Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау



жүктеу 28.2 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі28.2 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:Суды қорғау.

Сабақтың мақсаты:1/Оқушыларға судың табиғаттағы және адам

өміріндегі маңызы туралы түсіндіру.

Табиғатта су өте көп болғанымен тұщы судың

аздығын,суды үнемдеп пайдалануды ұғындыру.

Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып,суын ішіп

отырған табиғат ананы қорғап,аялауға үйрету.

2/Оқушыларды талапшаң,ізденімпаз,шапшаң

болуға баулу.Ой-өрісін,есте сақтау қабілетін

арттыру.


3/ Тәртіпті,білімді болуға,табиғатты сүюге,өз

ойын еркін айтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:слайд,карта.

Сабақтың барысы:Психалогиалық дайындық.

Балалар бүгінгі сабағымыздың сәтті,көңілді өтуіне тілектерімізді,ойларымызды ортаға салайық.

Қандай тілектер айтар едіңіз?

Бірлік,ынтымақтық,ұйымшылдық.

Ендеше балалар бірлік жайлы қандай өлең шумағын білеміз?

Ойға толып санамыз.

Бестік болып бағамыз.

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз.

Үй тапсырмасын тексеру.

-Балалар бірнеше күннен бері су туралы біраз мағлуматтар

алдық. Өткен тақырыпты еске түсіріп көрейік.

-Жер бетіндегі сулар қалай атаймыз?

Су-өзен,көл,теңіз,мұхит.

-Судың түрлерін қандай болады?

Сұйық,қатты,бу,газ тәріздес,жаңбыр,қар,мұз,шық.

-Судың қандай қасиеті бар?

Иіссіз,дәмсіз,ащы,тұщы.

-Көл дегеніміз не?

Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл дейміз.

-Еліміздегі ең ірі көл қай көл?

Балқаш.

-Өзен,тоғандарда қандай шаруашылықтар өркендейді?



Гүл,құс,орман,балық,мал шаруашылығы өркендейді.

-Олар тіршілік ету үшін өзен,теңіз сулары,ауа қандай болу керек?

Таза,тұщы.

Олай болса балалар біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Суды қорғау »жайлы болады.

Қарашаның жиырма тоғызы.

Суды қорғау.

Мәтінді оқып беру.

Сұрақ –жауап.

Сергіту сәті.

Су деген тіршіліктің қаны емес пе?

Су деген табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ ол ақиқат.

Су деген қара жердің сәні емес пе?
Тізбектей оқыту.
Ойын «Сөздердің орнын тап.»

Үнемдеу. Балықтың азаюы. Адам ағзасының нашарлауы.


Бұлақ көрсең көзін аш. Әр түрлі зат тастамау.
Жануарлар өлексесі,күл-қоқыс. .Тірі ағзалар, жәндіктер,
өсімдік балықтар қырылады, ауру таратады.

Өнеркәсіп, шахта, автомибиль, кен орындары,


темір жол, мұнай өнеркәсібі.
Балалар тақтадағы адасқан сөздердің орнын табу керек.Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
-Суды қорғау үшін:
-Ластанған судың зияны:
-Суды ластаушы заттар:
Қане балалар енді оқулықтағы тапсырманы оқиық.

«Таза су денсаулық кепілі.Суды үнемдеп жұмса!»

Есімізде қалу үшін дәптерімізге жазып алайық.

-Енді оқулықта қандай тапсырма тұр.

-Ойлан еске түсір.

-Су құбырына әр түрлі зат тастауға болама?

-Екінші сен жуынып тұрған сәтте суды тоқтаусыз ағызуға болама?

Мысалы:1 сағатта-200литр жұмсалса,

2сағатта-? қанша болады?

яғни біз суды үнемдеуіміз керек.

-Енді суретті қараңдар.

-Суды ластаудың юасты себебін анықтаңдар.

Суретте не көріп тұрсыңдар?

Балалар әңгімелейді.

Келесі тапсырмаға қарайық.

Есіңде сақта!

Тіс тазалағанда судың текке ақпауын қадағала.Ол үшін суағатын шүмекті ашық тастама,қажет уақытында ғана пайдалан.Суды стақанға құйып пайдаланған өте тиімді.

Балалар сусыз тіршілік жоқ.

Тамақсыз жүргенге шыдағанмен,сусыздыққа шыдау қиын.

Адам ағзасының жартысынан көбі судан тұрады.



Ауа жылынғанда жеңіл тартып,жоғары көтеріледі.Осы кезде су бетінен салқын ауа келеді яғни су жылынады.

Сабақты қорыту:осы тарау бойынша алған білімімізді сынау үшін тест жұмысын орындаймыз.
Каталог: uploads -> doc -> 07d1
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
07d1 -> Модульдық оқыту технологиясы
07d1 -> Синквейн от фр
07d1 -> Оқушыларға дене тәрбиесі пәнінен ойын технологиясын пайдаланудың ерекшелігі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының «Білім туралы»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет