Қазақстанда тұрғын үй алу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) жинақтарын алу ережелері өзгертілді. Бұйрыққа индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Құжат 11 наурыздан бастап күшіне енеді.

Ережеде қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қандай мақсатта пайдалана алатыны айтылған.

  • Тұрғын үйді немесе жер учаскесін қолма-қол ақшамен, яғни ипотекасыз сатып алу;
  • Тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық қарыз алуға бастапқы жарнаны құю, ипотеканың берешегін ішінара немесе толық өтеу;
  • Ипотекалық несие алу мақсатында жинаққа жарнаны толықтыру;
  • Ипотека бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу;
  • Ислам банкінің қаржыландыруы негізінде тұрғын үй сатып алу, қарызды ішінара, толық өтеу;
  • Әлеуметтік бағдарламалар арқылы жалдамалы түрде берілген үйді берілген жекешелендіру, бөліп төлеу арқылы сатып алу-сату;
  • Жеке тұрғын үйдің құрылысына ақша алуға болады.

Айта кетерлігі, жұбайы мен жақындарының, туыстарының жинағын пайдалануға болмайды.

Бірыңғай зейнетақы қорының баспасөз қызметті өтініштің қалай қаралатынын мәлімдеді. 

“Уәкілетті оператор төлемге өтініш пен құжаттарды қарап, мақұлдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға тіркелген төлем туралы хабарлама жібереді. Хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген сомасын доллармен банк шотына аударады.

Нысаналы жинақ алушы немесе оның заңды өкілі банк шотына түскен төлем сомасын 45 жұмыс күні ішінде операторға ақша қаражатын пайдалану мақсатын растайтын құжаттарды ұсынады”, – делінген ведомоствосында.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.