Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру



жүктеу 1.71 Mb.
бет1/10
Дата05.08.2018
өлшемі1.71 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

САБАҚ ЖОСПАРЫ

«Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

Күні: 1,3 қыркүйек 2014 жыл

Пән аты: Информатика

Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В»

Спрямая соединительная линия 1абақтың тақырыбы:Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Программалық Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Қауіпсіздік техникасы

дидактикалық бойынша нұсқау алуды тіркеу журналы. Өрт сөндіру құралдары.

қамтылуы: Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты: 1. Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы

ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-зі алып жүру

ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет

ережелерімен таныстыру.

2. Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек

көрсете білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар көрсетіп түсіндіру сабағы.

Білім мен білікке Оқушы білуі тиіс:

қойылатын талаптар - ЕТ-пен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;


  • компьютер сыныбындағы іс-әрекет ережелерін;

  • қауіпті жағдайдағы іс-әрекет ережелерін.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

- көз талғандағы жаттығуларды жасауды;

- өрт сөндіргішті қолдануды;

- жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыруды;

- статикалық кернеу әсерін кетіру жаттығуларын орындауды.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

1. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:

1) жалпы;

2) ДК-де жұмысты бастау алдында;

3) жұмыс істеу кезінде

4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы,

5) жұмысты аяқтағанда



Жалпы қауіпсіздік талаптары:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды

  3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.

  4. Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды

  5. Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады

  6. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс

  7. Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды

  8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары

  1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

  2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары

  1. ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см.

  2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

  3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.

  4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

  5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.

Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

  1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын бйқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.

  2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.

  3. Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек.

  4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.

  5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары

  1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

  2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек

3. ТАПСЫРМАНЫ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІНДЕ ОРЫНДАУ КЕРЕК.

Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай «болады» немесе «болмайды» сөздерін қосып жазыңдар.



Мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге болмайды

Компьютер сыныбына сабырлықпен кіріп өзіңнің жұмыс орнына отыруға болады

Информатика кабинетінде сырт киіммен жүруге болмайды

Компьютердің көзге түсерлік ақауы немесе бұзылған жері жоқ екеніне көз жеткізуге болады

Компьютер сыныбына кірерде бір-біріңді есікте итермелеуге болмайды

Компьютердің көзге түсетін ақауларын көрсеңдер мұғалімге хабарлауға болады

Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын жеріне тиісуге болмайды

Компьютерде жұмыс істеуді тек мұғалімнің рұқсатымен бастауға болады

Электр тогымен жалғанған сымдарға тиісуге болмайды

Сыныпқа басқа компьютерлерден компакт-диск пен дискет алып келуге болмайды

Компьютердің ақауларын немесе бұзылған жерін өз беттеріңмен жөндеуге болмайды

Сабаққа қатысты емес бағдарламаларды немесе ойындарды қосуға болмайды

Компьютерде кір қолмен жұмыс істеуге болмайды

Пернетақтаны тоқпақтамай, жай басуға болады

Экранға және монитордың артқы қабырғасына тиісуге болмайды

Пернетақта пернелерін кернеу қосылғанда ғана басуға болады

Компьютерде су киіммен немесе су қолмен жұмыс істеуге болмайды

Көзден монитор экранының қашықтығы 60-70 сантиметр болуына болады

Компьютердің құрамдас бөліктеріне заттар қоюға болмайды

Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіруге болады

Мұғалімнің рұқсатынсыз қапшықтар мен файлдарды жоюға болмайды

4. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:

  1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру)

  2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату

  3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету

  4. Дәрігерді шақыру (мектептің медпунктінен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек.

Күйген кезде көмек көрсету

Адам күйікке шалынған жағдайда:



  1. Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі (анальгин, валерьянка) беру керек.

  2. Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.

  3. Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.

  4. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

Талып қалғандағы көмек көрсету

Адам талып қалған жағдайда:



  1. Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға бұрып жатқызу керек.

  2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

Тынысы тоқтап қалғандығы көмек көрсету

Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:



  1. Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек;

  2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

  3. Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту

Қауіпсіздік ережелері бойынша бекіту сұрақтары бойынша, сынақ



V. Қорытындылау

Үйге тапсырма: ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы.

Оқушыларды бағалау


САБАҚ ЖОСПАРЫ

«Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

Күні: 8, 10 қыркүйек 2014 жыл

Пән аты: Информатика

Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В»

Спрямая соединительная линия 2абақтың тақырыбы: Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау

саласындағы ҚР Заңнамасы.


Программалық Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Қауіпсіздік техникасы

дидактикалық бойынша нұсқау алуды тіркеу журналы. Өрт сөндіру құралдары.

қамтылуы: Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты: 1.Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау

2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстыру

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар көрсетіп түсіндіру сабағы.

Білім мен білікке Оқушы білуі тиіс:

қойылатын талаптар - ҚР ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасын;


  • компьютер сыныбындағы іс-әрекет ережелерін;

  • қауіпті жағдайдағы іс-әрекет ережелерін.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

- көз талғандағы жаттығуларды жасауды;

- өрт сөндіргішті қолдануды;

- жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыруды;

- статикалық кернеу әсерін кетіру жаттығуларын орындауды.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Ақпараттық қауіпсіздік

 

Ақпараттық қауіпсіздік — мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.



Ақпаратты қорғау  —  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық, техникалық шаралар қажет.

Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық.

Қол жетерлік (оңтайлық) - саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қол жеткізерлігі - ақпараттың, техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз (бөгетсіз) қол жеткізуге тиісті өкілеттілігі бар субъектілердің оған қол жеткізуін қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталатын қасиеті.

Тұтастық - ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы. Ақпарат тұтастығы деп ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған (бұзылған) кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады.

Жасырындылық - заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.

1983 жылы АҚШ қорғаныс министрлігі қызғылт сары мұқабасы бар «Сенімді компьютерлік жүйелерді бағалау өлшемдері» деп аталатын кітап шығарды.

Қауіпсіз жүйе - белгілі бір тұлғалар немесе олардың атынан әрекет жасайтын үрдістер ғана ақпаратты оқу, жазу, құрастыру және жою құқығына ие бола алатындай етіп ақпаратқа қол жеткізуді тиісті құралдар арқылы басқаратын жүйе.

Сенімді жүйе - әр түрлі құпиялық дәрежелі ақпаратты қатынас құру құқығын бұзбай пайдаланушылар тобының бір уақытта өңдеуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ақпараттық және программалық құралдарды қолданатын жүйе.

Жүйенің сенімділігі (немесе сенім дәрежесі) екі негізгі өлшемі бойынша бағаланады: қауіпсіздік саясаты және кепілділік.

 

Ақпараттық қауіпсіздік саясаты

 

Қауіпсіздік саясаты -  мекеменің ақпаратты қалайша өңдейтінін, қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар, ережелер және тәртіп нормаларының жиыны. Бұл ережелер пайдаланушының қайсы кезде белгілі бір деректер жинағымен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Қауіпсіздік саясатын құрамына мүмкін болатын қауіптерге талдау жасайтын және оларға қарсы әрекет шаралары кіретін қорғаныштың белсенді сыңары деп санауға болады.

Қауіпсіздік саясатының құрамына ең кемінде мына элементтер кіруі керек: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі, қауіпсіздік тамғасы және қатынас құруды мәжбүрлі басқару.

Кепілдік - жүйенің сәлетіне және жүзеге асырылуына көрсетілетін сенім өлшемі. Ол қауіпсіздік саясатын іске асыруға жауапты тетіктердің дұрыстығын көрсетеді. Оны қорғаныштың, қорғаушылар жұмысын қадағалауға арналған, белсенсіз сынары деп сипаттауға болады. Кепілдіктің екі түрі болады: операциялық және технологиялық. Біріншісі жүйенің сәулеті және жүзеге асырылу жағына, ал екіншісі - құрастыру және сүйемелдеу әдістеріне қатысты.

Есепберушілік (немесе хаттамалау тетігі) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Сенімді жүйе қауіпсіздікке байланысты барлық оқиғаларды тіркеп отыруы керек, ал хаттаманы жазу-жүргізу тексерумен (аудитпен - тіркелу ақпаратына талдау жасаумен) толықтырылады.

Сенімді есептеу базасы (СЕБ)  - компьютерлік жүйенің қауіпсіздік саясаты жүзеге асыруға жауапты қорғаныш тектерінің жиынтығы. Компьтерлік жүйенің сенімділігіне баға беру үшін тек оның есептеу базасын қарастырып шықса жеткілікті болады. СЕБ негізгі міндеті - қатынасым мониторының міндетін орындау, яғни, объектілермен белгілі бір операциялар орындау болатындығын бақылау.

Қатынасым мониторы - пайдалынушының программаларға немесе деректерге әрбір қатынасының мүмкін болатын іс - әрекеттер тізімімен келісімдігі екендігін тексеретін монитор. Қатынасым мониторынан үш қасиеттің орындалуы талап етіледі:

- оңашаландық. Монитор өзінің жұмысы кезінде аңдудан қорғалуға тиісті;

-   толықтық. Монитор әрбір қатынасу кезінде шақырылады. Бұл кезде оны орай өтуге мүмкіндік болмау керек;

-   иландырылатындық. Мониторды талдауға және тестілеуге мүмкін болу үшін ол жинақы болуы керек.



Қауіпсіздік өзегі -  қатынасым мониторының жүзеге асырылуы. Қауіпсіздік өзегі барлық қорғаныш тетіктерінің құрылу негізі болып табылады. Қатынасым мониторының аталған қасиеттерінен басқа қауіпсіздік өзегі өзінің өзгерместігіне кепілдік беруі керек.

Қауіпсіздік периметрі - сенімді есептеу базасының шекарасы. Оның ішіндегі сенімді, ал сыртындағы сенімсіз деп саналады. Сыртқы және ішкі әлемдер арасындағы байланыс ретқақпа арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретқақпа сенімсіз немесе дұшпандық қоршауға қарсы тұра алуға қабілетті бар деп саналады.

  Объектінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтаммасыз етуге арналған жұмыстар бірнеше кезеңге бөлінеді: даярлық кезеңі, ақпараттық қорларды түгендеу, қатерді талдау, қорғаныш жоспарын жүзеге асыру. Осы аталған кезеңдер аяқталған соң эксплуатациялау кезеңі басталады.



Даярлық кезең. Бұл кезең барлық келесі шаралардың ұйымдастырушылық негізін құру, түпқазық құжаттарды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ, үрдіске қатысушылардың өзара қарым - қатынастарын анықтау үшін қажет. Даярлық кезеңде ақпарат қорғау жүйесінің ақпараттың міндеттері анықталады.

Ақпараттық қорларды түгендеу. Бұл кезеңде, әдетте, объект, ақпараттық ағындар автоматтандырылған жүйелердің құрылымы серверлер, хабар тасышулар, деректер өңдеу және сақтау тәсілдері жайында мәлімет жиналады. Түгендеу анықталған соң олардың осалдылығына талдау жасалынады.

Қатерді талдау. Келесі шаралардың нәтижелерді ақпараттық қорлардың қорғанылу күй - жағдайның қаншалықты толық және дұрыс талдануына тәуелді болады. Қатерді талдау мыналардан тұрады: талданатын объектілерді және оларды қарастырудың нақтылану дәрежесін таңдау; қатерді бағалау әдіснамасын таңдау; қауіптерді және олардың салдарын талдау; қатерлерді бағалау; қорғаныш шараларын талдау; таңдап алынған шараларды жүзеге асыру және тексеру; қалдық қатерді бағалау.

Қауіп бар жерде қатер пайда болады. Қауіптерді талдау кезеңі қатерді талдаудың орталық элементі болып табылады. Қауіптердің алдын алу үшін қорғаныш шаралары мен қүралдары қажет. Қауіптерді талдау, біріншіден, мүмкін болатын қауіптерді анықтаудан (оларды идентификациялаудан) және, екіншіден, келтірілетін болашақ зиянды болжау - бағалаудан тұрады.

Бұл кезеңнің орындалу нәтижесінде объектідегі қауіп - қатерлер тізбесі және олардың қауіптік дәрежесі бойынша жіктемесі құрастырылады. Бұлар бәрі ақпарат қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды айқындауға, қорғаныштың ең әсерлі шаралары мен құралдарын таңдап алуға, сондай - ақ, оларды жүзеге асыруға қажетті шығындарды анықтауға мүмкіндік береді.

Қорғаныш жоспарын құрастыру. Бұл кезеңде осының алдында жүргізілген талдаудың нәтижесінде анықталған қатердерді бейтараптау үшін қорғаныштың тиісті ұйымдастырушылық және техникалық шаралары таңдап алынады.

Қорғаныш жоспарын құру ақпарат қорғау жүйе,сінің функционалдық сұлбасын әзірлеуден басталады. Ол үшін қорғаныш жүйесінің атқаратын міндеттері анықталады және нақты объектінің ерекшеліктерін ескере отырып жүйеге қойылатын талаптар талқыланады. Жоспарға мынадай құжаттар қосылады: қауіпсіздік саясаты; ақпаратты қорғау құралдарының объектіде орналасуы; қорғаныш жүйесін жұмысқа қосу үшін қажет шығындардың сметасы; ақпарат қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары.



Қорғаныш жоспарын жүзеге асыру. Бұл кезеңде қорғаныш жоспарында келтірілген шаралармен қоса жабдықтаушылармен келісім - шарттар жасасу жабдықтарды орнату және баптау, қажетті құжаттарды әзірлеу және т.б. осы сияқты шаралар іске асырылады.

 Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері

Қауіпсіздік саясаты (ұйымдастыру тұрғысынан қарағанда) есептеу және қатынас қорларын пайдалану тәсілін, сондай - ақ, қауіпсіздік режимін бұзудың алдын алу және мән беру процедураларын дұрыс анықтайды. Қауіпсіздік саясатын қалыптастыру іс - әрекетін келесі кезеңдер түрінде қарастыруға болады:

4    Ұйымдастыру мәселелерін шешу. Бұл кезеңде ақпараттық қауіпсіздік қызметі құралады, ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда пайдаланушылардың санаттары, пайдаланушылардың барлық санаттарының жауаптылық деңгейлері, құқықтары және міндеттері анықталады.

5    Қатерге талдау жасау. Қатерді  талдау үрдісі нені қорғау керек, неден қорғау керек және қалай қорғау (істеу) керек деген сияқты сұрақтардың жауабын анықтайды. Мүмкін болатын қатерлердің бәрін қарастырып шығу керек және оларды келтіретін зиянының ықтимал мөлшеріне байланысты жіктеу керек. Қорғанышқа жұмсалатын қаржы қорғалынатын объектінің құнынан аспауға тиісті.

6    Жеңілдіктерді анықтау. Қорларды пайдалану құқықтары, қорларды қолдану ережелері, әкімшілік жеңілдіктер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, жүйелік әкімшілердің құқықтар мен міндеттері, жасырын ақпаратпен жұмыс істеу тіртіптері және тағы басқа анықталады.

7    Қауіпсіздік саясатының бұзылуына жауап қайтару шараларын анықтау. Қауіпсіздік режимін бұзушыларды табуға және жауапкершілікке тартылуға бағытталған әрекеттер, сонымен қатар, ақпаратты бұрынғы қалпына келтіру және бұзулардың зардаптарын жою шаралары анықталады.

8    Ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттарды дайындау. Қауіпсіздік саясатының негізгі жайлары әр түрлі нұсқауларда, қағидаларда, ережелерде және өкімдерде келтіріледі.

Қауіпсіздік саясаты ақпарат қорғау жүйесінің қауіп-қатерлерге қарсы әрекет жасауға бағатталған құқықтық нормалардың, ұйымдастырушылық (құқықтық) шаралардың, программалық-техникалық құралдар және процедуралық шешімдер кешенінің жиынтығын анықтайды.

Ақпарат қауіпсіздігінің жоғарғы дәрежесіне қол жеткізу тек тиісті ұйымдастыру шараларын қолдану негізінде ғана мүмкін болады. Ұйымдастырушылық шаралар кешенінің құрамына ақпараттық қауіпсіздік қызметін құру, жасақтау және оның іс-әрекеттерін қолдау, ұйымдастыра-өкімгерлік құжаттар жүйесін дайындау жұмыстары, сонай-ақ, қорғаныш жүйесін құруға және оның жұмысын сүйемелдеуге арналған бірқатар ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар кіреді.

 Ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар жүргізу ақпараттың сыртқа кететін жаңа арналарын дер кезінде табуға, оларды бейтараптандыру шараларын қолдануға, қорғаныш жүйелерін толық жетілдіруге және қауіпсіздік режимін бұзу әрекеттеріне жедел қарсы шара қолдануға мүмкіндік береді.Қатерге талдау жүргізу қауіпсіздік саясатын қалыптастырудың негізгі кезеңі болып табылады.

Ұйымдастыру мәселелерін шешілгеннен кейін программалық-техникалық проблемалардың кезегі келеді - таңдалған қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін не істеу керек? Қазіргі уақытта құны атқаратын міндеті және сапасы жағынан әртүрлі болатын ақпарат қорғау құралдарының көптеген түрі бар. Олардың ішінен нақты объектінің ерекшелігіне сай келетінін таңдап алу күрделі мәселелердің бірі болып саналады.

Қауіпсіздік саясаты мынадай элементтерден тұрады: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі, қауіпсіздік тамғасы және қатынас құрудың мәжбүрлі басқару.


Каталог: uploads -> doc -> 0c23
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0c23 -> 1 дәріс тақырыбы: Кіріспе. Астрономия пәні және оның басқа пәндермен байланысы
0c23 -> Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері. Сабақтың мақсаты
0c23 -> Павлодар облысы
0c23 -> Математикадан зияткерлік сайыс 9-11 сынып оқушыларына арналған Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет