Сабақтың тақырыбы: Төле бидің төрелігі



жүктеу 48.87 Kb.
Дата05.01.2018
өлшемі48.87 Kb.
түріСабақ

ШҚО Тарбағатай ауданы

Ойшілік ауылы

«Тоғас батыр атындағы орта мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Итбаева Ардақ
Әдебиеттік оқу 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Төле бидің төрелігі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Төле бидің өміріне қысқаша мағлұмат бере отырып, төрелік айтқан сөздерінің мазмұнын меңгереді, мағынасын түсінеді.

Дамытушылық мақсаты: оқушылар бағыт-бағдар ала отырып, өздіктерімен жұмыс істеуге ой-өрісін дамытады, іскерлік дағдыларын қалыптастырады, өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуге үйренеді.

Тәрбиелік мақсаты: Ұжымдық бірлікке,бірін- бірі тыңдай білуге тәрбиеленеді.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың түрі: дамытпалы сабақ.

Қолданылған әдіс тәсілдер: АКТ, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Стратегиялық іс әрекет: Бағыттап оқу, топтық жұмыс,сөз жасам

Көрнекілігі: Үш бидің суреті, тірек-сызба

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

Психологиялық икем

2. Аквариум әдісі

Екі оқушыны ортаға шығарып сұрақ қоямын.

- Қазір табиғатта қандай өзгеріс байқалды?

- Осындай құбылысты табиғаттың қандай мезілін атаймыз?

- Көктемнің келгенін қандай ерекшеліктерден білеміз?

Енді топтағы оқушылардын жауап тыңдайық. (3топтан бір-бір оқушыдан сұралады)

Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақтар қою арқылы.Абылай хан туралы білімдерін ортаға салу.

II .Мағынаны тану

Ой қозғау 1. Қазақтың үш биі кімдер?


1. Бүгінгі сабағымыз Төле би атамыз туралы, соның ішінде ол кісінің төрелік сөздеріне, яғни „Төле бидің толғауына„ тоқталамыз.

2. Балалар, сендер үш бидің есімдерін жаттап алдыңдар, ал би деген сөздің мағынасын білемісіңдер?

Ендеше, „би„ деп кімді айтқан?

Би-халықтың көкейіндегісін, яғни халықтың ішкі сырын айтқан әділет жыршысы, жоқшысы.

Би-табиғатынан дарындық асыл текті ақылы бар, арғыны көре білген көсем, ақпа-төкпе шешен адам.

Олай болса, Төле би аталарымыз осы атқа сай кісі болыпты ма? (Бағыттап оқу әдісі)

Ендеше барлығымыз алдымыздағы берілген мәтін бөлігін оқимыз. 1- бөлігін оқиды

Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына бұдан көп жыл бұрын үйсін мен арғын тайпаларының беделді бекеттері таласыпты.Екі жақтың да билері бас қосып,кеңесіп,татуласа алмай отырғанда, топқа еріп келген он бес жасар Төле билік айтушылардың бірде –біріне көңілі толмай:

Ақта ақ деп бағалар,



О, игі жақсы ағалар

Өзегі талса, ел біткен.

Өзен бойын жағалар-деп, сөз бастай бергенде: «Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без» деуші еді. Мына бала кім өзі?» дейді төредегі би.

Сұрақ: 1. Төлеби қандай жағдайға куә болды?

2. Төредегі бидің сөзі

Мұғалім: Төле би қандай жауап береді деп ойлайсың? (Оқушылар өз ойларын айтады)

Мәтіннің келесі бөлімімен танысайық. 2 бөлімді оқып танысады.
Төле қасқая қарап тұрып:

- О, би аға,он үште отау иесі демес пе,

Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске?

Сөз сөйледім, бұйра көрмеңіз айыпқа,

Алакөз болу ағайын адамға лайық па?
О, игі асқар тауымыз,

Әділ ме, ос дауымыз?

Жар астында тұрғанда,

Жасырынып жауымыз?- дейді.
Сонда төредегі:

- Қой асығы демеңдер,

Қолыңа жақса, сақа тұт.

Жасы кіші демеңдер,

Ақылы асса, аға тұт,- деген екен. –Балам ағалық билікті саған бердім,-дейді.

Сұрақ: 1.Төлебидің жауабы

2. Басқа билердің шығарған шешімі қандай?

3. Төлеби дауды қалай шешті деп ойлайсыңдар? Оны білу үшін мәтіннің соңғы бөлімі мен танысыңыздар.



Бала Төле жұлып алғандай:

-Сары табақтан сарқыт қайтады деген,билікті маған берсеңіз,Шу өзенінің оң жағын үйсін,сол жағын арғын жайласын,-деп билік айтады.

Бұл шешімге екі жақта риза болып,бітімге келеді.Сонда төрдегі би:

-Үй баласы ма деп едім,

Ел баласы екенсің,

Ақ маңдайлы арысым,

Талабың алдан өтелсін.

Ауылыңның таңы бол,

Маңдайдағы бағы бол!-деп, бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастар Төленің аты шығып, ел арасындағы дау-жанжал,келіссөзге араласып,билік айта бастапты.

Сұрақ:1. Төле бидің шешімі

2. Қандай бата берілді?

Сергіту сәті


  1. Енді Төле би атамыздың өмірі туралы сендер біле жүріңдер. Экранға көңіл аударайық.


Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі.Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.

III .Ой толғаныс. Үш топқа тапсырма :Төле бидің сөздерінің мағынасын түсіндірейік

1.топ –Ақта ақ деп бағалар,

О, игі жақсы ағалар.

Өзегі талса, ел біткен.

Өзен бойын жағалар


2.топ - О, би аға,онүште отау иесі демес пе,

Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске?

Сөз сөйледім, бұйра көрмеңіз айыпқа,

Алакөз болу ағайын адамға лайық па?

О, игі асқар тауымыз,

Әділ ме, ос дауымыз?

Жар астында тұрғанда,

Жасырынып жауымыз?-



3.топ - Қой асығы демеңдер,

Қолыңа жақса, сақа тұт.

Жасы кіші демеңдер,

Ақылы асса, аға тұт,-

2.« Жұптас, ойлан, бөліс»

Кім көп табуға тырысады. Шашылған әріптердің ішінде тұтас сөздер кездеседі.



  • ХАНСЫТӨЛЕТЮБИЫКАБЫЛАЙФЦМТӨРЕЛІК

  • Сонымен бүгінгі сабақ ұнады ма?

  • Несімен ұнады?

Үй тапсырмасы. Төле би атамыздың ұлағат сөздерін қабылдап, жадымызға түйе жүреміз.Басқа да төрелік айтқан сөздерініздестіреміз.

Бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет