Астанада қатты желден Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университетінің шатыры ұшып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/astana_brothers

Ғимарат шатырының зақымданғаны түсірілген суреттер әлеуметтік желіде пайда болған. Университеттің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

"Оқиға сағат 16:00 шамасында болды. Агрономия факультеті ғимаратының шатыры зақымданған. Қазір онда төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр", – деді университет өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Астана әуежайында қатты желге байланысты рейстер тоқтатылатыны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.