Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесер туралы жалпы мәлімет. Тұсаукесерді безендіру. Сілтеме



жүктеу 66.34 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі66.34 Kb.
түріСабақ

Тексерілді: _____________

Оқу ісінің меңгерушісі: Р. Жүнісов.

Пән мұғалімі: Ш. Мұстафаева.


26.04.2016 ж.

Информатика

6 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Тұсаукесер туралы жалпы мәлімет. Тұсаукесерді безендіру.

Сілтеме.

Информатика. 6 сынып оқулығы. 179-189 бет.

Жалпы мақсаттар.

Безендіру мүмкіндіктерімен танысып, жұмыс істеу принципін түсіну.
Слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып ойлау ұшқырлығын дамыту. Power Point бағдарламасын қолдана отырып программаның негізгі мүмкіндіктерімен көрме безендіру.Слайд кірістірілгеннен кейін, оны безендіру үшін жолақтың Дизайн тіркеме парағы мүмкіндік беретіндігін есте сақтауға бейімдеу
Шығармашылық жұмыстар орындауда сыни тұрғыдан ойлауға бағыттау.

Күтілетін нәтиже


  • Power Point программасында презентация құруды білетін болады. Презентацияны жасау жолдарын түсінеді;

  • Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы орнығады.

  • Презентацияны ашып безендіру мүмкіндіктерімен жұмыс істеуді біледі. Жұмыс істеу принципін түсінеді.

  • Жолақтың Дизайн бөлімі слайдты безендіру үшін қолданылатынын түсінеді.

Негізгі идеялар


PowerPoint программасын іске қосу үшін: Пуск – Программы – Microsoft office – Microsoft office PowerPoint командасы орындалады. Power Point бағдарламасы н қолданудың негізгі мүмкіндіктерін, соның ішінде тұсаукесерді безендіру шаблондарын пайдалана отырып көрме жасау.

Тапсырма көздері.

«Ой қозғау». Үй тапсырмасын сұрау.

«Бәріміз біргеміз» Топтық жұмыс.

«Көршіме айтамын» Жұптық жұмыс.

Жеке жұмыс. Тәжірибелік жұмыс.



Көрнекілігі.

Интерактивті тақта, кітап, плакаттар, смайликтер, жұлдызшалар, геометриялық фигуралар, кескінді суреттер, маркерлер.

Ұйымдастыру кезеңі


1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. (1 минут)

2. Топқа бөлу (Компьютердің негізгі құрылғылары арқылы /жүйелік блок, монитор, пернетақта/ бойынша 3 топқа бөлінеді. (3 минут)



Үй тапсырмасын сұрау.


Ой қозғау. (3 минут)

1-топ. Слайд.

Нысанды қалай жылжытуға (көшіруге) болады?



2-топ. Шаблон.

Нысанды қалай жоямыз?



3-топ. Интерфейс.

Бірнеше нысанды бір мезгілде ерекшелеуге бола ма?



Бағалау.

(1 минут)



Жақсы жауап берген оқушыға жұлдызша, тік төртбұрыш және үшбұрыш арқылы бағалаймын.

Жаңа сабақ.

(7 минут)



Тұсаукесер - латынша praesentatio (Презентация) (көрме) – жаңадан пайда болған, жасалған әлденені, жаңадан туындаған ойды, өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін көрнекі түрде көпшілікке таныстыру, ұсыну.
MS Power Point программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.      Слайд – көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер, дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады. Слайд фильмдерді жасау құралы – MS Power Point графикалық пакеті. Ол әр түрдегі презентацияны көрсетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні Microsoft Power  Point  бағдарламасын  әлемде 300 млн-ға жуық адам пайдаланады.
Power Point бағдарламасын іске қосу.
Бастау – Бағдарламалар - MS Officce - Power Point.
Слайдтарды көрсету режимдері:
Слайд мынадай объектілерден тұрады.

- Тақырып

- Жолақ (Главная, Вставка, Дизайн, Анимация, Показ слайдов, Рецензирование, Вид)

- Құрылым

- Қалып күй

- Слайд


POWER POINT программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орандауға болады. Оның бірі алдын – ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. POWER POINT программасының бір ерекшілігі осы екі жағдайда да, құрылған презентацияны, алдын – ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады. POWER POINT програмасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдала отырып, өз презентациямызды құруға болады.

Презентацияны шаблондар көмегімен құру.

Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін POWER POINT программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны (шаблон презентаций) опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар немесе Формат – слайдты көркемдеу (Формат – Оформление слайд) командасын орындап құруға болады. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы (Общие), Презентациялық дизайндары (Дизайны презентация), Презентациялар, Web- парақтар (web-страницы) астарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезе Файл- Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады. Презентацияның шаблоның тышқан көмегімен белгіліген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертеміз. Осы мезетте экранға Слайд құру сұхбат терезесі шығады. Бұл сұхбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет. Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады. Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көрекмдейміз.



Слайдтарды безендіру элементтері.

Әрбір адам өз қалауы бойынша слайдтардың бір – біріне тәуелсіз мынандай элементтерін тағайындауға болады:



  • Түрлі түстер схемасы (Цветовая схема). Түстердің кең мөлшерлі спектрінен кез келген түсті таңдау мүмкіндігін береді.

  • Фон. Слайдтағы түстер тек біртүсті ғана болуы міндетті емес. Палитрадағы ұқсас түстердің бірінен басқасына біртіндеп ауысуға болады. Ол үшін Формат – Фон командасын таңдап, пайда болған қосымша тірізеден исключить фон образца өрісін белгілеп, осы өрісте өзімізге қажетті түсті таңдаймыз немесе Қосымша түстер (другие цвета) өрісін таңдаймыз. Бұл кезде қосымша сұқбат терезе ашылады Кәдімгі (Обычные),Спектр деген екі ішкі беттен тұратын бұл сұхбат терезеде кәдімгі немесе спектрден түсті таңдай отырып, жаңа түс дайындауға болады. Өзіміз дайындаған түс пен бұрынғы түсті Жаңа (Новый), алдыңғы (Текущйй) өрісте салыстыра аламыз. Фондық түс таңдалған соң Қолдану (Применить) батырмасын шертсек осы фон тек жұмыс жасап отырған бір ғана слайдқа беріледі. Фондық түсті барлық слайдтарға беру үшін Барлығын қолдану (Применить ко всем) батырмасын шертеміз.

Топтық жұмыс.

(10 минут)



«Бәріміз біргеміз»

1-топ. Слайд.

Ms PowerPoint программасының қарау режимдері. (182 бет)

2-топ. Шаблон.

Тұсаукесерге слайдтар қосу және олармен жұмыс істеу. (184 бет)

3-топ. Интерфейс тобы.

Тұсаукесерді безендіру. (189 бет)

Осы тақырыптар бойынша үш топ өздерінің тақырыптарын ашады және қорғап шығады. Берілген плакатқа сызба түрінде оның артықшылықтарын, міндетін, айырмашылықтарын, жүзеге асыру тәсілдерін айтып шығуы тиіс.



Бағалау.

(1 минут)



Топтық бағалау. Сіздер өздеріңіз топпен жұмыс жасап қана қоймай, келесі топтарды да бақылап отырасыздар. Бағалау қағазында берілген топтық ынтымақ, тақырыптың ашылуы, тақырыпты қорғалуы бойынша өз пікірлеріңізді жазып, өте жақсы бағаланған топқа жұлдызша, тіктөртбұрыш және үшбұрыш береміз.

Жұптық жұмыс.

(5 минут)



«Көршіме айтамын»

Әр топтағы оқушылар, екі жұппен жұптасып берілген тапсырманы орындайды.

Тапсырма: Әр жұпқа терезе элементтерінің бөліктері және ақ парақ беріледі. Осы элементтердің қиындыларымен ақ параққа терезені құрастырып шығуы керек.


Бағалау.

(2 минут)



Бағдаршам әдісі арқылы формативті бағалау. Егер тапсырманы өте жақсы орындап шыққан жұпқа қызыл түсті бағдаршам, жақсы орындаған жұпқа сары түсті, ал орташа орындаған жұпқа жасыл түсті бағдаршам беріледі.

Қорытынды.

Жеке жұмыс.

(7 минут)


Компьютердегі тәжірибелік жұмыс. (187 бет) .

Оқушылар осы және келесі бірнеше сабақ бойы жұмыс істейтін тұсау кесер құру үшін “Менің отбасым” тақырыбында 2-3 беттен тұратын тұсаукесер әзірлеу.



Бағалау.

(1 минут)



Смайлик арқылы формативті бағалау. Компьютерде жақсы тұсаукесер жасап шыққан оқушыларға смайликтер беріледі. (қызыл, сары, жасыл).

Түстерге қарап баға қойылады. Ең көп қызыл түс жинаған оқушыға «өте жақсы», сары түс жинаған оқушыға «жақсы», жасыл түс жинаған оқушыға «орташа» деген баға қойылады.



Кері байланыс.

(3 минут)



Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Бұл сабақта мен үшін не қиын болды? Бұл мен үшін неге қиын болды? Бұл қиындықты ненің көмегімен еңсердім? Оқушылар өз ойларын стикерге жазып, тақтада қойылған тал суретіне жабыстырады.

Үйге тапсырма.

(1 минут)



«АНА - өмірдің шуағы»,

«Менің сүйікті ұстазым»,



«Менің жолдастарым» тақырыптарына презентация құрастыру.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет