Сабақтың тақырыбы «тапқыр достар тарих әлемінде»



жүктеу 89.18 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі89.18 Kb.
түріСабақ

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ілбішін ауылы, Қаршы орта жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Серікқали ЭльмираСерікқалиқызы , ІІ санат.



Апта

Күні:




Сабақтың тақырыбы

«ТАПҚЫР ДОСТАР тарих әлемінде» зияткерлік ойыны

6-7 сыныптар арасында

Жалпы мақсаты

  • Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету;

  • Қатысушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;

  • Ұйымшыл болуға тәрбиелеу.




Күтілетін нәтижелер

Қазақстан тарихы мен танысады, ұғынады, кең мағлұмат алады.

Сабақ түрі

Сайыс сабақ

Тапсырмалар

  • сұрақ жауап

  • ой бөлісу, диалог

Рефлексия

Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, сызба, тақта, оқулық, дәптер, т.б.


Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар зейінін сабаққа аудару



Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті


Оқушы әрекеті

Кіріспе

І.Тұлғааралық байланысты орнату.

Сыныппен амандасу.

Танысу тренингі: өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.

1.Әдепті - Зарина 2.Үлпілдеген - Ерболат

3.Жағымды – Кәусария 4.Мейірімді – Ранида

5.Нұрдай –Айнат

6.Оқымысты- Манарбек

7.Ынталы –Қадірбек

8.Ажарлы – Аружан

9.Жайдарлы - Динар

10.Сабырлы-– Нұркен 11.Ақжарқын – Аяна 12.Нұрлы – Айым

Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер

Білміңді тексеріп

Ойынға қатысып көріңдер

Оқушыларды екі топқа бөлу.

1 топ Зарина, Айым, Нұркен, Ранида, Айнат, Динар

2 топ. Манарбек, Аружан, Ерболат, Кәусария, Аяна, Қадірбек

Ойынымызды бастамас бұрын жоспармен және әділ қазы алқасы мен танысайық:

әділ қазы алқар: Кубаева Майра мен Исаева Данагүл 11 сынып оқушылары. І кезең. Топ көшбасшыларын анықтау. Таныстыру (5 ұпай )



ІІ Кім тапқыр (әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі).

ІІІ Тұлғаны таны (5ұпай)

ІҮ Кесенелерді ата (5 ұпай)

Ү Қорытынды


Әр оқушы өзінің жақсы деп таныған қасиетін атап шығады.

Кезекпен топ аттарын атап тұрып, топқа бөлінеді

Оқушылар өткен сабақтарды естеріне түсіреді




Тұсаукесер

ІІ Кім тапқыр. 1 нұсқа

1.Египет пирамидаларының ең үлкені? Хеопс

2.Леонардо да Винчиді әлемге әйгілі еткен туындысы? Мона Лиза

3.Ең алғаш қағазды ойлап тапқан ел? Қытай

4. ҚР теңгесі қабылданған жыл? 1993 жыл

5. Бірінші дүниежүзі қазақтардың құрылтайы жыл 1992 жыл

6. Мемлекеттік тіл? Қазақ

7. Алғашқы қазақ хрестоматиясының авторы?

Ы. Алтынсарин

8. Ә. Молдағұлова соғыс кезінде кім болды? Мерген

9. Этнос деген не? Халық

10.Оғыз билеушісі қалай аталды? Жабғу



2 нұсқа

  1. Нөл санын ойлап тапқан ел Үндістан

  2. Әлемнің жеті кереметтің 2 ата Аспалы бақ

  3. Үйсіндердің астанасы? Чигучен

  4. Қазақстан БҰҰ –ға мүшелікке қашан қабылданды. 1992ж.

  5. Алтын адам табылған жыл? 1969-70ж.ж.

  6. Қалыңдықтың бас киімі? Сәукеле

  7. Қ хандығының алғашқы ханы? Керей

  8. Түйенің сүтінен жасалған сусын шұбат

  9. 1929-1997ж.ж. Қазақстанның астанасы Алматы

  10. Алғашқы қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров




Оқушылар жауап береді Оқушылар өз пікірлерін білдіреді. Оқушылар өздерінің пікірін айтады
Оқушылар тыңдайды, дәптерге түсіреді
Оқушылар энциклопедиялық білімі негізінде жауап береді

Негізгі бөлім

ІІІ Тұлғаны таны.

  1. Құсмұрын, кадет корпусы, Манас, Достоевский Ш. Уалиханов

  2. 316 дивизия, жазушы, әскери академия, халық қаһарманы Б. Момышұлы

  3. Астана, Нұр отан, Дариға, Үшқоңыр Н. Назарбаев

  4. Түркістан, сұлтан, Сабалақ, Уәли Абылай хан

  5. Нарбала, кек алу, қалмақтар, батыр Қабанбай батыр

  6. Медресе ,Семей, Ақылбай, Зере А. Құнанбаев

  7. Империя, Есугейұлы, хан, Қарақорым Шыңғыс хан

  8. Археолог, қола дәуірі, экспедиция,1946 жыл Әлкей Хаканұлы Марғұлан

  9. Билеуші,сақ, шабуыл, көсем Томирис

  10. Ақын, көтеріліс, Атырау, ұйымдастырушы М.Өтеміс ұлы

ІҮ Кесенелерді ата:

Қазақстан жерінде қайталанбас бітімді тарихи ескерткіштер өте көп. Соның ішінде

тарихи тағдырымен, сəулеттік-көркемдік бітімімен айрықша көз тартатындардың бірі –

1.Жошы хан күмбезі. Күмбез Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде,

Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан. Күмбез Алтын Орданың негiзiн салушы, қазақ

хандарының арғы атасы – Жошы ханға арнап салынған. Ертедегі қазақ аңыздарының

бірінде Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы құлан аулап жүріп, нөкерлерінен алысқа

ұзап кетеді. Осы кезде құландар үйірінің бір ақсақ құланы Жошыға тап береді. Ақсақ

құлан шабуылының тегеурінді болғаны сондай, Жошы хан атынан құлап, қаза табады.

Жошы хан күмбезіне жүргізілген қазба жұмыстары кезінде күмбездегі екі қабірдің

біреуіндегі адам сүйегінің оң қолы жоқ екендігі анықталған. Бұл «Жошыны аң аулап

жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірді» немесе «Жошыны жерлегенде бір қолы жоқ

болған» деген халық аңызына сəйкес келеді. Екінші қабір Жошының үлкен бəйбішесі

Бектумыштікі болса керек.

Күмбез шамамен 1228 жылы бой көтерген. 2. Қарахан кесенесі

Cəулет өнерінің тамаша туындыларының бірі –

Қарахан кесенесі. Ол Тараз қаласындағы ≪Ежелгі

Тараз ескерткіштері≫ қорық-мұражайында

орналасқан. Кесене Қарахан əулетінен шыққан

хан Ша-Махмұд Бұғра Қарахан қабірінің басына

орнатылған.

Аңыз бойынша, Қарахан Айша деген қызға

ғашық болыпты. Бірақ жаугершілік заман екеуінің

қосылуына кедергі болған көрінеді. Ақыры,

екеуі қосылуға серттесіп, қыз Қараханның

ауылына қарай жол тартады. Жолда Айша бибі

суға шомылып шығып, киімін киіп жатқанда сəукеле ішіне кіріп кеткен жылан қызды

шағады. Қарахан есінен танып, əлсірей бастаған Айшаны молдаға апарып, некесін

қидырады. Айша бибі осы жерде батырдың қолында көз жұмады. Сөйтіп, Айша бибінің

қайтыс болған жеріне мазар тұрғызады. Қасынан Қарахан өзіне де мазар салғызады.

Қарахан есімі ел арасында беделді, əулие кісі ретінде танылған. Содан оның мазары

ел ішінде ≪Əулие ата күмбезі≫ аталған жəне шамамен ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ

ғасырдың басына дейін қазіргі Тараз қаласы Əулиеата атанған.



3. Арыстан баб кесенесі

Арыстан баб есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы

ретінде кеңінен танымал. Ислам дінінен басқа отыз үш дінді білгені жəне əулие кісі

болғаны жайлы халық арасында аңыз бар.

Арыстан баб кесенесінің ең көне бөлігі – қабірхана шамамен ХІІ ғасырда салынған.

XIV ғасырда мазар қайта қалпына келтірілген. Кесененің салынуы жайында мынадай

аңыз тараған.

Мəуереннахр билеушісі Əмір Темір Қожа Ахмет Иасауидің құрметіне кесене

тұрғызуға жарлық етеді. Кесененің қабырғалары қаланып болған түні алып өгіз келіп,

дуалдарды мүйізімен соғып, құлатып кетеді. Кесене қабырғалары қайта тұрғызылып,

күмбездері қаланғанда əлгі оқиға тағы қайталанады. Осындай оқиғалардан кейін Əмір

Темірдің түсіне ақ киімді қария кіріп: ≪Алдымен Қожа Ахметтің алғашқы ұстазы

– Арыстан бабтың қабірінің үстіне мазар сал≫, – дейді де ғайып болады. Ертеңінде

Əмір Темір Арыстан баб əулиенің қабірінің басына кесене тұрғызуға жарлық береді.

Ол салынып біткенде ғана Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің құрылысы

ойдағыдай аяқталады. Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстан облысы аймағындағы көне Отырар

жерінде Арыстан баб кесенесі бой көтереді.

Кешен ХХ ғасырларда жергілікті халықтың қаражатымен қайта өңделген. Дəліз-

қақпа маңдайшасындағы мəрмəр тақтаға һижра бойынша 1327 жыл деп соңғы құрылыс

жүрген уақыты көрсетілген.

Кесене дəлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелер

мен қабірханаға бөлінген. Арыстан бабтың əулиелігін халық мойындаған. Сондықтан

бүгінгі күнге дейін бейсенбі сайын əулие басына түнеп, ғибадат етушілер кездеседі. Ел

арасында ≪Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле≫ деген ұлағатты сөз бар.



4. Алаша хан күмбезі Ұлытау өңіріндегі көптеген сəулеттік ескерткіштердің ішіндегі шоқтығы биік, тұлғалы туындысы Алаша хан күмбезі. Алаша хан күмбезі Ұлытаудың Қаракеңгір өзенінің жағасында биік жотаның үстінде тұр. Күмбездің нақты қай кезде салынғаны белгісіз. Ғалымдар күмбезді Қарахан əулеті заманында (X - XIII ғғ.) салынған сəулет өнерінің ескерткіші деген пікір айтады. Күмбездің биіктігі -- 10 метр. Ол күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Кіреберіс сол жақ бұрышындағы баспалдақ арқылы жоғары көтеріліп, кесене үстіне шығуға болады. Күмбездің сырты əр түрлі кірпіштерден геометриялық өрнектер жасау арқылы көркемделген. Порталы мен күмбезі жұқа сырлы қаптамалармен қапталған екен. Бірақ олар бүгінгі күнге дейін сақталмаған.

5. Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:

Қазандық;

Үлкен Ақсарай;

Кіші Ақсарай;

Құдықхана;

Кітапхана;

Асхана;

Көрхана;


Мешіт;

Әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыстанады
Оқушылар ойланады, салыстырады

Оқушылар бірнеше сұрақтар дайындайды



Қорытынды

Сабақ соңында белсенді оқушылар, ұйымшыл топтар мадақталып, бағаланады.Қазыларға сөз берейік.

«Өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін ертеңгімізге сеніммен қарайтын азамат пен азаматша болыңыз» деген тілекпен сыныптан тыс шарамызды аяқтаймыз.

Бекіту: Рефлексия

Арыстан баба тобы 1 орынға ие болды.



Оқушылар сабақ бойынша ойларын жазады






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет