Сабақтың тақырыбы: Сулы жер нулы жер



жүктеу 27.22 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі27.22 Kb.
түріСабақ

Күні:

Сыныбы:

Пән: жаратылыстану

Сабақтың тақырыбы: Сулы жер – нулы жер

Сабақтың мақсаты: Судың маңызы, таралуы, оны шаруашылыққа, күнделікті тұрмыста пайдалану және қорғау жолдары туралы түсінік беру, оқушыларды оқулық, карта, қосымша материалдарды пайдаланып, өздік жұмыс жасай білуге, ойлау қабілетін дамытуға үйрету, танымдық қабілетін жетілдіру, туған өлкенің табиғатын аялап, сүйе білуге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаздар, мақал – мәтелдер

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқушылардың сабаққа қатысымын қадағалау



І. Қызығушылықты ояту.

А) Оқушыларға мұхит, өзен, көл аттары жазылған үлестірмелер таратылады. Олар үлестірмелерде белгіленген жер – су аттарын картадан тауып көрсетіп, сол арқылы үш топқа бөлінеді.

1-топ. 2-топ. 3-топ.

Ертіс өзені Байкал көлі Жерорта теңізі

Сырдария өзені Арал теңізі Қара теңіз

Ніл өзені Зайсан көлі Балтық теңізі

Нұра өзені Каспий теңізі Араб теңізі

Амазонка Жасыбай көлі Қызыл теңіз

Ә) Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңін оқиды. Әр топ өзенге байланысты екі кілтті сөзді жазып, сол арқылы әңгіме құрастырады.
Таулардан өзен ағар сарқыраған, Өксіген оттай жанып жануарлар,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған. Өзеннен рахат тауып басылады.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған. Ел қыстап, күн көреді жанабында,

Дәм болар алуан – алуан балығында...

Көңілің суын ішсең ашылады, Тау таста, алтын таста сынамаққа,

Денеңде бар дертіңді қашырады. Сонда да аққан өзен қалыбында...
ІІ. Мағынаны ашу.

Оқушылар оқулықтың 66-бетіндегі мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындайды.



А) Миға шабуыл стратегиясы бойынша жұмыстар.

1-топ: «Суды пайдалану»



















2-топ: «Су көздерін негізгі ластаушылар»














3-топ: «Суды қорғау»

Ә) Сергіту сәті.

1. Еліміздің өзен – көлдері және олардың шаруашылыққа пайдаланылуы туралы картиналарды слайдтан музыка арқылы көрсету.

2. Тәжірибе жасау. Суды тұндыру, сүзу арқылы, саз, кесек заттарды тазарту.

Б) Картамен жұмыс. Өзенге сипаттама беру.

1-топ: Ертіс өзені.

2-топ: Сырдария өзені.

3-топ: Жайық өзені.

IV. Ой толғаныс.

А) Мақал – мәтелдердің мағынасын ажырату.

1-топ: «Бұлақ көрсең, көзің аш», «Сулы жер – нулы жер».

2-топ: «Өзен жағалағанның өзегі талмайды», Су ішкен құдығыңа түкірме».

3-топ: «Судың да сұрауы бар», «Ағын су тоқтамай, тіршілік тоқтамайды».

Б) «Керісінше ойлау» стратегиясы.

1. Егер су болмаса нендей жағдай болар еді?

2. Егер дүниежүзілік мұхит сулары тұщы суға айналса қандай жағдай болар еді?

3. Егер Ертіс өзені ағуын тоқтатса өңірімізде нендей жағдай болар еді?



В) Географиялық диктант.

Г) Логикалық тест.

1-топ: «Суды тазартуға бола ма?»

2-топ: «Арал теңізі суының деңгейн бұрынғы қалпына келтіруге бола ма?»

3-топ: «Ертіс өзенінің суының ластануын тоқтатуға бола ма?»

V. Үйге тапсырма.

«Ерке Ертіс» эссе жазу.



Сабақ соңында бағалау парағын жинап алып, бағасын хабарлап, сабақты қорытындылау.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет