Сабақтың тақырыбы: Тамақтану мәдениеті, тиімді тамақтану негіздері. Сабақтың мақсаты



жүктеу 23.23 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі23.23 Kb.
түріСабақ

Пән: Технология Сынып: 9 Өтілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Тамақтану мәдениеті, тиімді тамақтану негіздері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - оқушылардың білік дағдыларын қалыптастыру, тақырып мазмұнын меңгерту; іс-әрекеттерін белгілі бір мақсатқа жүйелеу, бағыттау; тағамдардың ағзаға әсерін жете түсіну, талдауға үйрету; ғылымиізденіс жасауға баулу, тиянақты білім беру.

Дамытушылық - оқушылардың өзіндік жұмысбарысының әр кезеңдеріне ізденуге, зерттеуге, сараптауға, сыни ойлауға, салыстыра білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

Тәрбиелік – тағам жасаудың тәсілдерін үйрету барысында тазалық пен ұқыптылық, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Оқыту әдістері: түсіндіру, әнгімелесу, сұрақ-жауап, салыстыру, теңдеу тәсілдері
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау.

Тамақтану мәдениеті дегеніміз – бірқалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп-жей білу.

Адам тағамнан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай қуат алуға тиіс. Егер адам үнемі мөлшерден тыс ішіп-жесе, семіріп кетеді де, нәтижесінде қант диабетіне, атеросклерозға ұшырайды, бауырдың қызметі бұзылады, басқа даауруға шалдығады.


Деңгейлік кезең

Оқушының атқарылатын іс-әрекет

І. Танып білу

Бұл кезеңде оқушы өз білімін көрсетіп, қарсы топқа жаңа тақырып көлемінде 4-5 сұрақ қояды және өздері де соған дайын болады. Жаңа тапсырмалар беріледі.

ІІ. Түсіну

Қыздар бұл кезеңде тағамдардың ағзаға әсерін, қаншалықты қажеттігін. Қандай қажетін өтейтіндігін жан-жақты ашу керек

ІІІ. Қолдану

Оқушылар тағам құрамын, жасалу технологиясын салыстырады. Тағамдарды құрамдас бөліктерге бөле отырып (ақуыз, көміртегі, май) әр компоненттің үлес салмағы арқылы энергетикалық құндылығын есептеу.

ІҮ. Анализ, талдау

Адам ағзасының қоршаған ортамен байланысы сипатталады. Ағзадағы метаболикалық процестер туралы түсінік. Ағза үшін тағамдардың кейбір зиянды факторларын ашу (тым майлы, зиянды холестеринді көп болуы, шамадан тыс қуатты, ас жолын артық тітіркендіру, астан улану, рұқсат етілмеген тұрақтандырғыш, бояу, сақтандырғыш-консерванттардың мөлшерден көп болуының салдары). Тағамның түрлі жағдайдағы сақталу мерзімін анықтау.

Ағзаға дәрумендердің қажеттігі, олардың жетіспеушілігінен болатын ауру түрлері аталады. Дәрумендердің түрі (суда еритін, суда ерімейтін), ағзаға тиімді әсері сипатталады. Гиповитанминоз және гипервитаминоз терминдеріне түсінік беру.



Ү. Синтез

Екі топтағы қыздардың алған білімдерін бекітемін. Түрлі тапсырмалар арқылы қабілеттерін бағалаймын:

1 тапсырма-кулинарлық фантазия (жаңа тағам түрін ойлап табу)

2 тапсырма-математикалық ойын

3 тапсырма-«білемін, білдім, білгім келеді» сауалнамасы



4 тапсырма-кулинарлық тест

ҮІ. Бағалау

Қыздар бір-бірінің жұмыстарына талдау жасап, баға береді



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет