Сабақтың тақырыбы: Түсті металлургия, ауыр түсті металдар металлургиясы Сабақтың жалпы мақсаты



жүктеу 72.1 Kb.
Дата05.05.2018
өлшемі72.1 Kb.
түріСабақ



Күні:

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы

9 - класс

Сабақтың тақырыбы:

Түсті металлургия, ауыр түсті металдар металлургиясы

Сабақтың жалпы мақсаты:

Түсті металлургияның маңызын, құрамын және Қазақстанның түсті метал түрлері бойынша дүние жүзіндегі орнын анықтау. Ауыр металдар, жеңіл металдар, бағалы және сирек кездесетін металдардың және Қазақстанның металлургиялық базаларының географиясы туралы білімдерін қалыптастыру.

Сілтеме:

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. География және табиғат журналы.№6.2013

Оқу нәтижесі:

Түсті металдардың топтасуын, қасиеттерін біледі, зауыттардың орналасу принциптерін анықтайды. Қосымша мәліметтермен жұмыс жасауды үйренеді.

Негізгі идеялар:

Қ.И.Сәтбаев: «Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге елдің қара тасын мақтап жарытпас»

Дүние жүзінде 70-тен астам түсті метал балқытылады .Оларды 14 сала өндіріледі. Барлығы қосылып,түсті металлургия құрайды. Түсті металдар:ауыр,жеңіл,бағалы металдар болып топқа бөлінеді.Ауыр металды кендердің құрамы өте көп. Шымкентте қорғасыннан басқа 14 түрлі өнім алынады. Бір ерекшелігі – құрамында пайдалы компонент тердің аз болуы. Сондықтан балқыту зауыттары шикізат көзіне таяу орналаса ды. Осы себептен мұнда көп кезеңді флотация қолданылады. Елімізде ауыр түсті металдарды мыс және қорғасын-мырыш (полиметалл) өндірісі салалары шығарады. Полиметалл өндірісінің басты ауданы– Кенді Алтай. Мұнда үш ірі орталық бар – Зырян, Риддер, Өскемен. Ауыр металдарға қарағанда жеңіл металдар кендерінде пайдалы компоненттер көп болады. Бірақ оны өңдеуге көп электр қуаты қажет.



Сабақта қолданылатын материалдар:

Қазақстанның экономикалық картасы, плакаттар,интерактивті тақта, слайдтар, оқулық, Атлас, А4 қағаздар, стикер, суреттер

Оқу әдістері:

Жаңа әдістер: сұрақ –жауап, диалог, ой шақыру, Блум таксономиясы, топтық жұмыс,

Дереккөздері:

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы оқулығы.2013ж. Интернет материалдары «Түсті металлургия» География және табиғат журналы

Тапсырмалар:

Топтық жұмыс, постер қорғау, сұрақ-жауап, «Кім шапшаң!»

Қазақстанның пайдалы қазбалары кескін карта толтыру. Мыс

қорытпалар, Түсті металлургия зауыттардың орналасу ерекшеліктері кестемен жұмыс. Есептер шығару.



Сабақтың барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс –әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

3 минут


Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне тілек айтады.Тиындар арқылы 3 топқа бөлу. Сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу.

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;



Оқушылар топқа бөлінеді.

Тақтадан күн ретін жазып алады.



Кіріспе бөлім

3 минут


Оқушыларға тақтадағы суреттердің ортақ ерекшеліктерін табу тапсырылады. Сол арқылы тақырыпты ашу.

Қ.И.Сәтбаев: «Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге елдің қара тасын мақтап жарытпас» негізгі идея неде екенін анықтату.



Оқушылар жеке жауап беру арқылы берілген тапсырманы табады.

Негізгі бөлім

Білу,

Түсіну,

Қолдану

20 минут,

5минут


1. Видео көрсетіп Қазақстандағы түсті металлургия өнеркәсіптерінің орналасу факторларын, басқа салалармен байланысын білуге бағыт береді.

