Желіде Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылғаны түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: mentoday.ru

Жігіттің Алматы әскери институтының курсанты екені белгілі болды. 

"2024 жылғы 4 ақпанда сағат 13:30-да 2004 жылы туған жас жігіт А. Алматыға қарай такси ұстаған. Ата-анасы ұлдарымен телефон арқылы хабарласа алмаған. Кейін Назарбаев көшесі, 101, Горький мектебіне қарама-қарсы жолдың бойынан жігіттің денесі табылғаны анықталды”, – делінген хабарламада. 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Кертаев Айдос (@krisp.tdk)

  • "90%-ы несиеге белшесінен батып отыр": Қазақстандық әскерилер не үшін жаппай жұмыстан шығып жатқандарын түсіндірді
  • Биыл запастағы офицерлерді әскери қызметке қабылдау қалай жүргізілетіні айтылды

Жетісу облысының полицейлері аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

"Полиция суицидке итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажет сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметкерлерді запасқа шығару және қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойғаны туралы жазған едік.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.