Сабақтың тақырыбы: Табиғат тал бесігің, аялай біл. Сабақтың мақсаты



жүктеу 65.51 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі65.51 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Табиғат тал бесігің, аялай біл.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты түсіндіру арқылы дұрыс әрекет,қиянат жасамау құндылықтарының мәнін ашу.

Міндеттері:

1.Оқушыларға табиғат байлықтары мен қоғам арасындағы өзара байланысты қамқорлық, жанашырлық, ізгілік сынды қасиеттер арқылы түсіндіру.

2.Оқушылардың табиғат пен қоғам туралы ойын қалыптастыра отырып, олардың бойында табиғатқа деген жанашырлық пен ізгілік қасиеттерін дамыту.

3.Оқушыларды табиғатты аялауға шақыру, жақсы әдет пен тәртіпке тәрбиелеу.

Құндылық: Дұрыс әрекет.Қиянат жасамау.

Қасиеттер:Қамқорлық, жанашырлық, ізгілік,қанағат.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу.

5 “Т” ұстанымын еске түсіру: Тәртіп, Талап, Тыныштық, Тазалық, Татулық

Тыныштық сәті. “Нұрға бөлену”.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы Қ. Толыбаевтың “Қайыңның қасіреті” мәтінін оқып келгенін тексеру.

Сұрақтар:


  • Адамдар табиғатқа неліктен залал келтіреді?

  • Табиғат та жылай ма?

  • Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін?

  • Қамқорлық, жанашырлық сөздерін табиғатпен қалай байланыстырар едіңдер?

ІІІ.Дәйексөз.

“Адамның су мен жер туралы ойлағаны – өзі туралы ойлағаны”.

Ұлы жазушы Ш. Айтматов

Сұрақтар:



  • Осы дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

  • Адамзаттың табиғат алдындағы басты міндеті не деп ойлайсыңдар?

Барлығы бірге 2 рет қайталайды.Дәйексөзді дәптерге жазады.

ІY. Мұғалімнің сыйы. Бейнеролик көру. Ауа қабаты, жануарлар, су -арал апаты видеосы керек



  1. Арал экологиясы – шөлейт аудандарда суды көп қажет ететін өндірістерді орналастырудағы стратегиялық қателіктердің нәтижесінде пайда болған экологиялық жағдай. Арал теңізінің тартылуы және оңтүстік ендікте суғармалы егіндік жерлердің көбеюі қуат, жылу, ылғал алмасуының тапшылығы сол өңірдің экологиясын және ландшафты мен ауа райын өзгертті. 1970 ж. Арал теңізіне құйылатын өзен суының көл. 7 – 11 км3-ге дейін азайса, ал 1980 ж. теңізге құятын өзен сулары мүлдем сарқылды. Теңіз деңгейінің төмендеуі ауа райының өзгеруіне, сол өңірдің сусыздануына әкелді. Бұл жерлерде 1950 – 90 ж. аралығында шаңды дауыл жиілігі 60 есе көбейіп, кеуіп кеткен теңіз түбінен көтерілген тұзды шаң жылына 15 – 75 млн. т-ға жетті. Өсімдіктерге қонған тұзды шаң, оның биол. өнімділігін төмендетті. Тұрғындар пестицидтерден, т.б. химикаттардан, түрлі улы тыңайтқыштар мен тұздан тазартылмаған сапасы төмен суды пайдалануда. Соның нәтижесінде бұл аймақта рак ауруы, баланың өлі тууы, генетик. ауытқулар, сүзек, сары ауру және жүрек қан тамырлары аурулары көбеюде. Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бүл еңірдс соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, буйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканын басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.


  1. Ауа қабатының ластануы— әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Олар жер бетіндегі жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне және адамдардың өмір сүруіне зиянды ықпалын тигізеді. Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады.Мысалы, түрлі түсті металлургияның кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек – тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады. Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді.Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік, және жылу энергетикасы жатады. Атмосфераға зиянды заттарды шығаруда автокөліктер үлкен орын алады.Қазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60 – 80 пайыз құрайды. Ал, Алматы қаласында — 90 пайыз.


  2. Жануарлардың белгілі бір тобын қорғау ертеден қолға алынып келеді. Қазақстан конституциясына сәйкес жануарлар дүниесі мемлекеттік меншікке жатады — бүкіл халықтың игілігі.

    Жануарлар дүниесін қорғаудың қиындығы келесі факторларға негізделеді: сыртқы әсерлерге сезімталдығы, өзгерушілік қасиеті, мекендейтін ортасының тұрақты еместігі.Бірақ, өкінішке орай жыл сайын жабайы жануарлардың саны азайыу үстінде. Оны түсіну қиын емес, өйткені бір жағынан жер бетінде адам саны көбеюде, ал адам саны кобейсе жануарлар мекен жайы азая түседі. Екінші жағынан заңсыз аңшылық салдарынан да азаяды. Сол үшін аңшылық әрекеттерді тиімді және ақылға келе отырып, жүзеге асыру керек. Үшінші жағынан адамның антропогендік әрекеттерінен де жануарлар саны азаюда. Мысалы, ормандарды жойыу, шөлейттерді игеру, өндірістік қалдықтармен суларды ластау, ауамен теніздердің ластануы. Төртінші жағынан соңғы кезде мұнай өндірісінің қалдықтары су қорларын ластауда, сондықтан кейбір балық түрлері азаю процессі үстінде. Осыған байланысты қазіргі таңда жануарлар дүниесін сақтап калу және оларды қорғау адамзаттың басты назарында болуы тиіс. Жануарларды не үшін қорғап сақтауымыз керек? Себебі, планетамыздың фаунасы әр турлі жануарлардың кездейсоқ  жинақталуы емес, қарама қайшы жануарлар біртұтас, бір - бірімен тығыз байланыста өмір сүретін жүйе болып табылады. Біреуінің сол жүйеден түсіп қалуы үлкен табиғи өзгерістерге әкеп соқтырады.Жоғарыдағы айтылғанға байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясында табиғатты қорғау және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану міндетінің тек қана азаматтар үшін белгіленген, біздің пікірімізше заңды тұлғалардың да міндеттері қоршаған ортаны қорғау бойынша  мемлекетіміздің негізгі Заңында көрсетілуі тиіс деген ұсыныс айтамыз.





Сұрақ: Oсы бейнебаяннан қандай ой түйдіңіздер? Қоршаған ортаның мұндай зардап шегуіне кімді, нені кінәләй аламыз? Табиғат ананың таза, табиғи күйін сақтап қалуға біз көмектесе аламыз ба?


Адамның табиғатқа, табиғаттың адамға ықпалы зор. Біздер табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен , қамқорлықпен қарап, үйлесімділікті сақтауымыз керек. Адам баласы үшін табиғат-кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы ТАБИҒАТ-АНАҒА қарыздар. Табиғаттың ластануы тіршілікке зиянын тигізеді. Сондықтан да табиғатқа қиянат жасамауымыз керек. Онымен санаспау, қорғамау- ана сүтін ақтамағанмен пара-пар.Адам баласы- Табиғаттың ең ұлы перзенті.Сонымен бірге, ең ұлы қамқоршысы.

VI.Шығармашылық жұмыс.


«Таза болса, табиғат,

Аман болар адамзат!»-тақырыбында пікірталас ұйымдастыру.



VII. Топпен ән айту “Саржайлау” әні

Сөзі: М.Мақатаев

Әні: Н. Тілендиев

Жазира, жасыл кілем өрнектеген

Туған жерге, дариға, жер жетпеген!

Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем

Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем

Саумал бұлақ - балдай дәрім

Салқын самал - баурайларың

Саялаған, беу, туған жер

Сағындырған, Саржайлауым

Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен!

Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем

Басқаның жерұйығын неғылайын

Жерұйығы өзімнің қасымда екен!

Саумал бұлақ - балдай дәрім

Салқын самал - баурайларың

Саялаған, беу, туған жер

Сағындырған, Саржайлауым

Жадырап, жұтайыншы тау самалын

Осы еді ғой сағынып аңсағаным

Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым

Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын

Саумал бұлақ - балдай дәрім

Салқын самал - баурайларың

Саялаған, беу, туған жер

Сағындырған, Саржайлауым

Жанымды жырға бөлеп таң атырған

Әкем едің ақ таңда жаратылған

Төліңнен айналайын жаңа туған!

Айналайын еліңнен дара тұрған!

Саумал бұлақ - балдай дәрім

Салқын самал - баурайларың

Саялаған, беу, туған жер



Сағындырған, Саржайлауым

VIII. Үйге тапсырма. 24- сабақ. Б.Соқпақбаевтың “Жекпе-жек” әңгімесінен үзінді оқып келу.

IX. Соңғы тыныштық сәті. Ақырын баяу әуен қосып қою керек.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, қандай сабақ алдық сол жөнінде ойланайық. Осының брлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.Жайлап көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!




Каталог: uploads -> doc -> 00e2
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
00e2 -> Кіріспе өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет