Сабақтың тақырыбы: Тұрмыс салт жырлары



жүктеу 22.51 Kb.
Дата08.07.2018
өлшемі22.51 Kb.
түріСабақ

 Күні:

Сынып:5

 Сабақтың тақырыбы: Тұрмыс – салт жырлары.



Мақсаты: Білімділік –оқушыларды тұрмыс – салт жырлары арқылы тіл байлықтарын кеңейту, әдебиет сабағына деген қызығушылығын ояту.

Дамытушылық- дүниетанымын, ой – өрісін кеңейту шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен әрекеттенуге дағлыландыру, сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік – ұжымдасып еңбектенуге,әдептілікке ұлттық тәлім- тәрбие алуға, ұқыптылыққа ел жандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: іздендіру сабағы.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

Ұйымдыстыру кезеңі:

 а) сынып тазалығына назар аудару б) назарын сабаққа аудару.



Үй тапсырмасын тексеру: ауызша сұрау.

Жаңа сабақ.

Қазақ ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы тұрмыс -салт жырлары.

Тұрмыс- салт жырларында халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, салт -дәстүрі сөз болады, төрт түлік мал және жан-жануарлар туралы, наурыздағы көктемгі ел қуанышы туралы жырлар айтылады. Тұрмыс – салт жырларының бір түріне бесік жыры, тұсау кесер жыры, жар – жар, той бастар, беташар, бата-тілек, жоқтау сияқты салтқа байланысты туған жырлар жатады.

Тұрмыс –салт жырларының еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты түрі төрт түлік малға арналған. Төрт түлік малға қазақ халқы түйені,жылқыны, сиырды, қойды жатқызған.Төрт түлік қазақ халқының тіршілік негізі. Ол сауса- сүт, сойса -ет, кисе-киім, мінсе -  көлік. Сондықтан халық малды аса қадірлеп,оны өсіруге ерекше көңіл бөлген,өлең – жырларға қосып отырған. Хайуанаттардың да иесі бар деп танып, әрқайсысына жеке-жеке ат қойған. Халық төрт түлік туралы өлең –жырлара әр түліктің қасиетін, адамға тигізер пайдасын дөп басып айтқан:

Түйе – байлық,

Қой – мырзалық,

Жылқы –сәндік,

Сиыр – ақтық.

І. Топқа бөлу. Топты таныстыру.

ІІ. 1 қадам « Білу» Әр оқушыға бір сұрақ қойып , жауапты дәптерге жазғызу. Бір-бірден балалар тақтаға шығып, жазады.

ІІІ.2 қадам « Түсіну» Әр топқа бір сұрақ қойылады.

1 топ. Неліктен төрт түлік мал қазақ халқының тіршілік көзі болып саналады?

2 топ. Не себепті адамдар табиғатқа табынған?

3 топ . Неліктен халқымыз малды қадірлеп, оларға өлең-жырлар арнаған?

 ІV. 3 қадам « Талдау» Әр топқа мәтінді мазмұндаудың жоспарын құрындар.



V.4 қадам. Мәтінің басты идеясын топтастырыңдар.

 VІ. 5 қадам. «Қолдану»



Үлгі бойынша парталастарыңмен төрт түлік туралы диалог құрыңдар.

Сабақты бекіту:

 6 қадам «Баға беру» Қалай ойлайсыңдар, орыс әдебиетінде малға арналған жырлар бар ма? Тұрмыс – салт жырлары қазір қолданыла ма?



Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабағымызда балалар, тұрмыс – салт жырларымен таныстық оның түрлері өздерің білгендей жар – жар, беташар, тұсау кесер, тойбастар, бата – тілек, жоқтау.

Бағалау.

Үйге тапсырма: 13 бет Тапсырма. Төрт түліктің пайдасы туралы мәліметтер тауып, бір-біріңмен бөлісіңдер. Кімнің мәліметі қызықты, пайдалы болар екен?
Каталог: uploads -> doc -> 0949
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0949 -> Сабақтың тақырыбы: Еліміздің мал шаруашылығы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет