың кім?

- Сен неше жастасың?

- Саған қандай ойындар ұнайды?

- Сенің сүйікті ойыншығың/затың?

Берілген бөлімді өзіңізге ұнайтын бір затты көрсетіп, оның сізге несімен ұнайтынын, біршама дәлдікпен жан-жақты сипаттаудан бастаңыз.


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет