Сабақтың тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев «Ғарыш қыраны»



жүктеу 39.41 Kb.
Дата20.02.2018
өлшемі39.41 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев «Ғарыш қыраны»

Сабақтың мақсаты:

1. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта білуге, өлеңнің негізгі ойын табуға жетелеу. Оқушыларды көркем тілде сөйлеуге төселдіру.

2. Өлеңнің негізгі идеясын суреттей отырып, оқушылардың белсенділігін, шығармашлық қабілеттерін дамыту.

3. Өз Отанын, халқын, табиғатын сүйіп, қорғап, қастерлеуге, табиғат пен адамның арасындағы байланыс, қарым-қатынасты сезіне отырып, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.



Сабақ көрнекілігі: ғарыш кемесі, ғарыш айлағы, ғарышкерлер суреттері

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Бір-бірімізге бүгінгі күнге тілек айту.

Осы тілектерімізге қарасақ, кім-кімге болса да тілегімізде-өрлеу, самғау, биіктен көріну, шыңға шыға бер деген ұсыныс айтамыз.


  • Осының себебі неде деп ойлайсыңдар?

  • Себебі әр адам биіктен көрінуге құштар.

  • Топтарға бөлу.

Ітоп. Қызыл түс – «Шыңға шығу»

ІІ топ. Көгілдір түс – «Ғарышқа самғау»

ІІІ топ. Сары түс – «Биік талап»

ІV топ. Жасыл түс – «Аспанда қалықтау»

Қысқаша сипаттама беру.


  • Адам неліктен ғарышқа, аспанға ұшуды армандаған?

Әр топ пікірлерін оқып, ортада қорғау.

ІІІ. Мағынаны тану
Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда туған, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, "Жарсу" совхозында дүниеге келді - 10.10.2011, Алматы қаласы) — қазақтың біртуар ақыны. 2011 жылы қазанның 10 күні Тұманбай Молдағалиев дүниеден озды.

  • Өлеңді оқып танысу. Сөздік жұмысын өткізу.

  • Ғарыш әлеміне ұшу неге қол жетпес арман боды?

  • Адам баласы биіккенеге құмартады?





Қосымша мәлімет.

Байқоңыр - ғарыш алаңы. Қызылорда облысыҚармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж. қаланған Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобил жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот

өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.



  • Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасыңда Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды. Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.


ІV. Ойтолғау«Топтастыру» жұмысы бойынша

  • Ғарышқа ұшқан ғарышкеғр мен ғарышқа ұшқысы келетіндер арасында айырмашылық бар ма?

  • Ақынның өлеңдегі ғажап деп отырған не?

  • Ғарышқа ұшқан ғарышкер ағаларың үшін сені қандай сезім билейді?

VІ. Үйге тапсырма.

Өңіңде немес түсіңде ұшқан кезің туралы қызықты әңгіме жазу
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет