Еліміздің Қорғаныс министрлігі "Әскери қызметке міндеттілерді 2024 жылға әскери дайындыққа шақыру туралы" бұйрық дайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2024 жылы әскери дайындықтан өтуге тиіс 3 000 адамды әскери дайындыққа шақыру", – делінген құжатта.

Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелген.

Бұйрық жобасы 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылды.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Қорғаныс министрлігі 1 500 қазақстандықты әскери дайындыққа шақырды.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.