а)Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбын жазады.

б)Оқушыларға мәтінмен танысуды тапсырады.

1-Топтық тапсырма:

I топ. «Тарих және түсті металлургия» - тарихқа шолу.

II топ. «Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан» - Бүгінгі жетістіктер.

III топ. «Мен таңдаған мамандық»- Шығармашылық жұмыс.

2-тапсырма.

І топ. Металлургия өнеркәсібінің орналасу факторы неге тәуелді, нақты мысал келтір.

A) шикізат B) тұтынушы

C) экологиялық D) энергетикалық E) агроклиматтық

ІІ топ

1т титан балқыту үшін 40 000 кВт /сағ.энергия қажет. 3 адамнан тұратын отбасының электр қуатын орта есеппен тұтыну мөлшері күніне 10 кВт/сағ. 1т титан балқыту үшін қажетті энергия мөлшері бір отбасын қанша уақытқа қамтамсыз етеді?

A) 10 жыл 12ай 22 күн B) 11 жыл 10 ай 20 күн

C) 12 жыл 10 ай 21 күн D) 10 жыл 11 ай 20 күн

E) 11 жыл 12 ай 10 күн

ІІІ топ

Қазақстандағы жан басына шаққандағы болат балқытудың мөлшерін есептеу.

A) 225 т B) 22,5 т C) 25,5 кг D) 205 кг E) 250 кг


Елдер

Халқы, млн адам

Болат балқыту

Барлығы млн,т

Бүкіл әлем

6705

1330

Қазақстан

16

4

Оңт. Корея

49

53

Пәкстан

75

6


а) Оқушылар тақырыпты жазып алады

б) Оқушылар мәтінмен танысып шығады.

Топпен бірігіп ойланады, талқылайды, бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады.


Талдау

5 мин.

3. Оқулықпен жұмыс.

І топ- Жаңа терминдер мен ұғымдарға анықтама беру.

ІІ топ-Картамен жұмыс: Картадан түсті металлургия өнеркәсібінің орталықтарын анықтау .

ІІІ топ- Кестемен жұмыс: Түсті металдарды өндіру бойынша Қазақстанның дүниежүзі бойынша және ТМД елдері бойынша алатын орнын анықтау.



Металдар

Басқалары

Ауыр

Жеңіл

Қымбат бағалы

Баяу балқитын

Сирек, шашыранды кездесетіні

Cu

Sn


Pb

Zn

Ni



Al

Мg


Тi

Аu

Ag

Платина



Вольфрам

Молибден



Уран

Германий

Тантал

Галлий


Ванадий

Селен


Теллур

Цирконий






1)Жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады, түсінік береді.
2) Картамен жұмыс жасайды. Оқушыларға сұрақтар

қойылады.Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.




Жинақ

тау

6 мин.

4-тапсырма

І топ - SWOT әдісімен Қазақстандағы түсті металлургияның дамуын талдау

ІІ топ - Венн диаграммасы бойынша қара металлургия өнеркәсібі мен түсті металлургия өнеркәсібін салыстыру

ІІІ топ- Күнделікті тұрмыста түсті металды қолдану – әртүрлі заттардың құрамын анықтау.





Түсті металлургияның болашағы, қоршаған ортаға тигізетін зияны туралы айтады.

Қара және түсті металлургияны салыстырады.

Медаль, сағат, машинаның құрамындағы металдарды тани отырып, талдау жасайды


Рефлек

сия

Бағалау

3 мин.

Топ басшыларын тыңдау.

Формативті бағалау: алтын, күміс, қола арқылы смайлик;

«Екі жұлдыз,бір тілек».


Топ басшылары бағалау парағы бойынша топ мүшелерінің сабаққа қатысуына анализ жасайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» жазады.




Үйге тапсырма

19-тақырыпты оқу.

Эссе жазу «Әлем таныған Қазақстан»







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет