Сабақтың тақырыбы: Темір және оның қосылыстары. Темір қосылыстарының генетикалық байланысы



жүктеу 45.62 Kb.
Дата20.11.2017
өлшемі45.62 Kb.
түріСабақ

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,

261 орта мектебінің химия пәні мұғалімі



Алиаскарова Гульнур Бакбергенқызы


Сабақтың тақырыбы:

Темір және оның қосылыстары. Темір қосылыстарының генетикалық байланысы

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Темір және оның қосылыстары туралы білу

Темірдің ерекше қасиеттерін түсіну

Темір жәй және күрделі заттармен әрекеттесіп, қосылыстарының генетикалық байланыс реакциялары теңдеулерін жазуды үйрену


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

Темір және оның қосылыстары туралы біледі



Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Темірдің ерекше қасиеттерін түсінеді



Кейбір оқушылар істей алады:

Темір жәй және күрделі заттармен әрекеттесіп, қосылыстарының генетикалық байланыс реакциялары теңдеулерін жазуды үйренеді




Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Пирит, гидрокарбанат, шойын, болат



Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Темір атомының құрылысын периодтық жүйедегі орны қандай?

  2. Оның қандай қосылыстарын білеміз?

  3. Күнделікті қолданамыз ба?

Жетістік критерийлері:

Темір және оның қосылыстары туралы білу

Темірдің ерекше қасиеттерін түсіну

Реакция теңдеулерін жазу


Алдыңғы оқу

Алюминий және оның маңызды қосылыстарының биологиялық және экологиялық ролі. Қазақстанда алюминий және оның құймаларын өндіру

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз

Басы



3 минут
10 минут



І. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

3- 162

Al2(SO4)3 AlCl3 Al(OH)3
6- 162

Құрамында 30 г AlCl3 бар ерітіндіге калий гидроксидінің ерітіндісін құйғанда тұнбаға түсетін алюминий гидроксидінің массасы қанша?

Химиялық диктант

Алюминий оксиді, алюминий гидроксиді, алюминий хлориді, натрий ортоалюминаты, натрий метаалюминаты, корунд, алюминий нитраты

Дұрыс жауабы:

Алюминий оксиді- Al2O3

Алюминий гидроксиді- Al(OH)3

Алюминий хлориді- AlCl3

Натрий ортоалюминаты – Na3AlO3

Натрий метаалюминаты – NaAlO2

Корунд – Al2O3

Алюминий нитраты – Al(NO3)3


Критерий арқылы бағалау

Al2O3, Al2O3, Al(OH)3

3 балл

AlCl3, Al(NO3)3

3 балл

Na3AlO3, NaAlO2

3 балл

Оқушылар дұрыс жауаппен өзін-өзі бағалау

Ортасы


20минут

ІІІ. Топтық жұмыс

Топқа бөлу



Сынып оқушыларын 4 топқа бөліп топтастыру.

  1. топ: “Кальций”

  2. топ: “Алюминий”

  3. топ: “Темір”

  4. топ: “Натрий”

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Жұмбақ есеп.

Реакция теңдеулерін жазу .

Мен № 4 үйдің 26-ші пәтерінде тұрамын. Көбінесе 8-ші пәтермен араласып тұрамын. Мүмкін болса, осы жұмыстарды жүргіз.



  1. Темір атомының құрылысын периодтық жүйедегі орны қандай?

  2. Оның қандай қосылыстарын білеміз?

Күнделікті қолданамыз ба?

Видео

Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:



1-топ: Консептуалды кесте

2- топ: Тұжырымдамалық карта

3-топ: Венн диограммасы

4-топ: Ассосация

1.Темір,периодтық жүйедегі орны,атом құрылысы,табиғатта таралуы.

2.Темірдің химиялық қасиеттері.

3.Темір қосылыстары,алынуы,химиялық қасиеттері.

4.Темір қосылыстарының қолданылуы.

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау



Топтар бірін-бірі бағалау

Соңы



7 минут

5минут


ІҮ. Жеке жұмыс

1. Өзгерістерді жүзеге асырыңдар:

FeCl2→Fe(OH)2→FeO→FeSO4

Fe

FeCl3→Fe(OH)3→Fe2O3→HFeO2

2.Массасы 180 г темір (III) сульфатынан қанша темір (III) гидроксидін алуға болады?

3.Массасы 53,5 г Fe(OH)3 еріту үшін тығыздығы 1,039 г/мл 8%-қ тұз қышқылының ерітіндісінен қанша алу керек?

4. FeO және Fe2O3 қасиеттерін салыстырыңдар.

5. Темірдің биологиялық маңызы.

7-167



Критерий арқылы бағалау

Ү. Кері байланыс

«Рефлексия» Бүгінгі сабақтан алған әсерім

Кейінгі оқу: Темір және оның қосылыстары. Темір қосылыстарының генетикалық байланысы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет