Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем



жүктеу 60.24 Kb.
Дата22.09.2018
өлшемі60.24 Kb.
түріСабақ

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

Т.Айбергенов атындағы мектеп - гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі

Абубекова Касиет Кусимбайқызы
«Сұраулы сөйлем».


Қазақ тілі 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Сұраулы сөйлем».
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Сұраулы сөйлемнің айтылуы мен жазылуын үйрете отырып, балалардың байланыстырып сөйлеуін жеңілдету, белсенділігін арттыру. Жаттығу жұмыстарын орындау арқылы, сызба бойынша сөйлем құрауға үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың байқампаз іскерлігін, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік. Ауызбіршілікке, ұстамдылыққа, адалдыққа, достыққа, әділдікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, оқыту, әңгімелету.
Сабақтың көрнекіліктері: Сызба, сурет, ереже, ойын құралдары.
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық.

Күн көзіндей күлімдеп,

Көңілді болып жүрейік.

Қазіргі болар сабаққа,

Жүректен ақ жол тілейік.

ә) Сабақтың мақсатымен таныстыру.






  • Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды жақсы тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек.

  • Бүгінгі сабақта сөйлем туралы білімімізді жетілдіріп, сұраулы сөйлем туралы мағлұмат аламыз.

  • Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Сабаққа жаңадан Ботақан қонаққа кепті. Оны сендерге өткенде келген Тапқышбек жіберіпті. Сендердің білімдерің мен тәртіптеріңді көрмекші. Сендерге арналған бірнеше сұрақтары мен тапсырмалары бар екен. Оны хат арқылы Ботақанның қоржынына салып жіберіпті. Ашып көреміз бе?


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру үшін Ботақанның қоржынындағы хаттарды ашып оқиық және жауап берейік.

а) Өтілген тақырыпты бекіту.


  1. Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз. (Сөйлем)

  2. Сөйлем дегеніміз не? (Сөйлем аяқталған ойды білдіреді)

  3. Сөйлем нелерден құралады? (Сөйлем сөздерден құралады)

  4. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? (Сөздер бөлек жазылады)

  5. Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен жазылады? (Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады.)

  6. Сөйлем соңына не қойылады? (Сөйлемнің соңына тыныс белгісі қойылады)

  7. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? (Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем)

  8. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (Нүкте)

  9. Хабарлы сөйлемге мысал келтір? (Қанат мектепке ерте келді.)

ә) Үйге нешінші жаттығу берілді?

4-жаттығу. Әр мақалдың жалғасын тауып жаз.


  • Тамаша! Ботақан сендерді Тапқышбекке мақтап баратын болды ғой.

  • Енді балалар, Ботақанның екінші қоржынында екі хат бар сияқты. Ол хатты мен оқып көрейін.

  • Сенің атың кім?

  • Нешінші сыныпта оқисың?

  • Сабақ нешеде басталады?

  • Сабақтан бос уакытта не істейсің?

  • Балалар осы оқыған сөйлемдер қандай сөйлемдер деп ойлайсыңдар?

  • Неге?

  • Сұрақты не үшін қоямыз? (Жауап алу үшін)

  • Осыдан қандай ереже шығаруға болады?


ЕРЕЖЕ: Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.







ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы сұраулы сөйлем екен.


IV. Оқулықпен жұмыс.

    1. Ережені хормен оқыту. Мысал келтіру.

1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Маралдың сұрақтарына ретімен жауап беру.





  • Бір атай мен әжейдің көп сұрақ қойғыш Марал деген немересі болыпты. Ол таң ертеңнен кешке дейін: «Ол неге ондай? Бұл неге олай істеді?» деген сұрақтар қойғыш екен. Бірақ атай мен әжей де оның сұрақтарына ерінбей жауап береді екен. Бұл баланы көріп тұрған белгілі ақын, Жазушылар одағының мүшесі, көптеген жыр жинақтарының авторы, Бөкей ордасында 1937 жылы дүниеге келген Қайрат Жұмағалиев былай деп өлең жазыпты.

Таңертеңнен ойнайтын,

Ойынға бір тоймайтын,

Марал деген баланың,

Сұрағы жоқ қоймайтын.


Жаңбыр қалай құйып тұр?

Неге ысиды күн күйіп?

Аспан неге көкпеңбек?

Таулар неге тым биік?




  • Балалар бұл сұрақтарға сендер бүгін шамаларың келгенінше жауап беруге тырыстыңдар. Енді мен толықтырып өтейін.

V. Сергіту сәті. Музыканың ырғағымен өтеді.
VI. Дәптермен жұмыс. 2-жаттығу. 1926ж 14 сәуірде Алматы облысы,Асы жайлауында туылған ақын, жазушы, қаламгер, көптеген шығармалары мектеп оқулықтарына енген Құрманбай Толыбаевтың өлеңі екен.

а) Өлеңді дауыс ырғағымен оқыту.

ә) Сұраулы сөйлемді көшіріп жазу.
VII. Шығармашылық жұмыс. 3-жаттығу. Ауызша.


  • Мұнда мынадай сызба берілген. Осыған сөйлем құрап көрейік.



VIII. «Суреттер сөйлейді» ойыны.

4-жаттығу. Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру. Жауаптарды дәптерге жазу.

  1. Балалар сырғанап жүр.

  2. Кішкентай бала шанадан құлап қалды.

  3. Дәулет оған тұруға көмектесті.

  4. Ол әдепті бала.

    • Міне балалар сұрақтарға жауап берген едік. Суретіміз сөйледі.

    • Жарайсыңдар!

IX. Қорытынды. Өзіндік жұмыс.

Семантикалық карта.





Сұраулы сөйлемдер

бар ма?

қалды ма?

жаздың ба?

Сенде қарындаш


+







Абзал кетіп





+




Тапсырманы








+




    • Балалар, Ботақан кетерінде тастап екінші хатын ашып көреміз ба? Бұл хат Марал мен Дәулеттен екен.

    • Бұлар кімдер?

    • Осы сұраулы сөйлем тақырыбындағы кейіпкерлеріміз. Атайдың немересі мен әдепті бала Дәулет.

    • Енді хатты оқиықшы.


Достар!

Біз сендердің білімдеріңе риза болдық. Жарайсыңдар! Біз де екінші сыныпта оқимыз. Тапсырмаларды жақсы орындап шығатындарыңды білгенбіз.

Сәлеммен: Дәулет пен Марал.


Білемін


Білгім келеді?

Не үйрендім?












    • Сонымен балалар, бүгін қандай тақырып өттік?

    • Сабақ ұнады ма?

    • Сұраулы сөйлем туралы білдіңдер. Келесі сабақта әлі де кеңірек үйренетін боласыңдар.


Х. Оқушыларды бағалау.

ХІ. Үйге тапсырма:

5-жаттығу. 83 бет. Ереже жаттау.


- Олай болса балалар,әдеттегідей қазақ тілін өлең шумағымен аяқтаймыз.

Қазақ тілім, өз тілім – ана тілім.

Абай, Мұхтар сөйлеген – дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,



Болашағым, бақытым, дара тілім.
Каталог: 2014
2014 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы
2014 -> Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек
2014 -> Бағдарламасы қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк
2014 -> Ќазаќстан Республикасы Спорт жјне дене шыныќтыру
2014 -> Қазақстан республикасының


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет