Сабақтың тақырыбы: ядро серпу сабақтың мақсаты: Жаңа тақырыпты меңгерту



жүктеу 23.15 Kb.
Дата07.03.2018
өлшемі23.15 Kb.
түріСабақ

Күні: 10.10.2017ж

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: ЯДРО СЕРПУ

Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырыпты меңгерту

Білімділік: Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерту арқылы

ядро лақтырудың әдіс-тәсілін үйретіп, түсіндіру;



Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен ойлау қабілетін жетілдіру және қимыл- қозғалысы мен икемдігін, шапшаңдығын дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, өз Отанын сүюге құрметтеуге, ептілікке, шыдамдылыққа , төзімділікке, күштілікке баулу;

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, талдау, (практикалық жұмыс жасау)

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру

Көрнекілігі: Доп, ысқырық, суреттер, турник

Өтілетін орын: Спорт зал, спорт алаң


Р/С

Сабақтың барысы

Уақыт

өлшемі

Әдістемелік нұсқаулар

Дайындық бөлім

Оқушыларды сапқа тұрғызу түзел ,тік тұр ортаға түзулен пәрменін беріп, спорттық киімдерін қадағалау кезекші мәліметін тыңдау, үй тапсырмасын естеріне түсіру спорт залды баяу төрт айналымға жүгірту жай жүріс терең тыныс алып демалу, жүріс кезінде жаттығулар орындау қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру,аяқтың ішкі-сырқы қырымен жүру, жартылай және толық отырып спорт залды бір айналымға жүру тыныс алу жаттығулары.

Спорт зал ортасына бір саптан төрт сап құрап жасату оңға,солға жазылу денсаулықты нығайтудағы жалпы дене дамыту жаттығуларын жасату



15 минут

Оқушыларға жалпы дене дамыту жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау, қауіпсіздікті бақылау, жаттығулардың дұрыс орындалуын көрсетіп үйрету.


Негізгі бөлім

Жеңіл аилетикалық спортта найза,диск, балға, және ядро лақтыру түрлері бойынша жарыстар өтіп тұрады.Ядро лақтырғанда қолды барынша тез қозғалту керек.Доп немесе ядро лақтыру. Бұл жаттығу кеуде мен қол қозғалысының үйлесімділігін қалыптастырады. Лақтыру кезінде қимыл «толқыны» кеуде тұстан басталып, қолға қарай өтеді.Лақтыру көрсеткішін өсіру үшін кеуде мен қол қимылының үйлесімін қалыртастыру қажет және қолды қатты сермей білуге жаттығу қажет. Ядроны екпіндей жүгіріп келіп лақтырған кезде дененің бұрылуы мен лақтыру арасындағы байланысты дұрыс үйлестіруге тырысу керек.Ядроны алысқа лақтыру-өте күрделі жаттығу түрі.Сондықтан мұнда аса тегеурінді күш қажет.

Қауіпсіздік шарасын мұқият есте сақтаған жөн.

ІІ. Спорттық ойынын ойнату;

25 минут


Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіріп әдіс-тәсілдерін көрсету, қауіпсіздік ережелерін сақтау жаңа сабақты мұқият ұғындыру

Қорытынды

Оқушыларды сапқа тұрғызу түзел тік тұр пәрменін беріп , оқушы жетістіктері мен кемшіліктерін айту,бағалау

5 минут

Тыныштық сақтау керек

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет