Сабақтың тақырыбы: Табиғатты зерттеу әдістері. Бақылау Жалпы мақсаты



жүктеу 64.26 Kb.
Дата13.12.2017
өлшемі64.26 Kb.
түріСабақ

Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Авторлары: Қ. Жүнісқызы, Ә. Бірмағамбетоа, Н.Нұғыманов, Н. Жапанбаева.

(барлығы 68 сағат)
Оқу ісінің меңгерушісі:

Сыныбы:

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Табиғатты зерттеу әдістері. Бақылау

Жалпы мақсаты

Жаңа білімді түсіндіру,топтық,жеке жұмыстарға баулу. Алған білімін өмірде қолдануға үйрету.

Оқу нәтижесі

Жаңа білімді түсінеді. Бір-біріне түсіндіре алады.

Түйінді идеялар

Оқушылардың қызықты ақпарат арқылы мәліметтермен танысуы, жұмыс жасауы.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса.
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тіледі



Топқа бөлу

Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу Оқушылар таңдаған конфеттеріне сай топтарға бөлініп отырады.



Қызығушылықты ояту

Жұмбақтардың жауабын табу арқылы сабақтың тақырыбын табу.
1. Жөңкиді бұлттар дүркіреп,
Жауады жаңбыр күркіреп.
Аспанның жүзі жарқ етті,
Ақ найза жерге сарт етті. (Найзағай)
Үй үстінде ұсақ тас. (Жұлдыз)



Мағынаны тану

Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады. Табиғатты зерттеу әдістерінің ішінен кең тараған үш ғылыми әдісті атап өтуге болады. Олар: бақылау, эксперимент және теориялық зерттеу әдістері.
Табиғат құбылыстарының заңдылықтарын ашу үшін ғалымдар логикалық ой қорыту амалдарын рет - ретімен пайдаланады. Әуелі олар бақылау арқылы деректер жинайды. Жаңа деректерді бұрыннан белгілі деректермен салыстырып, олардың арасында себеп - салдарлық байланыстар бар ма? Деген негізгі сұраққа жауап іздейді. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы ғылыми болжамды В. Франклин (1706 - 1790жж) ұсынды. Оның болжамы бойынша найзағай – әр түрлі зарядталған бұлттардың арасындағы немесе бұлт пен Жердің арасындағы аса қуатты электр электр ұшқыны. Ондай ұшқын әр түрлі электрленген (зарядталған) денелердің араларында байқалады.
Астрономиялық бақылау үшін де әр түрлі құралдар мен аспаптар қолданылады. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы – телескоп. Оның жәрдемімен жақын тұрған аспан денелерінің (Айдың, Күн жүйесіндегі планеталардың және олардың серіктерінің) беткі дедерлерін көруге болады. Телескоптың арқасында көзге көрінбейтін басқа да аспан денелерін бақылап, ғылыми деректер жинақталады.

Сергіту жаттығуы

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары-төмен қарайық,

Солға-солға түзу түр.

Оңға-оңға түзу түр,

 Алға қарайбір адым,

Артқа қарай бір адым

Бойымызға күш жинап,

Бір дем алайық.


Ой толғаныс

« Жұмбақ конверттегі сұрақтар» ойыны арқылы білімдерін пысықтау.
♦ Табиғатты зерттеудің кең тараған ғылыми әдістері қандай?
♦ Табиғат құбылыстарын зерттеп, ой қорытудың реті мен ерекшеліктері қандай?
♦ Болжам дегеніміз не?
♦ Эксперименттің басқа ғылыми әдістерден ерекшелігі неде?
♦ Ғылыми деректермен негізделген жорамал қалай аталады?
♦ Физикалық эксперимент жасауға арналған үдеткіш қайда жасалды?

Бағалау

Бағалау парақшасына жазады.

Кері байланыс

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Физикалық карта. Масштаб

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға масштаб, оның түрлері, қашықтықты өлшеу, оны қағаз бетіне түсіру әдістері туралы білім беру. Картадағы кез-келген географиялық объектінің масштабына қарап қашықтығын анықтауға және оны дәлме-дәл қағазға түсіруді үйрету.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу



Оқушылар таңдаған конфеттеріне сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

Масштаб дегеніміз (немісше мас-өлшеу; штаб-таяк)- жер бетіндегі өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек санды айтады.

Мoval 82асштаб

 

                 Сандық                   атаулы                сызықты



  1. Сандық масштаб туралы айтып, мысал келтіру.

  2. Атаулы масштаб туралы айтып, мысал келтіру, сандықтан атаулыға айналдыруды үйрету.

  3. Сызықты масштаб туралы айтып, мысал келтіру, сандықтан сызықтыққа айналдыру жолдарын үйрету.




Сергіту сәті

Ал, қанеки ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Байлап қойып көзіңді,

Қоршап тұрмыз айнала.

Атыңды атап шақырған, арамызда қай бала?


Жаңа сабақ

Картадан материктердің Солтүстіктен Оңтүстік бағыттағы қашықтығын өлшеу, екі қала аралықтарын өлшеуді, масштабқа айналдыруды үйрете отырып төмендегі тапсырманы беру:

-          Еуразия материгінің С-О бағытындағы қашықтығын  өлше;

-          Алматы мен Астана қала аралықтарын өлшеп, масштабын анықта;

-          Мәскеу мен Астана қаласы аралығындағы ара қашықтықты өлшеп, масштабын анықтау, сандық маштабтан сызықтық масштабқа айналдыр.


Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда орындау

Тақырыпқа байланысты дайындаған ресурстармен танысу

Шығармашылық тапсырма.

1-топ Жаңа тақырыпты түсіндіру

2-топ Топтастыру

3-топ Семантикалық карта

Дәптермен жұмыс


Ой толғаныс

Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:

Масштаб дегеніміз не?

Оның неше түрі бар?

Масштабтың қандай маңызы бар?



Түрлері бойынша мысалдар келтір.


Үйге тапсырма

 Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс




Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Оқу ісінің меңгерушісі:
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет