Сабақтың тақырыбы: Зейін Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат міндеттері: а ақпараттық



жүктеу 225.99 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі225.99 Kb.
түріСабақ


Оқытушы:

Даулетова В.А.

Пәні:

Психология

Тобы:

2 а ФК

Уақыты:

25.12.13

Сабақтың тақырыбы:

Зейін

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат - міндеттері:

А) ақпараттық

Б) коммуникативтік

В) проблеманы шешу



А) Зейін, зейін түрлері, зейіннің қасиеттері, балада зейіннің дамуы және қалыптасуы туралы ақпараттарды өңдеу, талдау, жинақтау, қорыту, логикалық операцияларды колдану арқылы білімді құрылымдау.


Б) Практикалық тапсырмаларды орындауда, психологиялық жағдаятты шешуде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдану арқылы ырықты, ырықсыз, үйреншікті зейін түрлерін, зейіннің қасиеттерін ажырату, тұлғаны қалыптастыратын зейіннің маңызды тұстары мен аспектілерін меңгерту.
В) Студенттердің ақыл-ой әрекетін зейін түрлерін, қасиеттерін талдауға, өзінің жеке зейін ерекшеліктерін диагностикалауға бағыттау. Өз зейінінің және жас ерекшеліктеріне байланысты зейіннің даму динамикасын анықтауға арналған диагностикалық жұмыс нәтижесін түрлі жаттығулар арқылы бағалау және дамыту жолдарын қалыптастыру.

Сабақ типі:

Жаңа материалды меңгерту

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

АКТ, Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту , проблемалық оқыту

Сабақтың әдісі:

Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары, көрнекілік, сөздік, практикалық

Пәнаралық байланыс:

Жас ерекшелік психология, практикалық психология, физиология

Оқыту құралдары:

Оқытудың техникалық құралдары, үлестірмелі материалдар, оқулық, диагностикалық материалдар.
Сабақ жоспарының жобасы


Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалімнің амандасуы, жоқ оқушыларды

түгендеу, ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушының хал – жағдайын сұрау.

Оқу-құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру.

Өзара сыйластық, бір – біріне жақсылық тілеу.

Сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту. Сергіту жаттығуын орындатады. Топ студенттерін топқа бөліп, сарапшыларды (бақылаушы, сынаушы, жақтаушы) тағайындайды.


Амандасу;

оқу-құралдарын дайындау, ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушының өзінің хал – жағдайын айту. кезекшілік міндеттерін атқару;

Өзара сыйластық, бір – біріне жақсылық тілеген тренигке қатысады. сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады; көңіл-күйі көтеріңкі болады. Барлығы ортаға шығып, журнал бойынша ретке тұрады, кейін бойы бойынша ретке тұрып, «Сызғыш» тренингін орындайды. 5-5 адамнан топқа бөлініп, орындарына отырады.


Сынып сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды. Студенттер топқа бөлінеді.


ІІ. Өткен оқу материалын қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

«Баланың зейіні оның мінез-құлқының ұйымдасу тарихы болып табылады.»



Л.С.Выготский.


Қызығушылықты ояту, сұрақтар қою:

-. Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын мен сіздерге үндіс әңгімесін айтып берсем. Әңгімені тыңдай отырып, бүгін біз сабақта не жөнінде әңгіме өрбітетенімізді анықтаңыз.



Этикалық әңгіме

 «Магараджа өзіне министр таңдап алмақшы болады. Министрлікке қала бойындағы көшемен ыдысы сүтке толы, бірақ бір тамшыны да төкпей өткен адамды алатындығын жариялайды. Көптеген үміткерлер осы көше бойымен жүріп өтеді, алайда жол бойында оларды алаңдатып, қорқытып, түрлі кедергілер жасалды. Сөйтіп, барлығы сүтті төгіп алып, межесіне жете алмады."Бұлар министрлер емес", – деп магараджа ашуланды. Алайда бір үміткер ыдысы толы сүтпен келе жатты. Оны айқай-шу да, қорқытулар да, әдейі жасалған қулықтар да сүтке толы ыдыстан назарын алдыртпады. "Оқ атындар!" – деп хан айқайлай түсті. Оқ атқанмен де бұл да үміткерге кедергі бола алмады. "Бұл министр!" –деді магараджа. "Сен айқай-шуды естідің бе?" – деп сұрады үміткер жігіттен. "Жоқ!" – "Сені қорқытқан адамдарды көрдің бе?" – "Жоқ. Менің назарым сүті толы ыдыста болды". "Сен атылған оқтарды естідің бе?" – "Жоқ, тақсыр! Менің назарым сүті толы ыдыста болды"».


– Сонымен біз бүгін не жөнінде әңгіме қозғамақпыз ?


Жаңа сабақтың тақырыбын ашуға арнайы даярланған этикалық әңгіме мәтінін мұқият тыңдайды.

Қойылған сұраққа өз ойын айту, жауап беру.




  • Зейін, назар аудару, жұмысты, іс- әрекетті бар зейінін салып орындау туралы айтылған




  • жаңа сабақ зейін туралы болмақ.

Студенттер үндіс әңгімесімен таныса отырып, берілген жағдаяттарды шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды, зейін қоюшылықтың маңызды сапа екендігін ұғынады.

ІІI. Оқушылардың білімдеріне сүйене отырып, жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру

Сабақтың жоспары:

1. Зейiн туралы жалпы ұғым.

2. Зейiн түрлерi.

3. Зейiннiң негiзгi қасиеттерi.

4. Зейіннің жас ерекшелігіне байланысты дамуы.

5. Баланың зейінін тәрбиелеу.






Мағынаны тану

- Дұрыс, біз бүгін зейін туралы әңгімелейтін боламыз.



Адамдардың зейiнi ырықты, ырықсыз және үйреншiктi болып үшке бөлiнедi.

Сыртқы дүниенiң кез келген объектiлерi кейде ырықсыз-ақ бiздiң назарымызды өзiне тартады. Мәселен, көшемен кетiп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзi түссе, оған мойнын бұрады не милиционердiң ысқырығына жалт қарайды т. б. Мысалы, сіз ағылшын тілі мен Р.Хаммондтың «Күштің сыры неде? Қызықты физика» кітабын оқымақшысыз. Сіздің назарыңыз романда болады. Себебі ол грамматика, лексика ережелеріне қарағанда сіз үшін қызықты. Грамматика, лексика ережелерін оқу ерік күшті салып, ырықты зейін көмегімен мүмкін болады.


– Қалай ойлайсыз, егер біздің зейініміз үнемі ырықты болса, бізге қалай әсер етер еді? (Оқушылардың пікірі тыңдалады).
Түйін. Ырықсыз зейін бізге қоршаған әлемде бағдарлануымыз үшін қажет. Ырықсыз зейiн физиологиялық тұрғыдан барлау рефлексiнiң жемiсi болып табылады.

Адамның ырықты зейiнi әрекеттi саналы түрде белгiлi ерiк күшiн жұмсау арқылы орындалуынан көрiнедi. Ырықты зейiнде белгiлi бiр мақсат қойып, объектiге ерекше зер салып отыру көзделедi

Үйреншікті зейін терминін орыс психологы Н.Ф.Добрынин ғылымға енгізді. Мысалы, орыс әдебиеті пәнінен реферат жазуға амалсыздан кірістіңіз. Ойыңызды шоғырландыру қиынға соқты, алайда біртіндеп сізге қызықты тақырыптың түскендігі анықталып, енді сізді ешқандай достарыңыздың соққан телефон қоңыраулары, теледидар бағдарламалары жұмыстан бас көтеруге кедергі болмайды.

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)




Студенттер зейін жөніндегі ақпаратпен танысып, өз ойларын ортаға салады. Қосымша мәліметтер алады, білімдерін толықтырады.

Тақырып бойынша мәліметтерді дәптерлеріне түсіріп отырады.

Зейiн дегенiмiз - айналадағы объектiлердiң iшiнен керектiсiн бөлiп алып, соған психикалық әрекетiмiздi тұрақтата алу.

Зейiннiң физиологиялық негiздерiн И. П. Павлов ашқан жүйке процестерiнiң өзара индукция заңына байланысты және орыс физиологы, академик А. А. Ухтомскийдiң (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсiнуге болады. Зейiн əрекетiнiң физиологиялық көрiнiсiн түсiнуде Ч. Шеррингтон ғылыми дəлелдеп, кейiн И. П. Павлов кең қолданған жүйке процестерiнiң индукция заңы үлкен маңызға ие.



Ырықсыз зейiннiң көрiнуiне төмендегi жағдайлар себеп болады:

а) күштi тiтiркендiргiштер (көздi аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иiс т. б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы

ә) адамның сыртқы дүниедегi объектiлерге қатынас жасауының дәрежесi (қызығу, қажетсiну, көңiл күйiнiң хош болуы).



Зейін түрлері:



Сыртқа бағытталған зейін –тысқы ортадағы мәнді заттар мен олардың маңызды тұстарын бөліп қарастыруға жұмсалады. Сыртқа бағытталған зейін адамның перцептивті қызметінде және заттық әрекетті басқаруда көрінеді.

Ішке бағдарланған зейін –психиканың өз қорындағы ниетті нысандарды бөліп алу қызметін атқарады. Ішке бағытталған зейіннің обьектісі - сезімдер, естеліктер, ойлар. Ұжымдық зейін — барлық оқушылардың бір пәнге (затқа, құбылысқа) зейін аударуы.

Топтық зейін — ұжым жағдайындағы жұмыста топ болып зейінді шоғырландыру.

Жекелік зейін — өз тапсырмасына зейін аудару. Ол өзбетті тапсырмаларды орындағанда, бақылау жұмыстарын орындағанда т.б. пайда болады.


Айтылған ақпаратттарды мұқият тыңдау арқылы өзіндік пікір қалыптастырады. Өз білімдерін толықтырады. Өз ойларын талдап түсіндіруге мүмкіндік алады.



Айналадағы объектiлердiң iшiнен керектiсiн бөлiп алып, соған психикалық әрекетiмiздi тұрақтата алу құбылысын – зейін деп атайтындығын, зейiннiң физиологиялық негiздерiн И. П. Павлов ашқан жүйке процестерiнiң өзара индукция заңына байланысты және орыс физиологы, академик А. А. Ухтомскийдiң (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсiнуге болатындығын, адамдардың зейiнi ырықты, ырықсыз және үйреншiктi болып үшке бөлінетіндігін, одан басқа зейін сыртқа бағытталған зейін, ішке бағдарланған зейін, ұжымдық, топтық және жекелік зейін болып ажыратылатынын, ырықсыз зейiннiң көрiнуiне себеп болатын жағдайларды, зейіннің түрлі бұзылыстарын біледі.






Зейіннің негізгі қасиеттеріне: тұрақтылығы, аударылуы, бөлінушілігі, көлемі, алаңболушылығы жататындығын гипермәтін көмегімен түсіндіреді.

Зейіннің негізгі қасиеттері:

  • тұрақтылығы

  • аударылуы

  • бөлінушілігі

  • көлемі

  • алаңболушылығы

Зейіннің негізгі қасиеттерін: тұрақтылығы, аударылуы, бөлінушілігі, көлемі, алаңболушылығына сипаттама беру арқылы меңгереді.



Зейіннің жоғарғы формасының қалыптасуы екі бағытта қарастырылады:

  • Зейінді тәрбиелеу (Т.Рибо, Н.Ф.Добрынин)

  • Ақыл-ой әрекетінің талап етілген сипаттамаға қарай ұмтылуы (П.Я.Гальперин, Л.С.Выготский).





Зейіннің даму динамикасы:

  • 1-3 жастағы баланың зейіні;

  • Мектепке дейінгі жастағы балалардың зейіні;

  • Бастауыш мектеп жасындағылардың зейіні;

  • Жеткіншек (5-9 сыныптар) жастағы оқушылардың зейіні;

  • Ересек жастағы (9-11 сыныптар) оқушылардың зейіні;

  • Орта жастағы адамның зейіні;

  • Егде жастағы адамның зейіні.

Егде жастағы зейіннің өзгерісі бірнеше себепке байланысты қарастырылады.

І-ден, қоршаған ортадан түсіп отыратын әсерлердің бас миында өңделуі жалпы баяулайды.

ІІ-ден, әрекетті реттеп отыратын бас миындағы маңдай тамырының қызметінің әлсіреуі.

ІІІ-ден, өзекті болған керек ақпаратты ұстап тұруға қажетті жұмыстық есте сақтау көлемінің азаюы.

ІV-ден, тежелу функциясының бұзылуы немесе санаға керек емес ақпараттардың кіруіне кедергі келтіру.

V-ден, кәрілік кезде зейіннің бұзылуы – есту, көру, моторлық координацияның шартты түрде нашарлауы заңдылық.



Зейіннің жоғарғы формасының қалыптасуы екі бағытта қарастырылатындығын;

1-3 жастағы баланың зейіні, мектепке дейінгі жастағы балалардың зейіні, бастауыш мектеп жасындағылардың зейіні, жеткіншек (5-9 сыныптар) жастағы оқушылардың зейіні, ересек жастағы (9-11 сыныптар) оқушылардың зейіні, орта жастағы адамның зейіні, егде жастағы адамның зейінінің даму динамикасын, егде жастағы зейіннің өзгеріс себептерін біледі.




IV. Жаңа білімді бекіту


Ой толғаныс

Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін топ студенттеріне жаңа тақырып туралы білімдерін тексеру мақсатында практикалық тапсырмалар беріледі.



Тапсырма №1. Зейін түрлеріне салыстырмалы сипаттама бер.



Сабақ барысында алған білімдерін пайдаланып, практикалық тапсырмаларды орындайды.
Зейін түрлеріне және олардың пайда болу жағдайларына, негізгі ерекшеліктеріне, механизмдеріне сипаттама береді.

Студенттерде зейін оның түрлері, қасиеттері жайлы теориялық білім қалыптасып, ой тереңдетіледі.
Зейіннің ырықты, ырықсыз, үйреншікті түрлерін, олардың пайда болу жағдайларын, негізгі ерекшеліктерін, механизмдерін біледі.




Тапсырма №2. Зейіннің қандай түрлері мен қасиеттері келесі жағдаяттарда көрініс беретіндігін анықтаңыз.



Зейіннің қандай түрлері мен қасиеттері келесі жағдаяттарда көрініс беретіндігіне сипаттама береді.



Жағдаяттарды шешу арқылы зейіннің ырықты, ырықсыз, үйреншікті түрлері мен қасиеттерін ажырата біледі.



Тапсырма №3: Зейін аударудың қандай тәсілдері келесі жағдаяттарда қолданылғанын анықтаңыз.



Зейін аударудың қандай тәсілдері келесі жағдаяттарда қолданылғанын анықтап, дұрыс шешім табады.



Зейін аудару үшін қажет тәсілдерді (қайталау, жаңалығы, қарқындылықтың өзгерісі т.б.) білу арқылы жағдаяттардың шешімін табуға үйренеді.

Топтарға логикалық тапсырма

Қарандашты қағаздан алмастан 16 нүктені 6 сызықпен, 25 нүктені 8 сызықпен біріктіріңіз.


Берілген тапсырманы орындарынан жеке-жеке және тақтада орындайды.


Топтық тапсырмаға кіріспес бұрын ой сергіту мақсатында өткізілген логикалық тапсырманы орындау арқылы өз ойын жинақтайды.

1 топ: Мектеп жасына дейінгі балалар



Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінін анықтауға арналған әдістемелермен таныстыруға нұсқау береді.


«Тауып алып, сыз» әдістемесі

Бұл әдістемедегі тапсырмалардың мазмұны зейіннің өнімділігі мен тұрақтылығын анықтауға бағытталған. Балаға 6 сурет көрсетіледі. Онда кездейсоқ тәртіппен қарапайым фигуралар: саңырауқұлақ, үйшік, шелек, доп, гүл, жалауша бейнеленген. Зерттеу басталмастан бұрын балаға нұсқау беріледі.

Нәтижелерді өңдеу мен бағалауда баланың 2,5 мин ішінде яғни барлық тапсырманы орындау уақытында суреттегі заттардың саны анықталып, сондай-ақ әрбір 30секундтық интервал бөлек қарастырылады.

S=0,5N-2,8n/t

S-зерттеуші баланың зейінінің өнімділік және тұрақтылық көрсеткіші.

N-баланың жұмыстану уақытында қараған суреттегі бейнелердің саны.

T-жұмыс уақыты.

n-жұмыстану уақытында жіберілген қателіктер саны.

10 балл – баланың S көрсеткіші 1,25 баллдан жоғары болса;

8-9 балл – баланың S көрсеткіші 1 мен 1,25 балл аралығында болса;

6-7 балл – S көрсеткіші 0,75 пен 1 балл аралығында болса;

4-5 балл – S көрсеткіші 0,50-ден 0,75 балл аралығында болса;

2-3 балл – S көрсеткіші 0,24-тен 0,50 балл аралығында болса;

0-1 балл – S көрсеткіші 0-ден 0,2 балл аралығында болса беріледі.



Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінін анықтауға арналған «Тауып алып, сыз» әдістемесінің жүргізілу барысын, интерпретациясын біледі. Әдістеме нәтижесі мен даму көрсеткішін анықтауды үйренеді.
Даму деңгейі бойынша қортынды

10 балл – зейін өнімділігі өте жоғары, зейін тұрақтылығы өте жоғары.

8-9 балл – зейін өнімділігі, зейін тұрақтылығы жоғары.

4-7 балл – зейін өнімділігі, зейін тұрақтылығы орташа.

2-3 балл – зейін өнімділігі, зейін тұрақтылығы төмен.

0-1 балл – зейін өнімділігі, зейін тұрақтылығы өте төмен.




2-топ: Кіші мектеп жасындағы балалар






Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін анықтауға арналған әдістемелермен таныстыруға нұсқау береді.


Пьерон-Рузердің әдістемесі

Бұл әдістеме зейіннің тұрақтылығы және оның бөлінушілігін анықтауға арналған. Әдістеме 5,5 жастан 8-9 жасқа дейінгі балларға қолданылады.

Бланкінің жоғары бөлігіндегі геометриялық фигуралар шартты белгілермен(нүкте, сызықша, вертикалды сызық) белгіленеді, бала оларды ұсынылған бланкіге толтыруы керек.

Өткізу барысы

Баланың алдына таза бланкі беріледі. Тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі. Зерттеуші секундомермен баланың 1 минут ішінде белгілеген белгілерінің саны тіркеледі.

Алынған нәтижелер формулаға енгізіледі, бұл арқылы балада бір мезгілде зейіннің 2 сапасы: өнімділігі мен тұрақтылығының даму деңгейінің жалпы көрсеткіші анықталады:

S=0,5N-2,8n/t

S-зерттеуші баланың зейінінің өнімділік және тұрақтылық көрсеткіші.

N-баланың жұмыстану уақытында қараған суреттегі бейнелердің саны.

T-жұмыс уақыты.

n-жұмыстану уақытында жіберілген қателіктер сан


Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін анықтауға арналған «Пьерон-Рузердің әдістемесінің» жүргізілу барысын, интерпретациясын біледі. Әдістеме нәтижесі мен даму көрсеткішін анықтауды үйренеді.
Даму деңгейі бойынша қортынды

10 балл – зейін өнімділігі өте жоғары, зейін тұрақтылығы өте жоғары.

8-9 балл – зейін өнімділігі, зейін тұрақтылығы жоғары.

4-7 балл – зейін өнімділігі, зейін тұрақтылығы орташа.

2-3 балл – зейін өнімділігі, зейін тұрақтылығы төмен.

0-1 балл – зейін өнімділігі, зейін тұрақтылығы өте төмен.




3-топ: Жеткіншек жасындағы балалар



Жеткіншек жасындағы балалардың зейінін анықтауға арналған әдістемелермен таныстыруға нұсқау береді.
б к ү н в т р г щ о ц э а у д а н з г у ч ж а ң а л ы қ ъ х э ь г ч я ф а к т ь у е м т и х а н т р о ч я г щ ш г ц к п п р о к у р о р г у р с е ь у к а б е а т е о р и я ж е б ь а м ф и з и к а т р о и ц а ф ц у г а т т е л е д и д а р б о л д ж щ з э г щ ь б е с ш о г х е ю ж и п д р г щ х щ н з д з е й і н й ц у к е н д ш из л д б қ а б ы л д а у а б ф ь т р п л о с а х н а л д с п е к т л ь я ч с и н т ь б ю е қ у а н ы ш в у ф ц и е ж ц д о р р п х а л ы қ ш а д ь х э п п ц г и е р н к у ы ф й ш р е п о р т а ж э к ж д о р л а ф ь в ю ф б ь к о н к у р с й ф н я ч ь г у з с т ұ л ғ а л и ч н о т ь з ж э ь е ю д ш щ г л о д ж я н э ц р ж ү з у д т л ж э з б ь т н п р к ы в к о м е д и я ш л д к ө ң і л ф о т ч а я и е й ф р л н ь я ч в т л д ж э х ь г ф т а с е н л а б о р а т о р и я г щ д щ н р у ц т р г щ ч т л р н е г і з в а н и е з х ж ь б щ д э р к е н т а о п р у к г в с м т р п с и х и а т р и я б п л м с т ч ь й ф я с щ з а э д о с м ъ я г н т з х

МЮНСТЕНБЕРГ ӘДІСТЕМЕСІ

Зейіннің таңдамалылық қасиетін анықтауға бағытталған. Зейіннің таңдамалылығын, шоғырланушылығын, сондай-ақ жоғары деңгейдегі зейін тұрақтылығын қажет ететін мамандықтарға кәсіби іріктеу жүргізу барысында қолдануға болады.

Нұсқау: әріптер мәтінінің арасында сөздер бар. Сіздің міндетіңіз осы мәтіннен сөздерді тез тауып, белгілеу.

Жұмыс уақыты — 2 минут.



Мысалы: рюклбюқуанышуфркнп

Әдістеме топтық және жекелей қолданылуы мүмкін. Белгіленген сөздер саны мен қателіктер саны бағаланады (тасталып кеткен және дұрыс белгіленбеген сөздер).



Нәтижелерді талдау

Мәтінде барлығы 25 сөз: күн, аудан, жаңалық, факт, емтихан, прокурор, теория, физика, теледидар, бес, зейін, қабылдау, сахна, қуаныш, халық, репортаж, конкурс, тұлға, жүзу, комедия, көңіл, лаборатория, негіз, психиатрия, дос.

Әрбір тасталып кеткен сөз үшін 1 балл шегеріледі.


Жеткіншек жасындағы балалардың зейінін анықтауға арналған «МЮНСТЕНБЕРГ әдістемесінің» жүргізілу барысын, интерпретациясын біледі. Әдістеме нәтижесі мен даму көрсеткішін анықтауды үйренеді.

Даму деңгейі бойынша қортынды

Уақыт ( с)


Ұпай


Зейін таңдамалылығының деңгейі

250 –ден жоғары

240-249


230-239

220-229


210-219

200-209


190-199

180-189


170-179

160-169


150-159

140-149


130-139

120-129


110-119

100-109


90-99

80-89


70-79

60-69 19

60-тан төмен

0

1



2

3

4



5

6

7



8

9

10



11

12


13

14


15

16


17

18


19

20

І төмен

І төмен


І төмен

І төмен


І төмен

І төмен


І төмен

II орташа

II орташа

II орташа

ІІ орташа

II орташа

II орташа

II орташа

III жоғары

III жоғары

III жоғары

III жоғары

III жоғары

III жоғары

IV өте жоғары





4-топ: Жоғары сынып оқушылары


Жоғары сынып оқушыларының зейінін анықтауға арналған әдістемелермен таныстыруға нұсқау береді.


Стимулды материал

16

37

98

29

54

80

92

46

59

35

43

21

8

40

2

65

84

99

7

77

13

67

69

34

18




«САНДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ» ӘДІСТЕМЕСІ

Әдістеме ырықты зейінді бағалауға арналған. Зейін қызметінің жоғары деңгейін қажет ететін мамандықтарға іріктеуде қолдануға болады.



Нұсқау: 2 минут аралығында бос торкөздерге жоғарыдағы квадрат бланкі торкөздеріндегі 25 санды өсу ретімен орналастыруың қажет. Сандар бланкінің жолдарына жазылады, бірақ жоғарыдағы торкөздерге белгі қоюға болмайды. Бағалау дұрыс жазылған сандардың саны бойынша жүргізіледі. Орташа норма — 22 сан және жоғары.

Бланк














































































Жоғары сынып оқушыларының зейінін анықтауға арналған «САНДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ» әдістемесінің жүргізілу барысын, интерпретациясын біледі. Әдістеме нәтижесі мен даму көрсеткішін анықтауды үйренеді.




5-топ: Ересек адамдар



Ересектердің зейінін анықтауға арналған әдістемелермен таныстыруға нұсқау береді.



«КОРРЕКТУРАЛЫҚ СЫНАҚ» ӘДІСТЕМЕСІ

(Әріптік нұсқасы)

Зерттелушіге 40 қатардағы 40 түрлі әріптері бар бланк беріледі. Зерттелушілерге әрбір қатарға белгілі бір әріпті белгілеуі тиіс. Жұмыс максималды дәлділікті талап етеді. Жұмыс уақыты — 5 минут.

Нұсқау: Бланкінің бірінші қатарына әріптер қатарын белгілеп алыңыз. Сіздің міндетіңіз осындай әріптерді басқа қатарлардан да тауып, белгілеу. Тез және дәл белгілеуің қажет.

Мысалы: Е К Р Н С О

Зейін көлемі қаралған әріптер санымен, концентрация — жіберілген қателіктер санымен бағаланады. Осылайшы, зейіннің екі көрсеткіші анықталады. Зейін көлемінің нормасы— 850 белгіден жоғары, концентрация — 5 қателіктен кем.


Ересектердің зейінін анықтауға арналған «КОРРЕКТУРАЛЫҚ СЫНАҚ» әдістемесінің жүргізілу барысын, интерпретациясын біледі. Әдістеме нәтижесі мен даму көрсеткішін анықтауды үйренеді.






Зейінді дамытуға арналған жаттығуларды түсіндіріп, жүргізілу барысымен таныстырады.


«Не өзгерді?», «Суретті сал», «Үлгі бойынша орналастыр», «Жасырылған», «Қайталанған», «Шатастырылған» сөздерді тап, «Сандарды реті бойынша тап» секілді жаттығуларды орындайды.


Зейінді дамытуға арналған «Не өзгерді?», «Суретті сал», «Үлгі бойынша орналастыр», «Жасырылған», «Қайталанған», «Шатастырылған» сөздерді тап, «Сандарды реті бойынша тап» секілді жаттығуларды біледі.



Ү. Рефлексия.



Оқытушы студенттерге рефлексиялық кесте ұсынады. Студенттер бүгінгі сабаққа қатысу деңгейін өзін-өзі бағалау арқылы бағалайды

Тобы:

Студенттің аты-жөні:




Өзіңді 3 баллдық шкала бойынша келесі критерийлермен бағала.

1

2

3

Мен «зейін» анықтамасын құрастырып айта аламын

 

 

 

Мен әрбір зейін түріне сипаттама бере аламын

 

 

 

Оқу процесінде зейінді тұрақтатуға, дамытуға арналған жаттығуларды өткізе аламын

 


 

 

Мен зейіннің жас ерекшеліктеріне сәйкес дамуын анықтайтын әдістемелермен жұмыстана аламын

 

 

 

Мен сабаққа белсенді қатыстым.

 

 

 

Менің ұпайым:

 

 

 




Өздерінің іс - әрекеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді, өз қызметіндегі қызығушылығын анықтайды.

ҮІ. Бағалау. Қорытындылау

Оқытушының бағалауы және сарапшылардың бағалауы. Студенттер бүгінгі сабаққа қатысулары бойынша бағаланады


Бақылаушы – бүгінгі сабақтың барысы, оқушылардың қатысуы; сынаушы – сабақта жіберілген кемшіліктер; жақтаушы – сабақтың жақсы, қызықты жақтарын айтады. Топ студенттері өз әрекетін өзін - өзі бағалау арқылы бағалайды.

Өздерінің және өзге студенттердің іс - әрекеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді, өз қызметіндегі қызығушылығын анықтайды.

ҮІІ. Үйге тапсырма

Зейін туралы білімдерін толықтырып, жаңа ақпарат көздерімен танысу, қосымша материалдар жинақтау. Шығармашылық тапсырма тақырыбы:  «Серіктесіңнің зейінін қалай аударуға болады?»

Студенттер бүгінгі сабақ материалымен толықтай танысады және қосымша ақпарат көздерінен, психологиялық оқулықтардан ақпараттар жинайды.

Басқа психологиялық әдебиеттер, қосымша ақпарат көздері бойынша қосымша ақпаратпен танысады.

ҮІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Қ. Жарықбаев. Психология.

2. К.С.Жұмасова, Психология.



3. У.Джунусова. Зейіннің жас ерекшелігіне байланысты дамуы./Педагогика мәселелері. – 2011.-№2.-36 б.

1. Қ. Жарықбаев. Психология.

2.К.С.Жұмасова, Психология. А-2006




Тапсырмаларды орындау үшін қосымша әдебиеттер қолданады.

Каталог: old -> images -> M images -> ashik sabak
ashik sabak -> Сабақтың тақырыбы: Морфология. Сөз тұлғасы Мақсат-міндеттері а ақпараттық құзыреттілік
ashik sabak -> Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқу Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері
ashik sabak -> Сабақ жоспары. Оқытушы: А. Б. Журекенова Орал -2014
ashik sabak -> Сабақтың тақырыбы: Микроағзалар селекциясы. Биотехнология
ashik sabak -> Сабақтың тақырыбы: Әдептілік, әділдік Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері
ashik sabak -> Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев. «Табиғат лирикасы»
ashik sabak -> Тєрбие саѓатыныњ жоспары
ashik sabak -> Г. А. Жолдасова «Бекітемін» Бейнелеу өнері және технология кафедрасының меңгерушісі Н. А. Хамзин «Бекітемін» Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ш. С. Набидоллина. Сабақ
ashik sabak -> Сабақтың тақырыбы Теңдеулерді шешуде тригонометриялық алмастыруды қолдану


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет