СабақТЫҢ тақырыбы: ТҮбір мен қосымша 257-261-жаттығу сабақТЫҢ мақсаты: жаңа білім беру сабақТЫҢ міндеттері



жүктеу 44.78 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі44.78 Kb.
түріСабақ

КҮНІ:

СЫНЫБЫ: 2

ПӘНІ: ҚАЗАҚ ТІЛІ

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ТҮБІР МЕН ҚОСЫМША 257-261-жаттығу

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: жаңа білім беру

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

БІЛІМДІЛІК: оқушыларға сөз құрамы, түбір мен қосымша туралы түсінік беру

ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Сөздік қорын молайтып, ауызекі, жазба,  тілін, логикалық ойлау,

шығармашылық қабілеттерін дамыту..

ТӘРБИЕЛІК: Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, еңбексүйгіштікке

тәрбиелеу.

САБАҚТЫҢ ТҮРІ: Аралас сабақ

САБАҚТЫҢ ӘДІС- ТӘСІЛІ: сөздік әдісі, көрнекілік әдісі

САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары, суреттер.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

Оқушыларды, оқу құралдарын түгендеп, тексеру.



              Психологиялық дайындық:

Сыныпта біздің тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккенді тоспаймыз.

Күнделікті қызықты ,

Кезекті сабақ бастаймыз.
ІІ. ӨТКЕНДІ ПЫСЫҚТАУ
ІІІ. ЖАҢА САБАҚ

  Тақтада қобыздың, қобызшының, кітаптың, кітаптардың суреттері тұр. Оларды оқушыларға көрсете отырып, төмендегідей сұрақтар беремін.

1.  Қазақтың ұлттық музыкалық   аспаптарының бірі.

 Жансыз затқа  не? деген сұрақ қоямыз.



2. Кім? деген сұраққа жауап береді.

 Қобызшы Қорқыт туралы айту  . 



3.  Кітап                                                        

 4. кітап-тар

Екеуіне ортақ сөзді айтқызу                Сөздің негізгі бөлігіне жалғанып тұрған                                                                                қосымшаға сұрақ қойғызу



257-жаттығу           

Күйші күй тартады. Балықшы балық аулайды. Құрылысшы құрылыста істейді.  Жылқышы  жылқы  бағады.
Қарамен жазылған суреттерге сұрақ қойғызу.

Венн диаграммасы арқылы берілген сөздерді түбір мен қосымшаға ажыратамыз. Мысалы : Түбір сөз күй, -ші қосымшасы арқылы күйші сөзі шығып тұр.

Жаттығуды қорытындылау үшін тақтадағы ережеге қараймыз.


Сөз құрамы: түбір мен қосымшадан тұрады

Түбір –  сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі . Мысалы: күй, балық,етік, алма                        Қосымша -сөздің түбірге жалғанған бөлігі. Мысалы: күйші, балықшы,етікші,алманы

Есте сақта!   Түбір +қосымша+ Жұрнақ +  Жалғау

«Теңге алу»    ойыны. Тақтада ілулі тұрған әмианнан теңгелерді  алып, босқа шашпай білімге жұмсаймыз.

                      Құс                                                         Құс-шы               

  Бірнеше суреттерді жапсыру. Суретке қарап сұрақ қойғызу .  Құс-не?     Құс-шы – кім?


    258-жаттығу  Оқушыларға оқытып, түсіндіру, (дефис) сызықша туралы айтып кету.

Аяз

Сурет-ші ме, мүсін-ші ме- әлде кім?

Бояп кетті терезе-нің  әйнегін.

Түс кезінде ғайып болды әлгісі,

Бақсам оным – қысқы аяз-дың белгісі.

Жаттығуды қорытындылау мақсатында балалардан сұрап кету.
Сергіту сәті

4/  СЕРГІТУ СӘТІ

«Би билейміз» қимылды ән

Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір.

Бір анда, бір мында, өзіңді өзің айнала.

Бас аяқты топ, топ, топ,

Шапалақта хоп, хоп, хоп.

Бір анда, бір мында, өзіңді өзің айнала.

Басымызды иеміз, би билейміз күлеміз,

Бір анда, бір мында, өзіңді өзің айнала.
259-жаттығу  СӘЙКЕСТЕСТЕНДІРУ ТЕСТІН ПАЙДАЛАНУ

Сый                 -гіш

Жұмыс           -лі

Біл                  -шы

өнер                -қыш

ұш                   -лық


 Әр сәйкес келген сөзге сұрақ қойғызып,  ережені қайталап отыру.
260-жаттығу Оқушыларға оқытып, ойларын тыңдау. Ассоциация арқылы тоқымашының немен жұмыс атқаратынын сұрап, әр затқа сұрақ қойып, оған қосымша жалғап, сұрақ қойғызу. Белгілерін атап кету.

Жүнмен жібекпен


мақтамен
   Шығармашылық тапсырма:  Сөз құрамы жүрдек пойызы 2 «А» сыныбына келіп тоқтады. Тұру уақыты  5 минут.Сондықтан 5 минутта алған билеттері бойынша өз вагондарына мінуі керек, соған сендердің көмектерің керек. Әр жолаушының артында сұрақтар бар сол сұрақтардың жауабын мына вагондарда орналасқан соны дұрыс табуы керек.
 Сабақты қорытындылау: Біз білімге жұмсаған тиындарымызды сынып қорына саламыз,Онда біз бүгінгі сабақта не білдік соны  айтып мына қорапқа саламыз.

 Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма беру: 261-жаттығу. 97-бет

 
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет